Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Внеклассная работа на тему
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Внеклассная работа на тему

библиотека
материалов

Ж Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжі



«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасы

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1487.JPG















Тәрбие сағаты «Наурыз-думан»

3 а КШТ тобы

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1467 - копия.JPG

















Тәрбие сағаты: «Наурыз-думан»

Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

1 – жүргізуші Насима : Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. 
2 – жүргізуші Рафаель : Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\IMG_0609.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\IMG_0608.JPG
1 – жүргізуші Насима Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күні !
2 – жүргізуші Рафаель Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші Насима Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші Рафаель Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
1 – жүргізуші Насима Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді.  Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.  Бұл біздің халқымызда  күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. 
C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\IMG_0620.JPG C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\IMG_0614.JPG







2 – жүргізуші Рафаель Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. 
1-студент
C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1392.JPG

Наурыз-шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарқанға толған асы. 
2-студент
Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын-күлкі осындайда,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.
3-студент
Көрінер ағаш сұлу алмасымен,
Соғады ұста темір балғасымен.

Барады жыл айналып көрмегелі,
Аман ба ауыл-аймақ мал-басымен?
C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1388 - копия (2) - копия.JPG

1 – жүргізуші Насима Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1364 - копия (2) - копия.JPG C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1371 - копия (2).JPG

2 – жүргізуші Рафаель Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған? Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.



1 – жүргізуші Насима Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Ендеше, халқымыздың тарихына тоқтала, Наурыз күндерінде қандай салт-дәстүр, ырымдар жасағанына сұрақ-жауап жүргізейік!
1. Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
2. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
3. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
4. Ескі киімдерін тастаған.
5. Ескірген шыны аяқты сындырған.
6. Бір-біріне гүл сыйлаған.
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - «күн символын» салған.
8. Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
9. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
10. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.Наурыз күні – араздасу, харамдыққа жол беру – ауыр күнә.

2 – жүргізуші Рафаель

Наурыз мейрамына байланысты атаулар білетін болсақ атап көрелік!
Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін!
C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1383 - копия (2) - копия.JPG C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1387 - копия.JPG

1 – жүргізуші Насима Наурыз мерекесінде неше түрлі ойын ойындалады. Бүгін біздер технология студенттерімен түрлі жарыстарды қызықты өткізейік! Ежелгі ойындардың бірі- Кім жылдам? Ойыншылар ойынға әр топтан екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп,екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының бірдей етіп ұстайды.Ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан белбеу тастайды да 1,2,3 деп санайды. «Үш» дегенде кім еңкейіп белбеуді бірінші алса, сол жеңімпаз.Осылайша ойыншылар соңғы ойыншыға дейін жарысып, жеңімпаз анықталады.

2 – жүргізуші Рафаель «Аударыспақ» ойыны. Негізінде бұл ойын ат үстінде ойналған. Ортаға әр топтан екі студент шығады. Бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастырады. Жүргізуші 1,2,3, деген кезде, қарсыласын арқалап жоғары көтеруі керек. Кім көтерсе сол жеңімпаз.

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1381 - копия (2) - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1396 - копия (2) - копия.JPG

1 – жүргізуші Насима Наурыз мерекесінің сәні жастар болған, ән айтып, алтыбақан теуіп, ақындары айтысып, ақсүйек ойнаған. Бізде бөлме іші болғандықтан «Жүзік тастау» ойынын өткізейік! Ойын шарты: Жүргізуші қатарласа отырған жастардың қос қолдарына жүзік салып өтеді. Жүзік алған ойыншы шапшаң орнынан тұруы қажет. Қасында отырған көршісі ұстап қалуға тырысады. Ұстап алса ойыншы, ұстамаса көршісі айып төлейді. (Ән айтады ,би билейді)

Алтын жүзік жоғалды

Жоғалғанда кім алды?

Алыстан ұры келген жоқ

Осы топтан бірі алды


C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1414 - копия (2) - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1415.JPG


C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1418.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1419.JPG



2 – жүргізуші Рафаель Біздің ұлттық киіміміз өте әдемі ерекше көктем гуліндей. Бүгінгі мерекемізге «Технология» мамандығы студенттерінің әр түрлі материалдан дайындаған сән үлгілерін назарларыңызға ұсынамыз!

  1. Ойын «Елім менің»

ШҚ, АЫ, ҚҒ, ОА әріптерінен құралатын сөздер

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1434 - копия (2) - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1435 - копия (2) - копия.JPG

1 топ

ШОҚЫ – қыр, бел, төбе

АҚЫҚ – Біржан Салдың әні,

Теміртас асыл ... қарақтарым,

Үкідей мен сендерді балақтадым.

ОШАҚ – қазан қайнататын орын

АҚША - ... болса қалтаңда

Алшаңда батыр алшаңда

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1436 - копия (2) - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1437 - копия - копия.JPG

2 топ

ҚОҒА – суда өседі

АШЫҚ – жабықтың антонимі

АҒАШ – Жалғыз адам қорған болмас,

Жалғыз ... орман болмас

ОҒАШ – әбес, қате сөздерінің синонимі

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1438 - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1441 - копия.JPG



ЕӘ, ЕІ, МС, ШК әріптерінен құралатын сөздер


3 топ


ӘКІМ – ауыл, қала, облыс басқаратын басшы

ЕСІК – киіз үйдің сықырлауық деп аталатын бөлшегі

КЕМЕ – екеуінің басын ұстаған суға кетеді

ӘКЕМ – менің баламның атасы

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1442 - копия.JPG C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1443 - копия.JPG

4 топ

КЕСЕ – пиала, шыны

ЕСЕК – төрт түлікке жатпайтын жануар, төлі қодық

ӘШІМ – Актер Асанәлінің әкесі

ЕСКІ – көне зат

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1445.JPG C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1446 - копия.JPG

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1448.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1449.JPG


1 – жүргізуші Насима Сіздерге халық жұмбағын жасырайық

«Атасы мен анасы,

Үш жүз алпыс бес баласы,

Он екі ауыл шамасы,

Отыз ор дуадақ,

Бес балақ сан,

Елу екі қарақшы»,—

жұмбақтың жауабы, қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күн —«бес қонақ» деп аталады

2 – жүргізуші Рафаель Көктем келіп жер аяғы кеңігенде ойналатын балалардың сүйікті ойыны «Асық ату». Ептілікке , шапшаңдыққа үйретіп, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ойын шарты : Асықтарды сызыққа тізіп, кезектесіп атады ,кім көп асық ұтса сол жеңімпаз.

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1467 - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1486.JPG

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1393 - копия (2).JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1394 - копия (2) - копия.JPG

1 студент: Ұлыс күні құтты болсын,C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1465.JPG

Ақ кетпесін таңдайдан!


2 студент: Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!


3студент: Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.


4студент: Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1482.JPG


5студент: Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.


6студент: Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.         

                                              

7студент: Тыныш болсын даламыз,

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1480 - копия.JPG

8студент: Таза болсын ауамыз,


9студент: Тұнық болсын суымыз.


10студент:Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.


11студент: Ұлыс оң болсын,C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1406.JPG

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!


12студент:Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәлі-жала жерге енсін!


13студент:Малың базарлы,

Ұлың назарлы,C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1487.JPG

Қызың ажарлы болсын!


14студент:Бай қылсын,

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін


15студент:Дәулетің шалқып, сел болсын,

Дастарқаның кең болсын!

Бәрі бірге, жіптен құрылған өрмекті жоғары көтере:

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!

Қорытынды . (жүргізушілер кезектесіп)

Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Ұлыстың ұлы күнінде:
Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын!

Ақ берсін, Қыдыр дарысын!

Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1426 - копия (2) - копия.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1422 - копия (2).JPG

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1424.JPGC:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1499.JPG







Ж Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжі



«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасы

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1487.JPG













Тәрбие сағаты «Наурыз-думан»

3 а КШТ тобы

C:\Users\Asima\Desktop\Наурыз 2014\SAM_1467 - копия.JPG


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

           Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.                                               Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.   

 

1 – жүргізуші Насима :   Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. 
2 – жүргізуші Рафаель :   Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
1 – жүргізуші Насима Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күні !

2 – жүргізуші Рафаель Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші Насима Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.

Автор
Дата добавления 19.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров293
Номер материала 318107
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх