Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Внеклассная воспитательная работа на тему "Тәуелсіздік - тірегім, соғып тұрған жүрегім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Внеклассная воспитательная работа на тему "Тәуелсіздік - тірегім, соғып тұрған жүрегім"

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Бастаушы ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Байкубинова Роза Картаевна


Тәуелсіздік – тірегім, соғып тұрған жүрегім


Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келмегені туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Тәуелсіздік жолында құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырларымызды ұмытпай, мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіз Қазақстан» атты қабырға газеті,Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, суреттер, слайд, интерактивті тақта т.б.

Сабақ түрі: .

Әдісі: Топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу. Сабаққа әзірлеу.


Мұғалім: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады.


Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.

1-оқушы. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

2-оқушы. Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Қақаған күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

Омондар бастан тепкен күн,

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жаныңа таппай бір дауа

Ер қайрат қыршын кеткен күн.


Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»


1-оқушы. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.

Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

2-оқушы: «Ақтық сөзің не?» деген

Бүгін қойды сот сұрақ

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айрылып,

Арақтан ұрпақ азбасын,

Қызғаныштан тозбасын,

Қолдаушысыз болмасын,

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңлің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан,

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.

Ән: «Желтоқсан желі»

3-оқушы. Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.

4-оқушы. Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

5-оқушы. Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді қазақ елі соны ойла.

6-оқушы. Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,

Қанын төкті қанша батыр бабалар.

Осы жолдар құрбан болды емес пе?

Халық жауы атанған көп ағалар.

1-оқушы. Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құбандары жеткілік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?

Тәуелсіздік –тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты, кемеңгер, кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды.


Ғасырлардан жеткенсің жаңғырыпсың,

Жүрген жерде алып із қалдырыпсың,

Зобалаңын елемей замандардың,

Мәңгі өшпейтін рухтай жаңғырыпсың


Тәуелсіздік –қырансың қалықтаған,

Алты алаштың көгінде шарықтаған.

Көптен күткен халқымның сәбиісің,

Көк байрағым, желбіре, шабыттана.



ән «Өз елім»


2-оқушы. Кеше көрсек қол жетпейтін армандай,

Арзандатып бүгіп сыйға алғандай,

Үлесіңе сенің тиді тер төгу,

Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай, - деп ақын жырлағандай қазір әрқайсымыз да тәуелсіздік бізге қандай қиыншылықпен келгенін біліп, сезінуіміз керек.

3-оқушы: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!


Мұғалім: Иә, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті.

4-оқушы. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,

Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.

Республикам менің - әлемнің бай өлкесі,

Тынысы, ынта -жігер, берекесі

Ұлдары бар ғарыштан бақыт тапқан,

Қыздары бар, елімнің бір өлкесі.

Ұлт бірлігін сақтаған сырбаз әлем,

Кім жырламас көрікті, байтақ жерін

Әлемге әйгілі іргелі, Қазақстан,

Бұл менің кіндік қаным тамған жерім.

Ән: «Елім менің»

Сөзі: Н.Назарбаев. Әні: Б.Тілеуханов.


1-оқушы:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз


2-оқушы:

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз

«5»тік болсын бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі.

3-оқушы:

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

«Айналдым сенен!» Өткен -ау, өмір!

Өткен- ау заман не түрлі,

Қара нар өтпес қайғы төс асу секілді.

Тарланбас тарих тар жолдан шығып көсілді,

Түзейсің енді, түзейсің қазақ, бетіңді.

Аймандай тарих

Аясы күн мен ай, жылдың,

Боздаумен жүріп, боздақтан талай айырылдың.

Сүрінбей өткен сүліктей қара айғырдың,

Жалында кеткен жалындарды ойлап қайғырдың.

Өткен- ау, өмір!

Өткен- ау, заман не түрлі,

Жығылған атан, жықпылды сайлар секілді.

Көркейіп күліп, көтеріп бүгін төсіңді,

Түзейсің енді, түзейсің қазақ, бетіңді.

Алдыңда жылдар..

Алдыңда құздар бар шығар,

Алланың құлы, алдыңнан жолың ашылар.

Алқап боп алтын аңқылдап сені қарсы алар,

Жеріңе берген, еліңе берген тамшы нәр.

Өткен- ау, өмір!

Өткен- ау, заман не түрлі,

Өртенген орман ерте өлген арман секілді.

Қарғып өттің сен қара түнектен кесірлі,

Аман жеткіздің арманда кеткен есімді.

Айналдым сенен!

Айналдым қазақ, мың рет!

Сен үшін ғана соғып тұр бұл жүрек!


Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.

Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!

Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!

Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.

Ән: «Көк тудың желбірегені»









































Автор
Дата добавления 07.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров220
Номер материала ДВ-236787
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

1 год назад

Благодарю за сотрудничество

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх