Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Внеклассная работа на тему "Черпая силы от природы, в будущее..."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Внеклассная работа на тему "Черпая силы от природы, в будущее..."

библиотека
материалов

hello_html_m61882354.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_m1174b09d.gifhello_html_6892b9db.gifӨтілетін күні: 09.12.2013 ж.

Өтілетін орны: акт. залы.

Уақыты: 1330 сағат.

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: « Табиғаттан нәр алып, болашаққа...».

Мақсаты:

  1. Білімділік: еліміздегі қалын жұртшылықты алаңдатып отырған экологиялық мәселелер туралы оқушылармен пікір алмасу, оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретініне көз жеткізіп, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

  2. Дамытушылық: экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту, математиканы адам өмірінде әртүрлі салаларда қолдануға болатындығына көз жеткізу.

  3. Тәрбиелік: қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Көрнекіліктер: слайд, суреттер, нақыл сөздер, экологиялық кітаптар.

Қатысушылар: 6а,б,в сынып оқушылары.

Әділқазылар мүшелері: Мектеп әдіскері, математика пәнінің мұғалімі мен 10-11 сынып оқушыларынан құрылған 4 мүше.


Жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлімі.

    1. Топтардың таныстыруы.

    2. «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» үй тапсырмасы. (Қызылорда облысының экологиялық жағдайы туралы презентация қорғау- топ басшылары)

    3. «Экология математикалық есептеулерде» есептер шығару.

    4. «Ғаламшарды жақсарту үшін, біздің қолымыздан не келеді?»

ой – толғау.

    1. «Білгенге – маржан» табиғат жанашырларына сұрақтар.

(залмен жұмыс)

    1. Викториналық сұрақтар топтарға.

  1. Қорытындылау. «Жүректен-жүрекке» тренингі арқылы табиғатқа тілек айту.

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде бүгін информатика, физика, математика апталығы басталды. Осы апталық аясында 6-сыныптар арасында өткізгелі тұрған «Табиғаттан нәр алып, болашаққа...» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

«2013 жыл- қоршаған ортаны қорғау жылы». Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі - табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейтесті мәселелерге айналып отыр, өйткені техникалық прогресстің және адамның ойланбай жасаған әрекетінін салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда. Экология –ол қоршаған орта, ал қоршаған орта – ол табиғат. Математика пәні – кеңістіктер мен сандар туралы ғылым. Ал кеңістік пен сандар табиғатпен, бүкіл болмыспен, бар дүниемен байланысып жатыр. Табиғатты зерттеумен табиғаттың рухани материалдық байлықтарын ұқыпты игеруге өлшеп, есептеп, саралап алмай мәселені шешу тіптен мүмкін емес.

Халық ұғымында табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Демек, бүгінгі іс-шарамыз табиғат туралы болмақ.

1-жүргізуші: Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады.

2-жүргізуші: Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер ғаламшарын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді.

1-жүргізуші: Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер ғаламшарын-адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.

2-жүргізуші: Ей, замандас!

Алдымен досыңды ұқ.

Досың-жер,су,ауа,өсімдік

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

1-жүргізуші: Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,

Барын сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ, замандас, әр ұрпаққа туған жер

Не берсе де беретіні-қарызға

Олай болса, ортаға 6 сыныптар топтарын шақырайық.

6 «Б» сыныбы «Жер» тобы, 6 «А» сыныбы - «Ауа» тобы, 6 «В» сыныбы - «Су» тобы.

1-жүргізуші: Әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Мектеп әдіскері – Саденова Анар Жанабергенқызы,

Математика пәнінің мұғалімі – Құдайбергенова Ұрсулу Әбдірашқызы

10 сынып оқушысы –Мақшат Анар

11 сынып оқушысы - Ембергенов Нұрберген

2-жүргізуші: Ойын ережесі: Топтың таныстыруы 5 ұпаймен бағаланады. Әр топтың алдында сигналды карточка жатыр. Топқа сұрақ берілгенде, қай топ бірінші сигналды карточкасын көтерсе, сол топ бірінші жауап береді. Егер сұраққа үш топта дұрыс жауап бере алмаса, сол топтардың жанкүйерлері жауап беруіне болады. Әр есеп 3 ұпаймен, ал сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Егер жанкүйерлер жауап берсе олардың ұпайы сол топтың өзіне беріледі. Әр сыныптың экология, табиғат туралы салған суреттері топқа ұпай болып қосылады.

1-жүргізуші: 1-тур. Әр топ өзін-өзі таныстырып, бірден үй тапсырмасын жалғастырып кетеді. Үй тапсырмасы «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» ( Қызылорда облысының экологиялық жағдайы туралы) презентация, топ басшылары қорғайды.

2-тур. «Экология математикалық есептеулерде» топтар есептер шығарады.

3-тур. «Ғаламшарды жақсарту үшін, біздің қолымыздан не келеді?» ой-толғау.

4-тур. «Білгенге – маржан» табиғат жанашырларына сұрақтар. ( залмен жұмыс)

5-тур. Викториналық сұрақтар топтарға.

2-жүргізуші: - 6 «Б» сыныбы - «Жер» тобын ортаға шақырамыз..

Жер –қасиетті атау. Жер – адамзаттың мәңгі мекені, ортақ үйі. Жер адамның асыраушысы, сол үшін адамның жерге деген көзқарасы, махаббаты, қадірі мен құрметі, жанашырлығы, аялы алақаны ерекше. Ендеше осы ортақ үйімізге жанашыр жүрек, қамқор қол керек. Бұл кеудесінде жаны бар әрбір азаматтың ақ адал борышы.  

Туған жерім өзіңе не жетеді,

Далам менің мәпелеп тербетеді.

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді.


Ыстық сезім менде бар саған деген,

Бақыттымын шынында, бақыттымын

Өзен-көлім,қасиетті даламменен.


Ашық болса менің байтақ аспаным,

Туған жерім бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не,керегі не басқаның.


«Қызылорда – туған өлкем»

Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған.

Облыс ауданы 226 мың км2, бүкіл республика аумағының 8,3 % құрайды.

Облыста 7 аудан бар:

  • Арал ауданы;

  • Қазалы ауданы;

  • Қармақшы ауданы;

  • Жалағаш ауданы;

  • Сырдария ауданы;

  • Шиелі ауданы;

  • Жаңақорған ауданы.

Жер ресурстары:


Жалпы жер қоры –

24 036 000 га








  1. Қарағанда облысына ұзақ мерзімді пайдалануға берген

жер ауданы - 2205 га






    1. Байқоңыр кешені және Арал ауданының аумағында Сарышаған сынақ полигоны үшін Ресей Федерациясына жалға берген жер ауданы - 771 000 га





  1. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер-

12 948 000 га











Табиғи ресурстар

Қызылорда облысының минералды-шикізаттық ресурстарының көрсеткіштері:

Мырыш қорлары

қорғасын

уран

Мұнай, газ, конденсат қорлары

Жалпы Қазақстандық қорлардың жерасты сулары

15,1 %

9,6 %

13,7 %

4,7%

3,4%


Су ресурстары

Сырдария өзені – 1280 км

Арал теңізінің ауданы - 250 000 га

Халық

Облыс халқының саны – 694 000 адам.



Қала тұрғындары – 64,6 % ауыл тұрғындары – 35,4 %

4 қалаҚызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр

7 ауыл, 263 елдімекен бар.


XXI ғасырда бүкіл дүниежүзін елеңдеткен өзекті мәселелердің бірі атмосфераның ластануы. Қызылорда облысында осындай аумаққа Байқоңыр кешені мен Арал теңізі жатады.

1-жүргізуші: 1 сайысқа 6 «А» сыныбы – «Ауа» тобын шақырамыз.

Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атауларының өмір өзегі – ауа. Адам бар-жоғы 1-2 минут ғана дем алалмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда – «Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады.

Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы,

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Сондықтан, тіршілікті ауасыз елестету мүмкін емес.




«Байқоңыр – ғарыш кешені»


Қандай қиын күресте өткен күндерің

Тағдырыңның айлағы боп тұр жерің.

Туған үйің ғарыш қана шынайы

Ол – сенімен,

Сен онымен мәңгіліксін ұдайы

Әбунасыр әл-Фараби


Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді. Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді.
Космодром 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырандары осы Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық оттек, сұйық азот өндіретін завод бар.  

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді.

Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды;
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалды;
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды . Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.

Зымырандарға жағылатын отын улы және усыз қосылыстардан тұрады.
а) Усыз отынның негізгі компоненті — сұйық күйіндегі оттек және сұйық күйіндегі сутек болады.
ә) Өте улы зымыран отынның құрамында – “самин” және “меланж” болады. Сонымен қатар, гептил бар. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, әсемдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша улаңдырады, олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

2-жүргізуші: Ендігі кезек 6 «В» сыныбы – «Су» тобы.

«Сулы жер – нулы жер», «Жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су ішесің » деген халық сөздеріндегі – сусыз өмір жоқ, суды пайдаланбай ешбір халық шаруашылығы алға баспайды. Сол себепті халық суды өмір нәрі, денсаулық кепілі деп санайды.

Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай-Ананы,

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын.

Сонымен, су – табиғаттың жаны, қара жердің сәні.


«Аралым – айдын шалқарым» .

Арал тенізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2 .

Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 % дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен.

Осындай факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: 
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
 
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
 
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
 
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
 
-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
 
Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.

«Арал теңізінің экологиясы» туралы слайдтар.

аральское море

аральское море


аральское море


аральское море



аральское море



аральское море


аральское море

аральское море


аральское море


аральское море

аральское море


аральское море


аральское море


аральское море


аральское море


аральское море

аральское море


аральское море


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур

Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур

Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур



Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур

Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур

Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур

Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур


Экскурсия по легендарному космодрому Байконур

http://www.kyzylorda-city.kz/admin/upload/images/36.JPG






2-жүргізуші: Иә, облысымыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз ғой?

1-жүргізуші: Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Келесі кезекте, «Экология математикалық есептеулерде» деп аталады.


1 есеп.


Қандай ел, тағамдар үшін пенопласттан жасалған қорапшаларды өңдеуін тоқтатып, табиғи заттармен ауыстыруды талап етті?


К. 4,8-3,21 И. 2,3·0,6 Т. 4,23·0,1 А. 2,5+9,34 Й. 57,5:2,3

1,59

1,38

0,423

11,84

25

К

И

Т

А

Й


2 есеп


hello_html_7d1c159.png


Мектепте бір күнде шамамен 2800 грамм қағаз қалады екен. Бір оқушы қанша грамм қағаз тастайды? Егер мектепте 700 оқушы және бір жылда 210 оқу күні болса бір жылда мектеп оқушылары қанша қағаз тастайды?

Егер 1 тонна тасталған қағаз 12-14 талды сақтап қалатын болса, біз қанша тал сақтап қала аламыз?

( 1. 1 оқушы 4 грамм қағаз тастайды.

2. 588 000 г немесе 588 кг.

3. 6-7 тал сақтап қаламыз)






3 есеп

http://cdn3.img22.rian.ru/images/94472/87/944728739.jpg

Егер краннан су қарындаш қалындығындай болып ағатын болса, онда 1 минутта қанализацияға 3 л су босқа ағады екен. Егер оқушылар 10 минуттық үзілісте кранды ашық тастап кетсе, онда 3 краннан қанша литр су босқа ағып кетеді екен?

(90 л )

4 есеп

Таза ауада өмір сүру үшін, қалада әр тұрғынға 25 м2 жасыл өсімдік болу керек екен. Қызылорда облысында тұрғындар саны 694 000 адам болса, жасыл өсімдіктің ауданы қандай болу керек?

(17 350 000 м2)


https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcT3PzdSBzm_Rf9ZZDjB6NDpxGeY9C9Y5_xTvsTHwDCzyQ7QAcIB

Ән «Теріскей» орындайтын 6 в сынып оқушысы Көмекбаева Камила


1-жүргізуші: «Білгенге – маржан» табиғаттың жаңашырларына сөз берейік. Ендігі кезекте экология мен табиғат туралы сұрақтар.




2-жүргізуші:

1. Экология сөзін қалай түсінесіздер?

Жауабы: Эко-үй, мекен ; логос – ғылым. 1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Тірі ағзалардың бір-бірімен қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы.

2. Жер ғаламшарының массасы қанша тонна?

Жауабы: 52 миллион тонна.

3. Күніне адам 1 кг ас пен 2 л су пайдаланады, сонда қанша кг ауа жұтады?

Жауабы: 12 кг.

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Ғаламшарды жақсарту үшін біздің қолымыздан не келеді? Ой-толғау. Мына гүлдің ішінен әр топ бір-бір сұрақтан алып жауап береді.

1.«Егер табиғатқа тіл бітсе...» жүректерінен шыққан шығармаларын айту.

1-оқушы: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол бізге былайша тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағымен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір таза ауаммен дем алдың. Жер Ана сені асырады, бақты, ұрпағың ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Бүгінгі күніме қарашы? Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін меннен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? – дейді табиғат.

2.«Егер мен суретші болсам...»

2-оқушы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім. Табиғат – адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғаттан ғажайып, одан сұлу, одан бай алуан түрлі жаратылған, оған тең келер еш нәрсе жоқ. Адам баласы табиғат құшағында тіршілік етіп, өмір сүреді. Жануарлар, өсімдіктер дүниесі судағы тіршілік жанды-жансыздардың бәрі адамзат тіршілігімен кіндіктес. Табиғаттың қилы сырлары, қойнауындағы бар байлығы адам игілігі, тіршілік үшін жаралған.

3.«Егер мен ақын болсам...»

3-оқушы: Егер мен ақын болсам , елімнің орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім. Табиғатқа байланысты өлең оқу.

Күн сәулесі төгілген әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік-биік шыңдарымда әдемі.

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі.

Асар салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.


Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендерде, дүниедегі ең әдемі!


Ән «Туған Жер» орындайтын 6 «а» сынып оқушылары Исалдаева Арайлым, Байжан Сымбат, Исалдаева Айжан.


2-жүргізуші:

Жас достарым мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
 
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
 
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
 
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
 


Викториналық сұрақтар:



1-ТОПҚА :

1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5) 
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)
 
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
 
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сандар? (1,2,3)
 
5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?

(Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)


2-ТОПҚА:


1.Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4) 
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
 
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
 
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
(50 кг) 
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50) 



3-ТОПҚА:

  1. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40 км)

  2. 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

  3. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

  4. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

  5. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)


2-жүргізуші:

Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр,

Өзіне назар салып қарасаңыз

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр

(глобус)

http://demiart.ru/forum/uploads3/post-100384-1244200312.jpg


1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі іс-шарамыздың қорытындысында «жүректен-жүрекке» табиғатқа тілек айту.


hello_html_m63bcbfb7.gif


  • Гүлдей бер, Жер-Ана!

  • Аспаның ашық болсын!

  • Аспаныңды бұлт торламасын!

  • Тоғайың аң мен құсқа толы болсын!

  • Суың мөлдір, таза болсын!

  • Өзен,көлің, теңізің балықтарға толсын!

  • Бақтарың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

  • Күнің жарық болсын!

  • Табиғатты қорғау үшін бәріміз ағаш егейік!

  • Жасымыз бар кәріміз бар, таза ауа үшін терімізді төгейік!

-   Бұлақтай мөлдір таза бол!

-  Жұлдызың жарық болсын!

Хормен: Табиғат сені сүйеміз

Басымызды иеміз.


Ән «Туған Жер» орындайтын 6 «а» сынып оқушылары

Сағынай Айдана, Тлеубаева Жасмин.


2-жүргізуші: Табиғат – бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету- біздің парызымыз.


1-жүргізуші: «Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау- әрбір адамның төл мәдениеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.


Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.










МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

Қ.Қ. ТОҚМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ № 14 ОРТА МЕКТЕП







СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

«Табиғаттан нәр алып, болашаққа...»




6 сынып









МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

ЖЕТРУОВА ГҮЛНАР ЗВАЙРАХАНҚЫЗЫ














БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ

2013 жыл

Краткое описание документа:

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: « Табиғаттан нәр алып, болашаққа...».

Мақсаты:

1.     Білімділік: еліміздегі қалын жұртшылықты алаңдатып отырған экологиялық мәселелер туралы оқушылармен пікір алмасу, оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретініне көз жеткізіп, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

2.     Дамытушылық: экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту, математиканы адам өмірінде әртүрлі салаларда қолдануға болатындығына көз жеткізу.

3.     Тәрбиелік: қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Көрнекіліктер: слайд, суреттер, нақыл сөздер, экологиялық кітаптар.

Қатысушылар: 6а,б,в сынып оқушылары.

 

Әділқазылар мүшелері: Мектеп әдіскері, математика пәнінің мұғалімі мен 10-11 сынып оқушыларынан құрылған 4 мүше.

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров377
Номер материала 311710
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх