Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Внеклассная работа по историй «Миллион кімге бұйырады?» (9 класс)

Внеклассная работа по историй «Миллион кімге бұйырады?» (9 класс)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы, Теңдік ауылы

«Теңдік орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі

Жапенова Гульмира Жикеновна


Сабақтың тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады

(тарихи танымдық ойын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау, тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру, ойын сабақтарға белсенділігін дамыту т.б.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдайтын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоғамдық, көпшілік орындардарда өзін-өзі мәдениетті ұстай алатын, өз пікірін еркін жеткізетін, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі де сабырлы тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын

Сабақтың әдісі: жаңа технологиялар арқылы сұрақ-жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, ұялы телефон, музыкалық аппаратура

Сабақтың барысы:

  • Ойынның мақсатымен таныстыру.

  • Ойынның шартымен таныстыру.

  • Ойыншылармен таныстыру.

  • І тур жеңімпаздарын анықтап, оларды марапаттау.

  • Қорытындылау.

1. Ойынның мақсаты: тарих пәні және басқа танымдық тапсырмалар бойынша оқушылардың білімін және оларды жүйелеу арқылы жеңімпазды анықтау.

2. Ойынның шарты:

Ойынға 5 ойыншы қатысады. Ойын І турдан тұрады. Жүргізуші ойыншыға І турдың ойын шартын түсіндіреді.

Берілген 10 сұраққа жауап беру керек. 3 сұраққа дұрыс жауап берген ойыншы күймейтін бірінші белестен өтіп, 30 000 теңгенің иегері атанады және ойынды жалғастыра алады. Екінші белестен асу – күймейтін 6 сұраққа 60 000 теңге сыйлықтың иегері атанады. Үшінші белесте 1000 000 (миллион) теңгенің иегері анықталады. Ойыншы өзі қалаған сәтте ойынды тоқтатып, тиісті ақшаны алуына болады.


Берілетін 10 сұрақтың кезегі мынадай:

1 сұрақ – 10 000 теңге

2 сұрақ – 20 000 теңге

3 сұрақ – 30 000 теңге

4 сұрақ – 40 000 теңге

5 сұрақ – 50 000 теңге

6 сұрақ – 60 000 теңге

7 сұрақ – 70 000 теңге

8 сұрақ – 80 000 теңге

9 сұрақ – 90 000 теңге

10 сұрақ – 1000 000 теңге

3. Ойыншы өзіне берілген үш жеңілдікті пайдалануына болады:

1. 50/50

2. Залдың көмегі

3. Достың көмегі


Бірінші ойыншының (оқушының есімі) сұрақтары

  1. Сүйінбай Аронұлының суреті қай теңгеде белгіленген?


А) 3 теңгеде

B) 50 теңгеде

C) 100 теңгеде

D) 1 теңгеде


2. 100 теңгеде қандай ұлы тұлғаның бейнесі бейнеленген?


А) Сүйінбай Аронұлы

B) Әбілқайыр хан

C) Абылай хан

D) Әбу Насыр Әл-Фараби


3. Ақша бірлігін зерттейтін ғалым:


А) Тапонимика

B) Этнография

C) Геральдика

D) Нумизматика


4. ІХ-ХІІ ғасырлардағы халық ақша айналымда алтын ақшаның атауы:


А) Динар

B) Дирхем

C) Фельс

D) Лат


5. Хорезм шах Мұхаммед Текеш 1210, 1217-1218 жылдары қай қалада теңге соқтырған?


А) Тараз

B) Отырар

C) Йасы

D) Талғар


6. 1991 жылы ТМД құрылды. Құрамына 12 мемлекет кірді. 2009 жылы бір ел ТМД құрамынан шықты. Қай ел?


А) Әзірбайжан

B) Армения

C) Грузия

D) Ресей


7. Қырғыстан елінің ақша бірлігі:


А) Сум

B) Сом

C) Сомони

D) Манат


8. Кавказ елдеріне қай ел жатады? Ақша бірлігі манат.


А) Молдова

B) Тәжікстан

C) Әзірбайжан

D) Украина


9. Ұлыбритания елінің ақша бірлігі:


А) Фунт стерлинг

B) Еуро

C) Чех кронасы

D) Швед кронасы


10. Ақша бірлігі гривна, астанасы Киев қай ел?


А) Беларус

B) Молдова

C) Латвия

D)Украина

Екінші ойыншының ____________________________ сұрақтары

  1. Қазақстан мемлекетінің ақша бірлік атауы:


А) сом

B) лит

C) сомони

D) теңге


2. 1993 ж. қай айда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді?


А) қазан

B) сәуір

C) қараша

D) наурыз


3. ІХ-ХІІ ғ. ақша айналымында қанша ақша түрі болды?

А) 4

B) 3

C) 2

D) 5


4. Қарахан мемлекетінде жергілікті ақша айналымы:


А) мыс ақша

B) алтын ақша

C) күміс ақша

D) темір ақша


5. 1996 ж. 26 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды. Шанхай қаласы Қытай мемлекетінде орналасқан Қытай елінің ақша бірлігі:


А) иена

B) гривна

C) юань

D) манат


6. Астанасы Джакарта. Жер көлемі 1,9 млн км². Ақша бірлігі рупия. Қай ел?


А) Тайланд

B) Лаос

C) Малайзия

D) Индонезия


7. Бразилия ақша бірлігі:


А) песо

B) доллар

C) реал

D) юань


8. Оңтүстік Африка Республикасының мемлекеттік тілі: ағылшын тілі. Ақша бірлігі:


А) рэнд

B) доллар

C) гривна

D) иена


9. Қай елдің ақша бірлігі рубль?


А) Украина

B) Молдова

C) Беларусь

D) Ресей


10. Грузияның ақша бірлігі:


А) лари

B) гривна

C) сом

D)реал

Үшінші ойыншының ____________________________ сұрақтары

1. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы:


А)Инфляция

B)Экономика

C) Инновация

D) Несие


2. Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі:


А)Несие

B) Валюта

C)Айырбас

D)Эконом


3. АҚШ валютасы:


А)евро

B)теңге

C) доллар

D)юань

4. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі:


А)Инфляция

B) Экономика

C) Инновация

D) Несие


5. Айырбас деген ұғым нені білдіреді?


А)Инфляция

B)Экономика

C)Бартер

D)Валюта


6. Швеция валютасы:


А)Крона

B)Доллар

C)Рупия

D)Лари


7. Мемлекеттік банк шығаратын, айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер:


А)Сурет

B)Банкнот

C)Кесте

D) Акция


8. Монғолия валютасы:


А)сом

B)лит

C)Төгрөг

D) лари


9. Мексика валютасы:


А)евро

B)доллар

C)реал

D)песо


10. Нумизматика ғылымының негізін салушы:


А)И.Х.Эккель

B)Ш.Уәлиханов

C)Герадот

D)Эратосфен



Төртінші ойыншының_______________________сұрақтары

  1. Теңгенің шыққан күні:


А) 15

B) 14

C) 10

D) 11


2. Ақша қалай келеді?


А) доп тебумен

B) ұйқымен

C) ас ішумен

D) еңбекпен


3. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы:

А) экономика

B) инвестиция

C) инфляция

D) бартер


4. Үндістан валютасы:


А) юань

B) тогорог

C) рупии

D) иен


5. Алжир валютасы:


А) динар

B) евро

C) доллар

D) юань


6. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар:


А) киім

B) азық-түлік

C) ақша

D) өндіріс


7. Грек тіліндегі «экономия» «oikonomia» ұғымының қазақша мағынасы:


А) экология

B) этнология

C) экология

D) экономика


8. Франция валютасы:


А) доллар

B) евро

C) фунт. стерлинг

D) крона


9. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу:


А) бартер

B) номинал

C) инфляция

D) транзит


10. Түрлі елдердің банкнотасы мен манетасын, көне ақшаларды жинайтын адам:


A) нумизмат

B) коллекционер




C) магистр

D) экономист

Бесінші ойыншының_______________________сұрақтары

1. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993 жылы қараша айның қай күні жарлығы шықты?

А) 12

B) 14

C) 11

D) 10


2. Қай ел Хонсю, Хоккайдо, Сикоку, Кюсю аралдарында орналасқан және валютасы йена?


A) Корея

B) Индонезия

C) Малазия

D) Жапония


3. Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды?

А) Франция

B) Англия

C) Канада

D) Ресей


4. Көрсетілген, белгіленген баға —

А) номинал

B) сызба

C) акция

D) карта


5. 10 теңгеде қай тұлға бейнеленген?


А) Сүйінбай Аронұлы

B) Абай Құнанбаев

C) Абылай хан

D) Шоқан Уәлиханов



6. Әбу Насыр Әл-Фараби қай теңгеде бейнеленген еді?


А) 5

B) 10

C) 1

D) 20

7. Аустралия мемлекетінің астанасы: Канберра. Ал ақша бірлігі:


А) доллар

B) лира

C) иена

D) рупии


8. Түркия валютасы:

А) юань

B) лира

C) сум

D) крона


9. Қай мемлекет жер көлемі 9 млн. 363 мың км², 4 орын алады?

Ақша бірлігі: доллар

А) Ресей

B) Канада

C) АҚШ

D) Қытай


10. Теңгенің суретін салған кім?

А)

B)

C)

D) Тимур Сүлейменов






Қорытынды:

Жеңімпаздарды анықтай отырып, оларды марапаттау. Ойынға қатысқан 5 ойыншыға ынталандыру сыйлығын тапсыру.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров82
Номер материала ДВ-377269
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх