Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Внеклассная работа на тему «Отбасым-мақтанышым»

Внеклассная работа на тему «Отбасым-мақтанышым»


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Еримбетова Назира

Сабақ тақырыбы:  Отбасым - мақтанышым


Сабақ мақсаты:

       «Шежіре» сөзінің мағынасын ұғындыру, олардың тіл байлығын молайту, ойлау қабілетін арттыру.Адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

 Сіздер отбасы туралы қандай мақал білесіңдер?

  1. Ата-асқар тау,
    Ана-бауырындағы бұлақ
    Бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ана-отбасының ұйтқысы,
    Әке-шаңырақ иесі.

  3. Ата-балаға сыншы.

  4. Әкеден ақыл,
    Анадан мейір.

  5. Ақылды қария,
    Ағып жатқан дария.

  6. Ағайын алтау,
    Ана біреу.

  7. Балалы үй базар,
    Баласыз үй қу мазар.

  8. Баланың ұяты әкеге,
    Қыздың ұяты шешеге.

Әке, Ана, бала-бәрі бірігіп жанұяны құрайды. Оны жанұя деп атаймыз. Арқамызды тірер асқар тау-әкеміз,қорғаныш, сүйінішіміз болар анамыздан және сендер сияқты балалардан басқа жанұяда тағы кімдер болады?

— Туыстар болады.

Олар кімдер?

Қарт ата, қарт әже, ата, әже, аға,іні, апа,қарындас т.б.

 

  1. Әке-балалы болған ер адам

  2. Бала-ата-ананың перзенті, ұрпағы

  3. Баласының баласы- немере

  4. Немеренің баласы-  шөбере

  5. Шөберенің баласы — шөпшек

  6. Ал шөпшектің баласы- немене

  7. Туажат-неменеден туған бала

  8. Жүрежат-туажаттан туған бала

  9. Жегжат-жүрежаттан туған бала

  10. Жұрағат-жегжаттан туған бала

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Менің отбасым тақырыбында әңгіме жазу.

 V. Қорытындылау.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

 




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров140
Номер материала ДВ-087146
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх