Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Внеклассный час Менің елім Қазақстан
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Внеклассный час Менің елім Қазақстан

библиотека
материалов

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың азаматтық – отансүйгіштік құндылықтарын дамыту

Рахипова М.Қ.

13 ота мектеп Талдықорған қаласы

m.rahipova@ mail ru


«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе»

Б.Момышұлы

«Біздің болашағымыз – жастар.Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деп Елбасымыз «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

атты Жолдауында қазақстандық патриотизмге нақты тоқтала отырып, ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге деген сүйіспеншілігі десек, объективті тұжырым болар деп ойлаймын.

Патриотизм - өз елінің табиғатына ,халқының тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік қана емес,ең алдымен ана тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін қалыптастырған,халқына деген сүйіспеншілік,осы халықтың бақытты болуына ұмтылу,отанына деген махаббат қана адам бойындағы батылдық сезімін оятып,оны үлкен істерге итермелейді.[Қ.Т.№32008ж105б]cheapest cialis onlinecialis and online consultationbuy cialis nowis generic cialis safegeneric cialis vs brand cialiscut cialis 20mgdiscount canadian cialisbuy cialis wherebuy generic cialis without prescriptioncialis 200mg

argaiv1195

Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік сезім болып келгені ақиқат. Бұл туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен негізді дерек табылады. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген ел азаматының адамгершілік және саяси қағидаты, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса, мемлекеттік міндеткер -лікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да – отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе, соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын, қажет болса, жанын салып Отанды қорғау екенін көне тарих дәлелдеуде.

Ел болашағы жастардың қолында .Бүгінгі жастарды алдымен отансүйгіштіке, адамгершілік -ке, ұлтжандылыққа, ізгілікке жалпы адамзаттық құндылыққа тәрбиелеуде осы патриотизмнің орны ерекше. Ал патриоттық тәрбие ең бірінші отбасынан басталады.Отбасындағы мейірімді әже, ақылды ата, ардақты әке, аяулы ана, жанашыр бауырларың,туыстарың, аға- інілерің арқылы тұлға бойындағы құндылықтар қалыптасады.Отбасының ыстық ықыласы мен мерейллі мейірімінен туындайтын отбасына деген махаббаттан ,Отанға деган махаббат туындайды.[Қ.Т№6,2014ж35б]

Бауыржан Момышұлының «Патриоттықтың негізгі қайнар көзі – отбасы және мектеп пікірі » деген пікірін де ескергеніміз жөн. Патриоттық тәрбиенің қалыптасуы – балабақша,мектеп. Яғни балабақшадағы тәрбие,мектептегі білім отбасындаға патриотизмді әрі қарай ұштастырады.

Туған жерге елге деген махаббат адамнан үлкен мәдениеттілікті, жалпы адамзаттың рухани қазынасына қазақтың қосқан үлесін біліп,оны мақтан етуді талап етеді. Нағыз патриот өз Отанының тағдырына көлеңке түсірмейді[Қ.Т.№32008ж105б ]

Қазақтың патриоттық ұстанымы әрқайсымызға бұрын-соңды көрмеген тұмса табиғаттай елестейді. Жаңа бір әлем, жаңа бір «ашылмаған арал» сияқты таңғалдырады. Бұған сенбесеңіз, сонау бала шағымыздан құлағымызға құйылып қалған туған жерге, Отанға, ұлтқа деген ойымызға, іс-қимылымызға тиіген сайын, шығармашылық табиғатына үңілген сайын күрделі және аса жауапты шыңға айнала береді. Шынайы патриоттық сезім арқылы бой алатын ұстаным халық жадындағы құндылықтармен дәлелденуі тиіс.

Мұндай қасиеттер дүниеге келген кезден айналадағы құбылыстардан сусындап қалыптасуы шарт. Бала кезден қазақтың жыр-дастандарымен сусындап, далалық салт-дәстүрдің сарқытын қанып ішкен шығармашылық әлемінде де өзіндік даралық, көркемдік ірілікті таңдап білу арқылы келуі мүмкін, яғни Отан, ұлтсүйгіштік сипатты меңгеріп, ойлау жүйесі қалыптасқан ұлттың өсетінін адамзат тарихы анық дәлелдеп келеді.

Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасты. Себебі, өте ертедегі сақ дәуірінен ресей отаршылдығына дейінгі аралықта тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп ,келешек ұрпаққа Алтайдан – Атырауға дейінгі кең байтақ өлке мен бай рухани қазынамызды қалдырған батырлар, билер,хандар заманында «Патриотизм» деген сөз хатқа жазылмасада, халқымыздың батырлар жырларында, тарихи аңыз – әңгімелер мен шешендік сөздерімен жыр – дастандары арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жетті.

Ендеше ,Қазақ патриотизмі биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата – бабаларымыздың қаһармандық ерлік,батырлық,Отансүйгіштік тәлім – тәрбие беру идеяларының жиынтығы. Оның дәлелі ,халықтың зор мәнге ие рухани мол мұрасында, түркі - қазақ ойшылдарының

( М.Қашқари,Ж.Баласағұни, А.Яссауи,Асан Қайғы,Шалкиіз Ақтамберді,Бұқар жырау, Махамбет, Шоқан, Ыбырай , Абай ) сынды даналарымыздың ой – пікірлерінде көрініс тапқан. Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде жауынгерлік тәрбиеге аса зор мән берген.

Яғни қазақ батырларының ерлігі батырлығы және соғыс барысындағы жеңістері жас ұрпаққа Отансүйгіштік тәрбие беруде пайдаланылған. «Батырлар, арды сақта, еліңді сүй, ел үшін аязға тоң, жалында күй. Жіберме ердің арын,ел намысын,елің үшін қаның төк, жаныңды қи» деген идеяны естен шығармай, бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлық өмір кешкен Қабанбай,Бөгенбай; Райымбек; Жәнібек,Кенесары,Наурызбай,Махамбет, Исатай, Әлия мен Мәншүк секілді жүздеген есімді атауға болады.

Нағыз патриот адам жайшылықта дос-жаранға ашық-жарқын, абайламай сөйлейтін аңғал мінезі кең даланың жон арқасын жібітер жайма-шуақ жазға ұқсайды. Шынайы патриотшыл тұлға ұзақ сапар шегіп елінен жырақтаса, аңқасы кеуіп, сағынышқа толы жүрекпен туған топырағын иіскемейінше мауқы басылмайтын сияқты болып көрінеді. Патриоттық сезімді жоғары қоятын адам ой-өрісі мен іс-әрекеті бойынша өзін ұзаққа сілтейтін тарландай көрінетін болар деп есептеймін. Сол арқылы ол қолдайтындарды батыл шешімге, әділеттің ақ жібін аттамауға, шығармашылық оймен батыл іс-әрекетке, айбынды ерлікке жетелейді.

Осы орайда Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде», «Тарих толқынында» атты еңбектерінде мемлекет этностарға ортақ бір мақсат аясына топтасудың кезек күттірмейтін міндет екенін атап, бұл міндетті абыроймен күнделікті өмірге дарытуда отбасы, білім беру орындары, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рөл атқаратынын, олардың ықпалы аса тиімді болатынын баса айта отырып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуі» деген ойы қоғам мүшелеріне бағдарламалық бағыт болар.

Қазақстандық патриоттық ұстанымның негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, қағидаттары, құралдары бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбие арнасында солардың бірінің негіздері болмаса, ол жай сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзгенің кім екенін түсінбейді. Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол қоғамда ұстанған саясатымен анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына осы мәселелер анық көрсетілген болатын. Бүгінгі әлемнің күрделі тынысында тағы бір мәселені ескерген жөн. Таза біржақты ұлттық тәрбие кейбір сәтте ұлтаралық түсінбеушілікке соқтыруы мүмкін. Посткеңестік мемлекеттер қайсыбірінде болып жатқан қантөгісті жанжал, меніңше осындай саясаттың салдары болса керек. Әсіресе, патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені баршамыз бірқалыпты түсініп, оның шарттарын бұлжытпай орындау – аса жауапты және күрделі іс. Кейбіреулер «ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен», – десе, ал келесілер «ұлттық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен», – дейді. Шындығында, ескі жаңамен үйлесім тауып жатса, өміршең келеді. Бүгінгі егемен Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр.

Себебі, Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат туған өлкесін сүйіп, соның азаматы болу, оны қорғау, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу дәстүрі де бар. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс.. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады.

Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезекте тұрады. Міне, осы жалпы адами құндылықтар жалпы тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Айналаңдағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету отансүйгіштік сезімнің терең бойлауына мұрындық бола алады. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен жайып тамырлануына негіз нығаяды. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі сыңайлы сезімі қалыптасып, бойлай береді. Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін бүкіл адамзат эволюциясында сыннан өтіп, пісіп-жетілген белгілі алғышарттар атқаратын міндет те маңызды.


Бүгінгі таңда оқушыларға Отансүйгіштік тәрбие беруде халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім – тәрбиелерін үлгі ететін тәрбие жүйесін құру қажеттілігі Қазақстандағы білім саласының маңызды мақсаттарының бірі болып отыр.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан Отансүйгіштік тәлім – тәрбие дәстүрлерін, әдебі мен мәдениетін жинақтап, оны бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне оқу үрдісінде қолдану – уақыт талабы. Осы орайда мен тарих сабағы барысында оқушылар бойына Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыруда заман талабына сай түрленген сабақтарды өткіземін. Тарихтағы хандар, билер, батырлар мен халық даналары туралы тақырыптарды өткенде «Тұлғаны таны», «Суреттік кескіндеме», «РАҒТ стратегиясы», «ІNSERT» cтратегиясы, «Рольдік оқу», «Эссе»жазу т.б. оқыту тәсілдері арқылы бала бойына сол тұлғалардың істерінен қызметтерінен Отанға деген махаббаттарынан кішкене болса да сезім ұялатуға тырысамын. Төменде (сабақтан көріністер)


D:\сурет мектеп\20140922_112720.jpg D:\сурет мектеп\20140922_111245.jpg D:\сурет мектеп\20140922_111702.jpg D:\сурет мектеп\20140922_102103.jpg

Сондай – ақ мектептегі тәрбие жұмысы үрдісінде де оқушылар ата – баба дәстүрімен, ұлттық салт –санадан хабардар болып отырады. Оны түрлі мерекелерде өткізілетін іс-шаралардан көре аламыз. Мысалы біздің қаламызда жылда өтетін «Ата –баба дәстүрі» байқауында оқушылар хандар мен билердің ролін сомдаса, Ұлы жеңістің 70жылдығына арналған кеште Отан үшін от кешкен Б. Момышұлы Әлия мен Мәншүктердің ролін көрсете отырып,

D:\безоп.колесо. фото\DSC01483.JPG D:\безоп.колесо. фото\DSC01481.JPG

ерліктің үлгісі болған тарихи тұлғаларды қалай құрметтейтіндіктерін,үлгі тұтатындықтарын көрсетті.

Қазір мектептерде «Жас жол инспекторы », «Жас эколог», «Жас өрт сөніруші», т.б. көптеген үйірмелер мен қосымша сабақтар, әртүрлі тақырыптағы факультатив сабақтар өткізілетіні баршаға аян. Осындай мектепішілік,қалалық өткізілетін олимпиадалар, байқаулар іс-шаралар оқушылар бойында өз елі ,өз тарихы,тұлғалары туралы қаншалықты білім бар екендігін көрсететін орындыр. Мектеп мүғалімдері өз істерінде оқушы бойына барынша Отансүйгіштік пен ұлтжандылықты дарыта білетін бірден –бір тәрбиеші дер едім.

D:\безоп.колесо. фото\AXReaNWOlds.jpg D:\безоп.колесо. фото\w0lqmJ5OVsE (1).jpg D:\ПапаМама\Суреттер\20150127_132243.jpg

Мектепте өткен іс-шаралар көрінісі

Жаңарған қазақстандық патриотизмнің мазмұнын қазіргі қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтарымен қатар, ұлттық мәдениеттің дәстүрлі нышандары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Тарихымыздың табиғи дәстүрлерін сақтай отырып, казіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере келе, отандастар туған елін ең алдыңғы қатарлы шепте ұстай алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жетіліп толысқан отансүйгіштік сезімі сенімді кепіл болады.

Қоғам дамуындағы өзгерістерге байланысты жалпы білім беретін мектептер мен ондағы мұғалімдерге өз істерін жаңашылдықпен, жауапкершілікпен атқару талабы қойылуда. Жас ұрпаққа халқымыздаң тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету маңызы зор. Оны есте қалдыру ,оқушы санасына терең сіңіру, әр – бір пән мұғалімінің өзіндік шеберлігін, шығармашылық еңбегін қажет етеді.

«Біз тәуелді болып, еңбектеп, басымызды иген де халықпыз.Тізерлеп отырған да халықпыз. Біз халқымызға түсіндіруіміз керек: тіземіз ендігі кезде ешкімге бүгілмейді,бұдан бұлай ешқашан еңкеймейміз де.Тік тұрған қалпымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен тәнімізбен қызмет етеміз, тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де жастарымызды да тәрбиелеуіміз керек»,- деп Елбасшымыз Н.Назарбаев айтқандай қайсы мемлекеттің де тірегі - білімді де білікті, іскер, белсенді азаматтары

Патриотизм өз – өзімен қалыптаспайды . Ол оқу – тәрбие процесінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Қазақстандық патриотизм әр азамат өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде ғана қалыптасады. Бәсекелестікке қабілетті елу ел қатарына,әлемдегі жан – жақты дамыған отыз астананың санатына еркін ене алатын мемлекетті құру ісінде қазақстандық патриотизм негізінде «Қазақстан ортақ үйіміз» деген идея алынған.Біздің елімізде жастарды азаматтық, патриоттық тәрбиелеу жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі

Жалпы әлемде азаматтар бойына патриоттық сезімді нысаналы түрде ұялата білген, оларды патриоттық мінез – құлық үлгілерінен ,өнерінен байқуға болатын ұлттық нышандар –Туына, елтаңбасына Әнұранына,ұлттық мерекелеріне Құрметпен қарау орын алған Өркениетті елдер аз емес. Ендеше Егемен еліміздің Тәуелсіздігін айшықтайтын Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымызда бүгінгі өскелең ұрпақтың мақтанышы мен құрмет тұтар қастерлі де қасиетті тұмарына айналуы да патриоттық пен ерік – жігердің көрінісі деп білем.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, бабалар ұстанған тәуелсіздік,еркіндік тұғырнамасын тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Елбасының Жолдауындағы Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан – 2050» Стратегиясының түпқазығы дейтін болсақ, ақиқаттан алыс кетпеспіз.

Отанын сүйетін және қастерлейтін жастар тәрбиелеу – ең маңызды мәселе. Жалпы мектепте қандай да бір іс жүйелі жүргізілсе,әрбір пәнде өз жалғасын тауып отырса, біздің де алға қойған мақсатқа жетеріміз анық. Бұл жолда ең алдымен мұғалімдер,әсіресе тарихшылар қауымы талмай ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз отанын сүйетін, мақтаныш ететін,елін, жерін қастерлейтін ұрпақты үлкен өмірге сеніммен аттандыра аламыз.



Қолданылған әдебиеттер.

Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» Алматы «Атамұра» 1999ж

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде»

«Қазақстан – 2050 » стратегиясы 15.12.2012ж

Қазақ тарихы журналы №3, 2008ж

Қазақ тарихы журналы №6, 2014ж

Қазақ тарихы журналы №8, 2014ж



Автор
Дата добавления 13.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров125
Номер материала ДВ-523718
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх