Инфоурок Информатика Другие методич. материалыВнеклассная работа по информатике "Информатика алғырлар" (5-6 класс)

Внеклассная работа по информатике "Информатика алғырлар" (5-6 класс)

Скачать материал

Жарық негізгі мектебі

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН:________________

Мектеп директоры Д.И.Ахметов

 

 

 

МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН

"МАТЕМАТИКА 
ШАҺАРЫНА САЯХАТ" ТЫС ШАРА:

 

 

 

 

Өткізген:

Математика  пәнінің мұғалімі

КАРАСАЕВА Д.С.

 

 

 

 

 

2013-2014  оқу жылы

Күні: 02.04.2014 жыл

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Информатика алғырлары»

Мақсаты:

1. информатика пәніне байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайдтар, тат ақырыптық тапсырмалар  жиынтығы

Қатысатындар: 7 - 9 сынып оқушылары (әр сыныптан 2 оқушыдан)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 7-9 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

 «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие

құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойынымызға әр сыныптың

алғылары мен білімді оқушылары келіп отыр. Олай болса таныс болайық.

1-    топ «Монитор» тобы (7 кл)

2-    топ «Принтер» тобы (8 кл)

3-    топ «Сканер» тобы (9 кл)

 

І-жүргізуші:       

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманың! - дей отырып бүгінгі сайысымыздың  кезеңдерімен таныс болайық.

 

Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден» - сұрақ –жауап сайысы. (Әр топқа 20

сұрақтан оқылады. Әр жауап 5 ұпай)

ІІ кезең. «Менің сыныбым»атты таныстырылым (презентация)  құру.

Үй тапсырмасы.

 Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл

презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында

анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру

 

ІІІ кезең. «Компьютерлік диктант»  - paint –та сурет  салу.

IV кезең. «Жүйрік болсаң,  озып көр» - мәтін теру. (алдарыңызға берілген

мәтінді компьютерге қатесіз теру керек.Тапсырманы орындауға 1  минут

уақыт беріледі. Бағалануы 10-сөзден асса -5 ұпай, 20-сөзден асса -10 ұпай, 30

дан жоғары 15 ұпай)

V кезең.  «Жанкүйер бол!» - көреремендермен ойын.

VI кезең. «Тапқырлық» -тапсырмалар орындау

VІІ кезең. «Иә, жоқ» - капитандар сайысы.

VІІІ кезең. «Ширату»

 

Есептеу жүргізетін   көмекшім  Орынбасарова Гүлжайна.

 

Жүргізуші:          Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

дегендей 1-ші кезең  «Сұрақ бізден, жауап сізден». Әр топқа 20 сұрақ оқылады. Әр жауап 1 ұпай. Қарсылас топ жауап беруге болмайды.

1-    топ  (7 кл)

1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

3. Ең алғаш санау құралы (Процессор)

4. Алгоритмнің  график түрде кескінделуі (блок-схема)

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)

6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)

8. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)

9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)

10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

11. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

12. Информацияның өлшем бірлігі. (Бит, байт)

13. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (Файл)

14. Компьютер түсінетін тіл.(программалау тілі)

15. Мәліметтерді енгізу пернесі.(Enter)

16. Бос орын қалдыру пернесі.         (Пробел)

17. Қосымша сандық режимді іске қосу пернесі. (NumLock)

18. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі.(Backspace)

19. If  сөзінің аудармасы (егер)

20. Презентация жасауға арналған программа (Power Point)

 

ІІ топ(8 кл)

1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)

2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)

3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )

6. Win Rar, Win Zip қандай бағдарламалардың  түрлері  (архивтеу, ақпаратты сығу)

7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)

8. Енгізу операторы (read, readln)

9. Word қандай редактор ? (мәтіндік)

10. Стандартты программаларды ата (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)

11. Ақпаратты өңдеу құрылғысы. (Процессор)

12. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа.  (Калькулятор).

13. Операциялық жүйелерді ата (Windows XpWindows Vista, Windows 7, Windows8, т.б.)

14.  begin  қызметші сөзінің аудармасы (басы)

15.  Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Курсор)

          16. Microsoft    фирмасының  авторы  / Билл  Гейтс /

17. Екілік жүйенің сандары. (0,1)

18. Компьютер жанына қойылатын өсімдік.   (Кактус)

         19. Ақпарат тасымалдаушылар. (компакт  диск, usb /

20. Excel  бағдарламасына  формула енгізу қалай орындалады. (+, =)

 

ІІІ топ(9 кл)

1. Паскаль тілінің авторы   / Никлаус  Вирт / 

2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

4. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт)

6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase)

7. Алгол, Бейсик, Паскаль … (программалау тілдері)

8. Жалғастыр: Бит, байт, килобайт, … (мегабайт, гигабайт)

9. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама.    (Компьютерлік вирус)

10. Паскаль тілінде программаны аяқтау қандай қызметші сөз арқылы жазылады? (end)

11. Мәліметтерді шығару операторы (write, writeln)

12.  Бас әріптер режимін іске қосу пернесі.(CapsLock)

13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.(Бит)

14. Көшірмені қалай атаймыз? (коопиравать)

15.Тышқанның негізгі батырмасы (сол)

16. Power point  бағдарламасын қалай іске қосамыз ? (пуск – все программы – MS Off ice- Power point )

17. Бас әріппен жазу пернесі (Shift)

18.  Айнымалаларды  сипаттау (var)

19. Жады нешеге бөлінеді? (2: ішкі, сыртқы)

20. Функционалдық пернелер нешеу (12)

 

 

 

 

IІ кезең. «Менің сыныбым»атты таныстырылым (презентация)  құру.

Үй тапсырмасы.

Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл

презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында

анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру.  

Көрермендерден сұрау.

Бағалануы өте жақсы – 5 ұпай

                  Жақсы -4 ұпай

                 Орташа – 3 ұпай

 

ІІІ кезең. «Компьютерлік диктант» - paint –та сурет  салу.

 Ережесі: Мұғалім оқып тұрады, оқушылар «Рaint» графикалық редакторында

орындайды. Нәтижесінде сурет шығады. Диктантқа 5 мин. беріледі

Бағалануы өте жақсы – 5 ұпай

                  Жақсы -4 ұпай

                 Орташа – 3 ұпай

Суретті салу үшін жүмыс парағының төменгі жағынан бастап салу керек.

 

1.     Үлкен  дөңгеленген тіктөртбұрыш салыңыздар.

2.      Ішін қалаған түспен бояңыз.

3.     Осы дөңгеленген тіктөртбұрыш  үстіне осыдан кіші элипсті жақынырақ салыңыз.

4.     Ішін қалаған түсініңзбен бояңыз.

5.     Осы әркетті 6 рет қайталаңыз.

6.     Сурет неге ұқсайды?

 (Пирамида)

IV кезең. «Жүйрік болсаң,  озып көр» - мәтін теру. (алдарыңызға берілген

мәтінді компьютерге қатесіз теру керек.Тапсырманы орындауға 1  минут

уақыт беріледі.

Бағалануы 10-сөзден асса -3 ұпай

                     20-сөзден асса -4 ұпай

                     30 -дан жоғары 5 ұпай)

Мәтін:

Блокнот  программасы

       Әр адамның  таныстарының, достарының, туыстарының, т.б. телефон

нөмірі жазылған блакноты (қойын дәптері) болады. Көп жағдайларда

мекенжай немесе қандай да бір деректер жазуға оның беттері жетпей де

жатады. Ал қойын дәптеріңді жоғалсаң, қалай ренжисің!

     Осындай қолайсыз жағдайларда сендерге Блокнот программасы көмекке

келеді. Бұл программаға мекен жай мен телефоннан басқа, танысың жайында

кез келген деректер енгізіп, сақтауға болады.

       Блокнот – өте кішкентай мәтіндік редактор, оның жұмысы  азғана жад

қажет. Ол кәдімгі жұмыс кезінде ескертулер жазатын электрондық блокнот

сияқты қолданылады.

 

V кезең.  «Жанкүйер бол!» - көреремендермен ойын. Бағалануы -5 ұпай.

Жауабын айтқан көрермен ұпайын қалаған тобына қосуға болады.

Компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал

мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра

(Білмесең білгеннен сұра)

7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды

(Досы күштіні - жау алмайды)

9. Компьютер тіршілік көзі

(Су тіршілік көзі)

10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

(Айдағаны бес ешкі, ысқырғы жер жарады)

 

VI кезең. «Тапқырлық» -тапсырмалар орындау. Әр жауап -5 ұпай.

А) пернелер комбинациясы бойынша  

 

Пернелер комбинациясы

Орындалатын әрекеттер

CTRL+C, CTRL+INS 

Көшіру  (копирование)

CTRL+V, SHIFT+INS 

Қою (Вставка)

CTRL+X 

қию (Вырезание)

SHIFT+DEL 

Корзинаға салмай файлды өшіру

CTRL+Z 

Соңғы әрекетті болдырмау

 (Отмена последнего действия)

CTRL+A 

Барин  ерекшелеу (Выделить всё)

F3 

 Іздеу терезесін ашу

 (Открыть окно поиска )

ALT+F4 

Белсенді терезені жабу

 (Закрыть активное окно )

ALT+TAB 

Келесі терезеге көшу

SHIFT+F10 

Белгіленген элементтің жанама менюін ашу

CTRL+ESC 

Пуск менюін ашу

ESC

Әрекетті болдырмау

CTRL+N 

Жаңа құжат ашу( Создание документа )

CTRL+O 

Құжатты ашу( Открытие документа )

CTRL+W, CTRL+F4 

Құжатты жабу( Закрытие документа)

ALT+CTRL+S 

Құжаттың терезесін бөлу (Разделение окна документа )

CTRL+S, SHIFT+F12 

Құжатты сақтау

CTRL+P 

Құжатты баспаға шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә) «Қатені тап!». Берілген мәтінннен қателікті табу.

Бағалануы – 5 ұпай. 4 ұпай, 3 ұпай

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.        

 

 І –топ:

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді  есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық  .doc форматында сақтаймын.    

Жауабы:  3 қате жіберілген

      1. Word графикалық редактор емес

          2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

         3. Графикалық bmp. форматы векторлық  форматқа жатпайды.

 

 

 

 

 

ІІ  -топ.

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын. Модемді қосып интернетке шығып,  қажетті құжаттарды іздеймін. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін  сөндіремін.

 

     Жауабы:  8 қате жіберілген

     1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

     2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

     3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

     4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

     5. Сәтінді басып алу үшін  принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.

 

ІІІ  -топ.

Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды  менің құжаттарым папкасында сақталады.. Символдық пернелерге әріптер блогы жатады.

Мен мәтіндік редактормен  жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Суреттерді кірістіріп, мәтін теріп дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы қажетті құжаттарды  жазып, компьютерге сақтауға болады..

     Жауабы:   4 қате жіберілген

1.     Көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады.

2.     Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, марицалық, сия бүріккіш

3.     Онда әр түрлі слайдтар жасауға болады.

4.     Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады.

 

 

VІІ кезең. «Иә, жоқ» - капитандар сайысы. Бұл кезеңде топ басшыларын

сұрақтар қойылады. Иә, жоқ деп жауап бересіздер. Әр жауап – 5 ұпай.

 

1-топ (7 кл)

1.  Пернетақтада абзацтан енгізу пернесі Caps Lock болып табыла ма?

 2.  Enter пернесі шрифтерді бас әріпке ауыстыра ма?

 3.  Сақталған құжаттарды себеттен қарауға бола ма?

 4.  «Информатика» ғылымы ақпараттық процестерді зерттей ма?

 5.  «Іске қосу» батырмасын басқанда бас меню ашыла ма?

 6.  Қазіргі есептеу құрылғысына саусақ жатады ма?

 7.  Windows сөзі қазақша «терезе» деп айтыла ма?

 8.  Сканер шығару құрылғысына жатады ма?

 9.  Әл-Хорезми атынан алгоритм сөзінің шыққаны рас па?

 10.  Информатиканың өлшем бірлігіне бит жата ма?

 

2-топ (8 кл)

 1.  Жалпы желіге қосылу үшін модем қажет па?

 2.  Монитор ақпаратты енгізу құрылғысына жата ма?

 3.  Өшірілген құжаттарды себеттен қарауға бола ма?

 4.  Вирусқа қарсы бағдарлама антивирус деп атала ма?

 5.  Компьютер алғашқы есептеу құрылғысына жатады ма?

 6.  Монитор адам денсаулығына зиянды құрылғы  ма?

 7.  Принтер қағаз шығару құрылғысына жата ма?

 8.  Компьютерде жұмыс жасағанда жүйелік блок міндетті түрде керек пе?

 9.  Тав пернесі бас әріпке ауыстыра ма?

10. Буып –түйілген файл архив деп атала ма?

 10.  Функционалдық пернеге 12 перне жатады ма?

 

3-топ (9 кл)

1.     Информатика пәні біздерге тек қана  жексенбі күні болады ма?

2.     Мәтін теру үшін Сурет салу редакторын ашамыз ба?

3.     Интернет желісіне қосылу үшін модем құрылғысын пайдаланамыз ба?

4.     Адам ақпаратты ешқашан шығара алмайма?

5.     Информатикада  санау жүйелері қолданылама ?

6.      Мәтін теру үшін пернелік тақта міндетті түрде керек пе?

7.     Программа жазу үшін компьютер керек пе?

8.     Компьютер жанына қойылатын өсімдік роза гүлі ме?

9.     Агентпен жұмыс жасау сіз үшін қиын емес пе?

10.  Бас әріппен жазу үшін пробел пернесін баса отырып жазу керек пе?

 

 

VІІІ кезең. «Ширату»  - тапсырмаларды орындау.

 

А) Анаграмма шешу.

Әр топқа 3 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Бағалануы – әр сөзге 1 ұпай. Әр жауап

1-топ (7 кл)

1. тби – бит, байт –атйб, килобайт –олкитабйь, килограмм – макимолгр (артығы «киллограмм». Ол ақпараттың өлшем бірлігіне жатпайды.)

2.  вочдека – девочка, инрпрет - принтер, чижмуна – мужчина, чунеки – ученик («принтер» артық. Ол құрылғы.)

3. марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор, неюм – меню («мышка» артық.  Ол құрылғы.)

 

2-топ (8 кл)

1.     теренинт-Интернет, -домае - модем, оепрктьюром - компьютер,  саслк – класс («класс» артық. Ол информатикалық терминге жатпайды.

2.     Етирпрн – принтер, анкерс – сканер, итномор – монитор, інтәм – мәтін (артығы  «Мәтін» . Ол құрылғы емес)

3.     Ушықо – оқушы, імғамұл – мұғалім, аат-аан,  канерс-сканер (артығы сканер. Ол құрылғы)

 

3-топ (9 кл)

1.     рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология  («компьютер» артық. Ол пәнге жатпайды.)

2.     капап - папка , лайф – файл, екътоб –объект,  аусақа –саусақ (артығы «саусақ» . Информатика терминіне жатпайды.)

3.     асбы - басы, оңсы -соңы, сепеәйт - әйтпесе, таернепқат – пернетақта «артығы «пернетақта». Ол құрылғы)

 

Ә) Мұнда компьютердің айналасындағы әзіл – қалжыңдар беріледі, соны

күлкілі түрде жеткізе білу керек.

 

1. Телефоннан дауыс:

-Сіздерде тышқан барма?

-Жоқ..

-Қашан болады?

-Білмеймін.

Бұл компьютер дүкені ме?

-Жоқ , пәтер...

 

2. Екі жігіт әңгімелесіп тұр::
- Сенің балаң неге тез өсіп келеді, құлағынан тартасын ба?
-Жоқ, мен ай сайын мониторды 5 см-ге көтеремін

 

4.     Интернетте отырған оқушы онлайн режимінде тест сұрақтарына жауап беріп отырады. Бір кезде мынадай сұрақ қойылады:

– Сіз ақылдысыз ба?

Жауаптары:

Иә

Жоқ

Білмеймін.

Мен жауап бердім:

Білмеймін.

 

Тест ойланып тұрып, сәлден соң нәтиже шығарып берді:

Онда  менде білмеймін.

 

Қорытынды, марапаттау.

Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Шакиров Асылбек ағайды шақырамыз.

Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта.

Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    VІІІ кезең.
"Ширату"

Р Ы
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

 

І кезең.

«Сұрақ бізден, жауап сізден»

сұраққа жауап

 

(әр жауап –

 1 ұ.)

ІІ кезең.

«Менің сыныбым»

презентация көрсету.

(үй тапс.)

 

өте жақс. – 5 ұ

Жақсы – 4 ұ.

Орташа – 3 ұ.

ІІІ кезең.

«Компьютерлік диктант» - сурет салу.

 

 

 

өте жақс. – 5 ұ.

Жақсы – 4 ұ.

Орташа – 3 ұ.

ІV  кезең.

«Жүйрік болсаң озып көр» - мәтін теру.

 

 

10 сөз -3 ұпай

20-сөз- 4 ұпай

30 сөз -5 ұпай

V кезең. «Жанкүйер бол!» -көрермендермен ойын

 

 

Бағалануы -1 ұпай

VІ  кезең. «Тапқырлық»

 тапсырмалар орындау

 

А) пернелер комбинациясы

Әр жауап  - 1 ұ.

Ә)қатені тап

1 ұпай

VІІ кезең. «Иә, жоқ»

капитандар сайысы

 

 

 

 

(әр жауап – 1 ұпай)

VІІІ кезең.

«Ширату»

 

А) анаграмма  әр жауап -1 ұ.

Ә) әзіл

өте жақс.– 5 ұ.

жақсы – 4 ұ.

орташа – 3 ұ.

«ПАСКАЛЬ» тобы (7 кл)

 

 

 

 

 

 

 


А)

 

 

Ә)

А)

 

 

Ә)

«БЕЙСИК» тобы (8 кл)

 

 

 

 

 

 

 


А)

 

 

Ә)

А)

 

 

Ә)

«АЛГОРИТМ»

тобы (9 кл)

 

 

 

 

 

 

 


А)

 

 


Ә)

А)

 

 

Ә)

Қорытынды:  1. « ПАСКАЛЬ» тобы__________________ұпай

                         2. «БЕЙСИК» тобы__________________ұпай

                        3. «АЛГОРИТМ» тобы__________________ұпай

БЕЙСИК

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассная работа по информатике "Информатика алғырлар" (5-6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 676
    • DOCX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шорманова Жансая Бекболовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шорманова Жансая Бекболовна
    Шорманова Жансая Бекболовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9015
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 805 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек