Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Внеклассная работа по математике

Внеклассная работа по математике

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 27.02.2015

Сыныбы: 5 «а», 5 «б»

Кештің тақырыбы: Сандар сыры

Кештің мақсаты:Сан ұғымын пайдаланап, халықтық педагогика негізінде оқушылардың математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептеріментаныстыра отырып, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер. Интерактивті тақта, слайдтар.

Ұйымдастыру кезеңі

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, «Сандар сыры» атты математикалық кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші:

(Сандар туралы түсінік)

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс - сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.

2-жүргізуші:

«Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!» - дей келе математиканың тірегі, маңызды бір бөлшегі сандарды ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!

0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

НӨЛ:

Мен бір санмын ғажайып,
Көбейемін, азайып.
Өзге саннан сен мен
Шегер мейлі қос мейлі,
Кемімейді, өспейді.
Ал сол санның соңына

Тіркей салсаң жай ғана
Қарық болып қаласың.
Мықты болсаң егер сен
Санды нөлге бөліп көр.
Жіп өткізіп мұрныма,
Сүйресеңде баспаймын.

Көбейтілсем мен санға,
Демек көлшік көл екен.
Миллиард болып кетсеңде
Мына өзімдей нөл етем.


1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. 1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.

2 саны. Күні - түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.

3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі.


Қазақ халқында 4 саны сәйкес келген:
Төрт тұлғаға: от, су, жер, жел
Төрт маусымға: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт мұратқа: дау мұраты - біту,

сауда мұраты - ұту,

жол мұраты - жету,

қыз мұраты - кету
Төрт түлік малға: қой, сиыр, жылқы, түйе.

5 саны
Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма
Бес жаман мен бес асыл:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.

6- саны:
6- саны дүниенің жаралуын білдіреді. Пифагор оны ерекше сан деп есептеген. Басқа сандардан ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар.Ол өзі бөлінетін сандардың көбейтіндісі мен қосындысынан тұрады. 6- саны 1,2,3-ке бөлінеді немесе осы сандарды қоссақ, 6 шығады. Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. 6- шығармашылық сан. Геометриялық дәлдігі дұрыс алтыбұрыш-жетістік, еркіндік, махаббат, әсемділік пен үйлесімділік саны. 6- саны шай және ас ішу сервиздарының саны.
7 саны
1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.
2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.
3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.
Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз.
4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.
5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді.
6. Жеті санына байланысты асыл сөздер:
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына:
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада тамақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қат көк:
Меркурий, Шолпан, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Сатурн.

8 саны

Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің белгісі деп есептеген.8 саны 8 төбесі бар кубты білдіреді. 8 санының құпиясы мәңгілік үздіксіз қозғалысты және мәңгіліктің символы. Қытай елінің бақыт әкелетін саны болып табылады.

9 саны туралы
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідеі түсінік бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі.
5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді.

1-жүргізуші:

Осы сандардың сыры жайлы бейнероликтітамашалаңыздар.

(Бейнеролик көрсетіледі).

2-жүргізуші:

Алдарыңызда көрініс, «Цифрлар айтысы».

Бір күні цифрлар нөлмен ұстасып қалады да, оны мазақтайды:
- Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2
цифрын алса, 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.
- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.
- Сендер түкке түсінбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң
жағына қатар тұра қалсам қандай санға айналады? Жауап беріңдерші,- деді
нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға
келді.
- Егер сенің оң жағыңа тұра қалсам, сен қандай санға айналасың?- деді нөл
беске. Нөл бестің оң жағына қатар тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті.

Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына қатар тұра қалып, цифрлардан олардың қандай сандарға айналғанын сұрап шықты.

- Міне сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсың дейсіңдер. Кәне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерже де мен сендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма: 5 - 5 =..., 7-7=...., 9-9=... .

- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді.
Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтын
болады.

Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.

- Мен барлығыңнан да үлкенмін, мен қайдағы бір кіп-кішкентай бір
емеспін ғой, - деп мақтанып тоғыз шықты. Бір шегі қатқанша күліп алды да,
секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.

- Ал, кәнеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір (19 саны шықты ғой). Бір айтты:

- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсың. Он тоғыздан үлкен
емес пе? Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жіберді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты. - Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.

Осылайша барлық цифрлар келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды. Цифрлар осыдан кейін өз қателерін түсініп, айтысқандарын қойды.

Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытындысы: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрғанда ғана үлкен, ал егер олар бір - бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы - санның жазылуындағы цифрлардың орны.


1-жүргізуші:Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. 

Домбыраның өзі математикамен тығыз байланысты екенін көрініп тұр. Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда 5 «а» сынып оқушысы ___________ _________ күйімен.

2-жүргізуші:

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» - дей келе сахнаға жас ақындарымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!

(Жас ақындарымыз өлеңдерін оқиды).

1-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда 5 «б» сынып оқушылары Болат Аяулым мен Сайлан Нұрай орындауындағы тамаша би. Тамашалаңыздар!

(Би орындалады).

2-жүргізуші:

Судай тасып әр биік белден асқан,
Дүниеге сан алуан өнер шашқан,
Білім алып солардың жолын қуған,
Әрбір адам өмірде өрге басқан»-демекші алдарыңызда «Математика сабағы» көрінісімен жас өнерпаздар. Қарсы алаыңыздар!

«Математика сабағы»

1 оқушы: Нұржан қайда кетіп барасың, қазір математика сабағы ғой... 2 оқушы: Бауыржан әбден шаршадым. Мен математика сабағына қатыспаймын. Оны мұғалім біледі, сендерде білесіңдер, миыма түк қонбайды. 1 оқушы: Қызық екенсің, математикасыз қайда барасың? Мына космос ғасырында, мына нарықтық экономика тұсында?

2 оқушы: Өзің ойлашы Бауыржан мен 1-ші сыныптан бастап, апта сайын 4 сағат математика оқып келемін. Міне 10 жыл одан не шықты? Оның менің болашағыма аса қажеті жоқ, менің спортты сүйетінімді білесің. Басыма түк кірмейді, тек түсіме сандар, Пифагор кіріп, жынды ететін болды. Оданда мен қазір жаттығуға баруға дайындалайын. Сау бол!

1 оқушы: Сенікі дұрыс емес, білімнің артық кемі жоқ. Сен қалай спорт пен шұғылданбақшысың? Өзің ойла жаттығу жасағанда уақыт керек, ол сан, ұтыс болса сан керек, қашықтыққа жүгірсең, қалай сен жүгірейін деп едің құрбым-ау, кім саған өлшеп, санау жүргізеді?

2 оқушы: Иә дұрыс айтасың, құрбым! Рахмет саған.

1-жүргізуші:

Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз ең көне аспаптардың бірі. Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар.

Сахнаға 5 «б» сынып оқушысы Шынарбек Заринаны шақырамыз.

2-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-дей келе


1-жүргізуші:

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа,
Сайыстарда өзімізді саралап,
Сиқырларды көрсетеміз, қалыспа.

Математикалық фокус.

1. Саусақтармен жасалатын айлалы әрекет.(көреремендермен ойналады)

Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, көбейту үшін де пайдалануға болады. Қолдарыңды алдыңа қойда, сол жақтан қарай санай баста. Қайсыбір санды 9-ға көбейту үшін тиісті саусағыңды бүк. Мысалы: 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағыңды бүк. Енді сол жақта – саусақ және оң жақта – саусақ қалды, демек, жауабы 63 болды.

2.Туған күнін туған жылын шығару. (көреремендермен ойналады) Айыңның нөмірін ата, осы санды 4-ке көбейт. Оған 13-ті қосып, оны 25-ке көбейт, одан 200-ді азайт.оған туған айыңның күнін қос. Оны 2-ге көбейт, одан 40-ты азайт. Оны 50-ге көбейт. Оған өз туған жылының соңғы екі санын қос, одан 10500-ді азайт. Сонда алғашқы сандар туған ай, 2-ші цифр туған күн, соңғы туған жылы. 3.Досыңыз сізге қөрсетпей бір қолына 1 теңгені екінші қолына 2 теңгені жасырсын. Сіз оның қай қолында 2 теңге, қай қолында 1 теңге жасырылғанын оп-оңай айтып бере аласыз. Ол үшін оң қолындағы теңгені үш еселе, ал сол қолындағы теңгені екі еселе де, олардың қосындысын маған айт десеңіз. Егер айтқан сан жұп болса 2 теңге оң, ал сол қолында 1 теңге.

2-жүргізуші:

«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор.
1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,
Кеш қызығын талай адам тыңдады,
2-жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет

1-2-жүргізуші:
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 20.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДБ-372012
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх