Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Внеклассная работа по физике "Физика - біздің айналамызда" (7-9 класс)
Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение на курсах повышения квалификации прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40%. По окончании курсов Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Открыт приём заявок на новые курсы повышения квалификации:

- «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков» (108 часов)

- «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС» (72 часа)

- «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО» (108 часов)

- «Профориентация школьников: психология и выбор профессии» (108 часов)

- «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе» (72 часа)

- «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации» (108 часов)

- «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)» (72 часа)

- «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС» (108 часов)

- «Специфика преподавания русского языка как иностранного» (108 часов)

- «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО» (108 часов)

- «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов» (36 часов)

- «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку» (72 часа)

- «Организация маркетинга в туризме» (72 часа)

Также представляем Вашему вниманию новый курс переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту» (300/600 часов, присваиваемая квалификация: Тренер-преподаватель).

Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Внеклассная работа по физике "Физика - біздің айналамызда" (7-9 класс)

библиотека
материалов

«Физика- біздің айналамызда»

Құрметті оқушылар, ұстаздар!

Бүгін біз ИФМ апталығының бесінші күнінде 7-8 және 9 сыныптар арасында «Физика – біздің айналамызда» деген тақырыппен кешімізді бастағалы отырмыз. Кешке қош келдіңіздер. Алдымен үш топты ортаға шақырып танысып алайық. Әділқазылар алқасымен таныстыру. Кеш жоспарымен таныстыру

Физика-ол менің үйімде,

Физика-мақал мен мәтелде,

Физика тілімен дәлелде!

Физика-жұмбақ пен әзілде,

Физика-ақынның тілінде

Физика-жерімде, көгімде

Осының бәрін сен дәлелде!

-дей отыра осы кешіміз де жоғарда айтылған өлең жолдарының бөлімдерімен аталады.

І бөлім «Физика-ол менің үйімде»

Тапсырма: Үш топқа тапсырма беріледі.

Үйдегі физикалық құбылыстары негізделген құбылыстарға мысалдар келтіру.

ІІ бөлім «Физика мақал мен мәтелде»

Мұғалім: «Тыңдамаса сөз жетім дегендей» біздің шешен де дана ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер қалдырған екен. Сол мақал-мәтелдердің мағынасын физикалық құбылыстарға негізделе отырып түсіндіру.

Әр топқа 5 мақал. Әр жауап 5 ұпай

І топ. Гук тобы(7 кл)

  1. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/

  2. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/

  3. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/

  4. Тасты тауға сүйрейді, ал төмен ол өзі құлайды (Үйкеліс күші).

5. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/


ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)

  1. Ас - адамның арқауы. /Энергия/

  2. Қол жұмылмай - жылынбайды. /Жылу берілу/

  3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» (кебу)

  4. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)

  5. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/

ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)
1. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. /Диффузия/
2. «Аузы күйген үрлеп ішеді» (кебу)

3. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» (конденсация)

4. Қисық ағаштың көлеңкесіде қисық (жарықтың түзу сызықпен таралуы).

5. Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды (күш, әрекет)


ІІІ бөлім «Физика тілімен дәлелде!»

Тапсырма: Әр топқа қазақша сөздер оқылады. Сол сөзді физикалық терминдермен қай тілде айтылғанын айтады. Әр топқа 10 сұрақ. Әр жауап -5 ұпай.

І топ. Гук тобы(7 кл)


  1. « динамис» - күш грек сөзі 

  2. «жайылу, таралу» -диффузия латын сөзі

  3. «болжам» - гипотеза  грек сөзі

  4. « 1000 есе» - кило    грек сөзі 

  5. «күн» - гелиос грек сөзі

  6. «табиғат» - фюзис грек сөзі

  7. «ғарыш»- космос грек сөзі

  8. «бөлінбейтін»-атомос грек сөзі

  9. «қыдырма» - планета грек сөзі

  10. «өзгеру» -деформация латын сөзі

ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)

  1. « тасымалдау» - Конвекция  латын сөзі

  2. « электр» - электрон, эбонит грек сөзі

  3. « электрді көремін» - Электроскоп грек сөзі

  4. «жылу»- термо грек сөзі

  5. «араласу» - конвекция латын сөзі

  6. «қарапайым» - элементар латын сөзі

  7. «кішкене» -микро грек сөзі

  8. «кішкенте планеталар» - астероидтар грек сөзі

  9. «сирек, тығыз емес»- манос грек сөзі

  10. «жан-жануарлар дөңгелегі» - зодиакос куклос грек сөзі

ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)

  1. «барлық дене» - материя грек сөзі

  2. «қосу»- аддитивті латын сөзі

  3. «тұрақты» -конст

  4. «ауырлық» - гравитация латын сөзі

  5. «соққы» -импульс грек сөзі

  6. «дыбыс» - акустика грек сөзі

  7. «қозғалыс»-кинетикос грек сөзі

  8. «бағыттау» -индукция латын тілі

  9. «дұрыс емес», «теріс» - негативос

  10. «ыдырау» -диссоциация грек сөзі




ІV бөлім «Физика-жұмбақ пен әзілде»

Тапсырма: Әр топқа 6 жұмбақ, 5 әзіл оқылады. Әр жауап -5 ұпай.

І топ. Гук тобы(7 кл)

  1. Түсі бар көрінбейтін

Бір тұтас білінбейтін

Тынысы бар тіршіліктен

Ешқашан жүрмейтін. (ауа)

2. Өзі затты құрайды
Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

3. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. (Көлеңке)

4. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

6. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)

ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)

1.Таңертең бар кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас. (шық)

  1. Көтерілсе жоғары
    Ерітер мұхит мұздарды
    Төмен түссе шамалы
    Сездірер суық ызғарды (температура)

  2. Аса қажет өмірге халық үшін,
    Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

  3. Электр энергиясын өндіретін,
    Үйіңе жарық ендіретін,
    Ротор стартордан құрылымы,
    Кім айтады мұндай құрылғыны? ( Генетатор)

  4. Туыстарын шетінен,
    Өбеді де бетінен.
    Бала - шаға ұсағын,
    Бауырына қысады. ( магнит)

  5. Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс. (қырау)


ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)
1. Жоғарламайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан (энергия)
2. Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді (күш)
3. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)

4. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)

5. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. ( кемпірқосақ )

6. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

Әзіл сұрақтар
І топ. Гук тобы(7 кл)

  1. И. Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма).

  2. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )

  3. Көзі қырағы,жанған жарықта алыстан көреді.

Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт , Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді . Жердегі ең ақылды кім? ( адам)

  1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? ( Сәулесін судан көргенде)

  2. Ыстық нан ауырма, суыған нан ауырма? (суыған нан ауыр)

ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)

  1. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды?( Электр зарядының бірлігі – Кулонды)

  2. Қандай өріске мал жаюға болмайды?( Электрлік және магниттік өріс)

  3. Қандай торға қамауға болмайды? ( Кристалдық торға)

  4. Қалайша жұмыртқа 3 метрге ұшып жарылмауы мүмкін? (Жұмыртқаны 4 метрге лақтырса одна алғашқы 3 метрде жарылмайды)

  5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)

ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)

1. Қандай сақинаны тағуға болмайды?(Сатурн сақинасы)

2. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы?( Нобель сыйлығы)

3. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды? (Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым)

4. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

5. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)


V бөлім «Физика-ақынның тілінде»

Тапсырма: Оқушыларға физика жайлы лирикалық өлеңдерді ақын образына, өз мәнеріне келтіріп оқу.

І топ. Гук тобы(7 кл)

  1. Физика!
    Физика ғылым болғалы,
    Пайдасын елге тигізді:
    Машина, темір арбаны,

Алысқа жылдам жүргізді.

2. Жарық қып жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты.

Шөліркеген далаңды,
Су жеткізіп жайнатты.

3. Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанды үйінде,
Сыйғызып көк қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінде

4. Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет,

Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!

5. Жатқанда алма ағаш қасында,
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге,

Тартылыс күші сөйтіп ашылған.

6. Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық.

Физика құрметтеуге лайық.

ІІ топ. Кулон тобы(8 кл)

  1. Физика!
    Ғылымдардың нақтысы,
    Жалқаулықты сүймейтін,
    Оңайлықпен бас имейтін,
    Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
    Жалпылауды білмейтін
    Пәннің қиын да жақсысы!

  2. Физика!
    Оның қиындығы сонда,
    Ұстауға келмейтін қолға,
    Көрінбейтін көзге торға,
    Бөлшектерді іліп,
    Санайтынын қайтерсің,

Ол, ол ма?
Исі жоқ, ізі жоқ,
Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Өріспен
Қуалап салар жолға!

  1. Физика!
    Өте ұсақ пен алыпты,
    Мұнай мен жарықты,
    Пайдаланып,
    Не бір техникаға жарытты.
    Тұрмысты жеңілдетіп,
    Қиындықтан арылтты.
    Жасай бер жаса физика!
    Оқумен сені қызыға,
    Көп сырға жаным қанықты.

ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)


  1. Шытырман физика есебін,
    Көп оқып, көп білген шешеді.
    Физика үйіңде, тұрмыста,

Неліктен жауады қар қыста?

2. Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады?
Қане кім жауабын табады?

3. Күн нұры қайтіп ток болады
Ток қалай мұз жасай алады
Тауықсыз балапан баса алған
Бұл ғажап физиктер жасаған!

4. Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған

5. Жол салып көкті тілгілеп,
Шарлады айды, марсты.
Физиканы оқы білгің кеп,
Тұрса егер ғажап алысты.

6. Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі,
Физика қоршаған жан - жағың,
Бәрінен құр босқа қалмағын!

7. Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.


VІ бөлім «Физика-көгімде, жерімде»

Тапсырма: Әр топқа 10 сұрақтан оқылады.


І топ. Гук тобы (7 кл)

  1. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал? (телескоп)

  2. Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)

  3. Дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі? (деформация)

  4. Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т Әубәкіров)

  5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама?(күш)

  6. Еркін түсу үдеуінің сан мәні неге тең? (9,8 м/с2 )

  7. Жолдың жылдамдыққа қатынасы? (уақыт)

  8. Деформацияланған денелер үшін орындалатын кімнің заңы? (Роберт Гук)

  9. Температураның өлшем бірлігі? (градус)

  10. Дененің көлемін өлшейтін құрал? (мензурка)

  11. Физика сөзі қай тілден шыққан (грек - табиғат)

  12. Пішіні мен көлемін сақтамайды? (газ)

  13. Табиғи жарық көзі? (күн)

  14. Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)

  15. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. (Паскаль заңы )

ІІ топ. Кулон тобы (9 кл)

  1. Ең кішкентай заряд? (электрон)

  2. электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)

  3. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)

  4. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

  5. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)

  6. Зарядтың уақытқа қатынасы (ток күші)

  7. Ом заңының формуласы (I=U/R)

  8. Заттың қатты күйден сұйыққа өту құбылысы /балқу/

  9. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі / Джоуль/

  10. Жылу алмасусыз жүретін процесс (адиабаталық)

  11. Қандай денелерде конвекция болады? (сұйық, газ)

  12. Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшін анықтаған кім? (Шарль Кулон)

  13. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы қалай аталады? (электр тогы)

  14. Ток күшінің кернеумен кедергіге тәуелділік заңын кім және қай жылы ашты? (Геогр Ом, 1827 ж)

  15. Сұйықтың бетінде жүретін булану қалай аталады? (кебу)

ІІІ топ. Ньютон тобы (9 кл)

  1. Импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)

  2. Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)

  3. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)

4. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)

5. Динамика заңдарының негізін қалаған кім? ( Ньютон)

6.Физиктер : « ... – заңын білмесең, үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы айтқан? ( Ом заңы)

7. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)

8. Қандай ортада денелер бірдей уақытта құлайды? (ауасыз кеңістікте)

9. И.Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын қай жылы ашты? (1687ж)

10. Тербелмелі қозғалыстардың графигі қандай болады? (ирек)

11. Созылмайтын салмақсыз ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды қалай атайды? (математикалық маятник)

12. Толқын кезінде не тасымалданады? (бөлшектер емес, энергия)

13. Толқын ұзындығын қандай әріппен белгілейді? ()

14. Дельфин мен жарқанаттардың қабылдайтын дыбыстар қалай аталады? (ультрадыбыстар)

15. Камертон қандай нотаға сәйкес дыбыс шығарады? (ля)



Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- деген сөзімен қортындылағым келіп тұр.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-382142

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"