Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыВнеклассная работа "Жол және біз"

Внеклассная работа "Жол және біз"

Скачать материал

Ахметова Гүлмира Пернебекқызы

Қызылорда қаласы

№140 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 

 

Тақырыбы:  Жол және біз.

Мақсаты:   

Білімділік:оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруін ескерту, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету, жол белгілерін , олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын, жол белгілері бойынша қиылыстан, бұрылыстан өтерде жол ережелерін есте сақтай білу қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік:жол белгілерін жатқа білуге, сақ болуға, мәдениетті сөйлей білуге, өзара достыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: слайд-шоу, шарлар, плакаттар, үлестірме қағаздар.

 

Барысы:

І. Кіріспе.

Сайыстың өткізілуіне байланысты қысқаша мағлұматтар. Әділ-қазылармен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1) «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады)

2) «Кім тапқыр?» (жұмбақтарды шешу, шешуін қағазға жазу)

3) «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі)

4) Үй тапсырмасы (әр топ үйден дайындап келген шығармасын оқиды)

5) Сергіту ойындары (оқушылармен)

ІІІ. Қорытынды.

Жол белгілері туралы түсіндірмелер.Әділ-қазылар шешімі.

 

І. Кіріспе.

Мұғалім: Қазіргі таңда адам өмірінде көліктің пайдасы мен маңызы зор. Ертеде көліктің орнына қазақтар ат пен түйені, үнділіктер пілді, өзбектер есекті, тау халықтары өгізді пайдаланған. Өркениетті дәуірде жануарлардың орнына қолайлы және тез арада жеткізетін көліктер мемлекеттер мен континенттердің бірігіп қатысуына қолайлы болып отыр.

   Бір сәтте барлық көлік тоқтап қалса не болар еді?

Әрбір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Жүк тиеген машиналар, асыға қозғалып келе жатқан кез-келген көлік түрі адам өмірімен тығыз байланысты.Қала ішінде автобусқа, алыс жаққа баратын болсаңдар пойыз, ұшақ тәрізді көлік түрлеріне мінесіңдер. Жолда сендер әртүрлі адамды кездестіресіңдер, олардың әрқайсысы әр түрлі жұмыстармен жүреді. Осы кезде сендер бөтен адаммен қалай болу керек екенін білулерің керек. Ол үшін жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білу керек.Көліксіз жүріп-тұру мүмкін емес. Біз демократиялық құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әр адам құқықтарын білу керек. Қарапайым көшені алсақ, оның өзі бір заңдылықтарға бағынады.

Сондықтан да біз бүгін өздеріңізбен көше тәртібіне байланысты сыныбымыздың арасында «Жол және біз» атты сайыс өткізгелі отырмыз.Сайысымызға қатысушыларды 4 топқа бөлеміз, әр топта 4 оқушыдан болады.

1-топ - «Жолаушылар» тобы

2-топ - «Жас инспекторлар» тобы

3-топ - «Жүргізушілер» тобы

4-топ - «Жаяу жүргіншілер» тобы

 

ІІ. Негізгі бөлім.

1.  Арманға алда күткен асығармыз,

     Біз қалай жалын атпай басылармыз.

     Жол жүру ережесін жақсы біліп,

     Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

     Жалғайтын достастырып бар елменен,

     Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

     Бүгінгі бізге келген қонақтарға

     Ойынымыз басталады сәлемменен – дей келіп «Сұрақ-жауап» атты 1-сайысымызды бастаймыз.

 

 «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады, дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

  • Бағдаршам деген не?  (Жол бойының қозғалысын реттейтін құрал)
  • Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  (жасыл)
  • Көлік күтетін жерді қалай атайды?  (аялдама)
  • Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  (жүргіншілер)
  • Автобус тоқтайтын жерді не деп атайды?  (аялдама)
  • Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді?  («Тоқта» дейді)
  • Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады?  (14 жастан)
  • Бағдаршамда неше көз бар?  (Үш көз бар: қызыл, сары, жасыл)
  • Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық.  (ақжолақ)
  • «Жолаушылар» деген кім?  (көлікке мінетін адамдар)
  • Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)
  • Бағдаршамның «Сары» көзі не дейді?  («Дайындал» дейді)

 

     Сергіту сәті. 

        Кел, достарым,ойнайық,

        Ойнайық та, ойлайық

        Босқа бекер тұрмайық,

        «Бағдаршам» ойынын ойнайық!

  Ойын «Бағдаршам»

Шарты: Бағдаршамның жасыл жарығын жаққанда, балалар аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып қозғалысқа келтіруге тиіс. Сары жарықты жаққанда, ду қол шапалақтайды. Қызыл жарық жаққанда, бір орында қозғалмай тұрып қалады.

 

2.  Шуақты өміріміз күндей күліп,

     Жүрекке бүршік атып гүлдейді үміт.

     Арманға сапар тарту мүмкін емес,

     Жол жүру ережесін білмей тұрып.

 

 2-сайысымыз «Кім тапқыр?» деп аталады. Барлық топқа бірдей жұмбақ жасырылады, әр топ жауаптарын алдарындағы қағазға жазады. Әр жұмбақтың дұрыс шешіміне 5 ұпайдан беріледі.

  • Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді.  (бағдаршам)

 

  • Екі аяқты, бір ізді

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді.  (велосипед)

  • Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.   (полиция қызметкері)

 

  • Қозғамасаң – құлайды,

Сүйемесең – сұлайды.

Құйымшақта ері бар,

Бұл не деген жануар?   (велосипед)

 

  • Көзін ашып жұмады,

Бағыт  сілтеп тұрады.  (бағдаршам)

 

 

3.  Тап болмасын қасірет,

     Күдер үзіп жалғаннан.

     Көшені тек кесіп өт

     Бағдаршамы бар маңнан.

     Көше деген – тағылым,

     Абай болсаң, жоқ қайғы.

     Қай кезде де Тәңірің

     Сақтанғанды сақтайды.

 

Сайысымыздың 3-кезеңі – «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа бірдей тапсырма жазылған суреттер таратылып беріледі, жауабын көрсетіп, әділ-қазылар алқасына тапсырады.

   

 

   1-сурет бойынша тапсырма: Көшедегі жағдайға байланысты бағдаршамның көздерін сәйкес түстермен боя.

   2-сурет бойынша тапсырма: Жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалар салынған суретті жасыл түспен, ереже сақталмаған жерді – қызыл түспен белгіле.

                         

     Сергіту сәті. 

        Кел, достарым,ойнайық,

        Ойнайық та, ойлайық

        Босқа бекер тұрмайық,

        «Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық!

 

Ойын «Қызыл, сары, жасыл»

 Бағдаршамның қызыл түсін көрсету              Оқушылар  орындарынан тұрады                            

                                                                                                                       Тоқта!

 Бағдаршамның сары түсін көрсету                 Оқушылар екі жаққа  кезек – кезек                                                                                        

                                                                           қарап дайындалады         Дайындал!

 Бағдаршамның жасыл түсін көрсету               Аяқтарын  топ-топ басады.      Жүр!      

 

4. Қызыл жарық жанғанда,

    Қалт тоқтай қал табанда.

    Сары шамы жанғанда,

    Сақ, абай бол барынша.

    Жасыл жарық жол ашық,

    Зымырай бер бел асып.

 

  4-кезеңіміз «Үй тапсырмасы» деп аталады. Өздеріңе алдын-ала тапсырма берілген болатын, яғни көше тәртібіне байланысты өлең дайындап келу. Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

-         Ал, балалар, ендігі кезекте жол белгілері туралы айтып кетсек. Барлықтарың мұқият тыңдаңдар.   (мұғалім слайд арқылы түсіндірме жүргізеді)                                                                                                              

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 

     Ол ортақ! Үлкен – кіші, баршамызға – дей келе, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

 

 

               Жол жүрудің тәртібін,

               Ережесін білеміз.

               Сақтанғанда қатерден

               Сау-саламат жүреміз!

 

Тамашалап, тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассная работа "Жол және біз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 902 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2015 1614
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Гульмира Пернебековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12864
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 211 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе