Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассная работа "Тапқыр бала"

Внеклассная работа "Тапқыр бала"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: «Тапқыр бала» сайысы


Мақсаты: Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге,

жан – жақты білімділікке, кітапқұмарлыққа баулу.

Оқушылардың сөздік қорларын молайту,

дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын,

шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, тақырып, үнтаспа, топ аттары,

тапсырмалар жазылған форматтар, конветтер, шарлар,

безендірілген зал.

Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен бүгінгі сайысымызға қатысушы балалар!

Бүгінгі «Тапқыр бала!» атты сайысымызға қош келіпсіздер.

Оқушылар сайыс барысында өздерінің білімдерін, ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын, өнерлерін толығымен ашып көрсете алмақ.

  1. оқушы:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен – кіші жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап біздің мына төрімізге.

2 – оқушы:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Тапқыр бала» сайысымыз басталмақшы,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Мұғалім:

Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақ. Олай болса, бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа қатысушылар:

Енді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Осы сайысқа қатысушы оқушылардың құрметтеріне «Гүлжазира, Қазақстан» әнін тамашалайық.




Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер.

Білімдеріңді көрсетіп,

Алға оза беріңдер!

Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейін.


Сайыс кезеңдері:

1 – кезең. «Бәйге»

2 – кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»

3 – кезең. «Ұяшықты тап»

4 – кезең. Ақтық сайыс

1 - кезең. «Бәйге»

(Әр оқушыға 7-10 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі)


1 – оқушы сұрақтары.

1. Қазақстан республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

2. Халықаралық әйелдер мерекесі қашан? (8 наурыз)

3. Ақ күріштен мол өнім алудан алға шыққан кім?

(Атақты күрішші Ыбырай Жақаев)

4. Қойдың иесін ата (Шопан ата)

5. Қазақтың бұлбұлы атанған әнші. (Күләш Байсейітова)

6. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

7. Қараша жылдың қай мезгіліне жатады? (Күз мезгілі)

8. Қазақ халқының халық аспабында орындалатын музыка. (Күй)

  1. Абай Құнанбаевтың өмірін баяндайтын романды ата. («Абай жолы»)

  2. Үлкен тоқылған орамал (Шәлі)



2 – оқушы сұрақтары.

1. Ақ алтын (Мақта)

2. Жыл басы не? (Тышқан)

3. Бүгін аптаның қай күні?

4. Есту мүшесін ата. (Құлақ)

5. Орман дәрігері (Тоқылдақ)

6. Күн мен түн қай әріптен аяқталады? (Н әрпінен)

7. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

8. Әр адамның шағын Отаны (Отбасы)

9. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Әнұран, Елтаңба, Ту)

10. Тәтеңнің балалары саған кім болады? (Жиен)






3 – оқушы сұрақтары.

1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

2. 1 мамыр күні қандай мереке?

(Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні)

3. Жылқының иесі (Қамбар ата)

4. Халқымыздың бишілік өнерінің негізін қалаған биші кім?

(Шара Жиенқұлова)

5. 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10 сантиметр)

6. Желтоқсан жылдың қай мезгіліне жатады? (Қыс мезгілі)

7.«Хан тәңірі» атанған ақиық ақын (Мұқағали Мақатаев)

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)

9. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылы)

10.Ел басқару саласында басты тұлға кім? (Президент)


4 – оқушы сұрақтары.

1. Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы (Алматы)

2. Қазақстанның Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?

(Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев)

3. Ешкі иесі (Сексек ата)

4. Қазақ елінің этнографы, ұлы зерттеушісі кім? (Шоқан Уалиханов)

5. 1 центнерде неше килограмм бар? (100 кг)

6. Мамыр айы жылдың қай мезгіліне жатады? (Көктем мезгілі)

7. Әншілердің қосылып ән салатын үлкен тобы (Хор)

8. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)

9.Кітап сөзі қандай әріптен басталады? (К әрпінен)

10. . Жырды айтушы адам (Жыршы)


Мұғалім:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік.

Арамызда тапқыш достар көр екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік, - деп сөзді әділқазыларға берейік.

Әділқазылардың бағалауы.


Мұғалім:

Сараланар сайыскерлер білімі

Білімділер озар бүгін ілгері, - деп келесі «Жеті жұрттың тілін біл» айналымына кезек береміз. Бұл кезеңде оқушыларға жұмбақтар беріліп, жауабын үш тілде аударады.






2 – кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» (Әр оқушыға 2 жұмбақтан беріледі, жауабын үш тілде аударса 15 ұпай, екеуіне 10 ұпай, бір ғана жауабын айтса 5 ұпай)

1. Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған. (Көз, глаза,eye)

2. Айдын көлде асыл тас,

Аз салса да алынбас. (Тіс, зубы, teeth)

3. Ерте тұрдым,

Екі айыр жолға түстім. (Шалбар, брюки, jeans)

4. Бір кісі бар дүниеде,

Шемішке шағып тұрады.

Бұл кісіден әр уақыт,

Әркім мезгіл сұрайды. (Сағат, часы, watsh)

5. Дүниеде аты мәшһүр болған қымбат,

Ықшамды әдемілік сондай сымбат.

Мақсаттың көңілдегі табылады

Адамзат зор санайды етіп қымбат. (Ақша, деньги, money)

6. Шақырса келмес, жаяу жүрмес. (Жаз, лето, summer)

7. Ақ отаудың есігі де жоқ,

Тесігі де жоқ. (Жұмыртқа, яйцо, egg )

8. Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (Сүт, молоко, milk)


Мұғалім:

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық, - дей отырып келесі кезеңімізге кезек береміз.


3 – кезең. «Ұяшықты тап»

Негізгі пәндерден сұрақтар қойылады.

Математика

1. 10 ұпай. Бүгін бейсенбі, ал орманға біз бір аптадан кейін барамыз. Біз орманға аптаның қай күнінде барамыз? (Бейсенбі)

2. 10 ұпай. 10,20,30,40,50 сандарының қосындысының мәні артық,па, әлде көбейтіндісінің мәні артық па? (Көбейтіндісінің)

3. 10 ұпай. 5 рет 20 және 10 неше болады? (110)

4. 10 ұпай. Әрбір келесі цифры алдыңғысынан екі есе артық болатын үш таңбалы санды ата. (248)





Дүниетану.

5. 10 ұпай. Көкжиектің төрт тұсын ата. (Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

6. 10 ұпай. Сезім мүшелерін ата (Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)

7. 10 ұпай. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата (Тас, көмір, мұнай, газ)

8. 10 ұпай. Физикалық карта дегеніміз не? (Өзен, көл және жер бедері бейнеленген карта)

Қазақ тілі.

9. 10 ұпай. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата (Бастауыш, баяндауыш)

10. 10 ұпай. Балалар далада қармен ойнады. Қандай сөйлем? (Жайылма сөйлем)

11. 10 ұпай. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата. (Қандай? Кімге? Неге? Нені?)

12. 10 ұпай. Мақалды аяқта.

Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді?)


Енді әділ – қазылар алқасына кезек береміз және ұпайы аз 2 оқушы сайысымыздан шығып кетеді.



4 – кезең. Ақтық сайыс. «Шашылған әріптер»

(Әріптерден көрермендер сөз құрап, одан сайыскерлеріміз бірнеше сөздер құрап шығарады.) « Алдараспан»


Қорытындылау .

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты сөндірмей

Жалындатып, шарықтаңдар айтарым, - дей келе сөз кезегін бүгінгі сайысымызды қорытындылап жеңімпаздарымызды анықтап беру үшін әділ – қазыларға береміз.


Ән.


«Тапқыр бала» номинациясымен марапаттау.

Қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапаттау.








140 қазақ орта мектебі










hello_html_m45fac1ac.gif



hello_html_1e291ef4.gif















Қызылорда қаласы.


Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров200
Номер материала ДВ-172477
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх