Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыВнеклассный час на тему "Айбары асқақ Ата Заң"

Внеклассный час на тему "Айбары асқақ Ата Заң"

Скачать материал

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыс

 
 

 

 

 


Тақырыбы: «Айбары асқақ Ата Заң»

 

(сыныптан тыс сабақ)

 

 

 

 

Жүргізген: тарих пәні мұғалімі

Ж.Хадет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 ж.

Мақсаты:

Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру.

Міндеттері:

• Оқушылардың құқықтық сауаттылыққа, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс- пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.

• Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.

• Оқушыларды Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Көрнекілігі: «Айбары асқақ Ата заң» тақырыбы жазылған плакат, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба

Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. «Азаттық», «Әділет»,  «Еркіндік» топтары

Сабақтың барысы.

Еліміздің елұраны ойналады.  

 

Кіріспе сөз. Әрбір мәдениетті, білімді халықтың саналы азаматтық деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – ол халықтың өзіндік құқығы мен төл заңдарының болуында. ҚР-сының Конституциясы еліміздің сондай басты саяси құқықтық құжаты болып табылады. Еліміздің осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолын саралай отырып, бүгінгі қолданыстағы Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы баяндаймыз.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзін құқықтық мемлекет деп жариялағаны баршамызға мәлім. Ал құқықтық мемелекетте заңды, еркіндікті және өз міндеттерін жақсы білетін , өзіндік пікірлерін білдіріп, ақпаратқа  сын көзбен қарайтын, кез келген уақытта көзқарасы мен құқықтарын қорғайтын азамат бірінші орында тұруы керек. Сондықтан да бүгін біз 9-класс оқушыларының жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, өзара пікірталас, ізденіс, кемел ой арқылы құқықтық білімнің  жаңа көкжиегін ашамыз деген үміттеміз.

1 кезең «Ата Заңым мақтанышым, қорғаным»

2 кезең «Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң»

3 кезең «Жеті Жарғы – дала Конституциясы». Көрініс

4 кезең «Кім жылдам?»

5 кезең «»

 

1-жүргізуші: Қазақстан –егеменді байрақты ел,

Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.

Ата заңым – елдігімнің еңсесі,

Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Армысыздар, аса қадірменді  ұстаздар мен оқушылар ! «Айбары асқақ Ата  Заң» атты сыныптан тыс  шарамызға   қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:

Ата заңым-Тәуелсіздік таңысың,

Арайланып атар ұрпақ  қамы үшін.

Әділеттің ақ жолына бастайтын,

Ата Заңым – туған елдің бағысың.

1-жүргізуші:

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.

ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы  бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

2-жүргізуші: 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.

ҚР Президенті-мемлекеттің басшысы,елдің жоғары лауазымды тұлғасы.

Ата заңым – ар-намысым, айбарым,

Болашағым, тектілігім, қайнарым,

Ата заңның аясында көш бастап,

Ел көгінде желбірей бер, байрағым!

Қазақстан қандай мемлекет?

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасы Егеменді тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.

1-жүргізуші:

Ендеше, демократиялық мемлекет қандай болу керек? Осы жөнінде ой өрбітсек.

Слайд.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сұрақ. Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген тарихи күнді ата.

     1- оқушы:1992 жыл 4 маусым.

2 сұрақ. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің авторлары

Рәміздердің авторы кімдер?

2- оқушы:Тудың авторы- Шәкен Оңласнұлы Ниязбеков.

                   Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.

                   Әнұранның авторы- Шәмші Қалдаяқов.

Мемлекеттік рәміздері қастерлеу- әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Президент жарлығы бойынша оларды ұдайы нассихаттау, азаматтар бойында Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру қажет.

2- оқушы:.алғашқы Конституция қай елде қабылданған?

Қай қоғамда да оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Қоғам мүшелері арасындағы келісімге негізделген бұл шарттар адамзат тарихында әртүрлі әдет- ғұрып, дәстүрлер, заң актілері, Ата заң   ретінде көрініс тауып келеді. Қазіргі ұғымдағы Ата заң алғаш рет 1787 жылы  АҚШ-та дүниеге келді.

3 cұрақ. Конституция туралы  мағлұмат бер.

3- оқушысы:

Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.Мемлекетіміздің құрылымын нығайтып,біздің міндеттеріміз бен құқықтарымызды айқындап берді.Гуманизм,әділеттілік,өзара қарым-қатынас принциптерін белгіледі.

ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің  оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.

     Қазақстан халықтары Ассамблиясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді.Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарын отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның  қабылдауын (30 тамыз) еліміздің негізгі Ата Заңы Коснтитуция мемлекетімізге, оның органдары мен ұйымдарына, бүкіл республика жұртылығын қызмет етуін атап өтуге тұрарлық алғашық бір мерейлі мәжілісіне де  жетті.

   4 – сұрақ. ҚР Конституциясының құрылымы.

Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.

1-         бөлім: Жалпы ережелер;

2-         бөлім: Адам және адамзат;

3-         бөлім:Президент;

4-         бөлім:Парламент;

5-         бөлім:Үкімет;

6-         бөлім:Конституциялық кеңес;

7-         бөлім:Соттар және сот төрелігі;

8-         бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;

9-         бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.

Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.

1-жүргізуші:

Ата Заңым – мемлекет айбыны,

Ата Заңым- ақыл ойдың айдыны.

Туған жердің  — Қазақстан елінің

Ата Заңмен қорғалады байлығы

2-жүргізуші:

Еркін елдің Ата заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам құқы бостандығы, теңдігі –

Барлығын да қарастырған жан-жақты.

Енді, балалар, Конституцияның кейбір баптарына  тоқталып өтейік..

1-бап.Қазақстан Республикасының демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін айтылған.

2-бап.Қазақстан Респуликасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі айтылған және мемлекетке сырттан қол сұғылмауы  қамтамасыз етілген.

3-бап.Мемлекеттік билік халықтың қолында, оны халық сайлау арқылы жүзеге асыра алады делінген. Ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.

7 бап

10-бап.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,ол қандай негізінде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады делінген.Ал оны ешкімнің айыруға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

12-бап.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды.Осыған орай әр азамат өз міндеттерін атқара алады.

14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

15- бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16- бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

17- бап. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.

19- бап. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.

  Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін  еркін таңдауға құқығы бар.

20- бап. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

21- бап. ҚР аумағындағы еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. (Оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарын көрсету)

Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар.Тынығуға құқығы бар. (Жазғы сауықтыру лагері туралы айтып кету)

?????№    Тұрғын үйге қол сұғылмайды. ҚР-азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

27- бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы  әрі  парызы.

Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға міндетті.

29- бап. ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

35-бап. Заңды    түрде белгіленген салықтарды    , алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.

36-бап. ҚР-ын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.

37-бап. ҚР-ның азаматтары тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

38-бап. ҚР-ның азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

«Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң »   ( әдеби монтаж ) 

 

 

1 – оқушы: —  Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

2 – оқушы:  — Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

3 – оқушы: — Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.

 Мерей – Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.

 Бастайтын болашаққа бас кемені,

 Осы жол халықтың да нақ сенері!

 «Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

 Елбасы қолын қойып Ант береді.

Перизат — Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Жапарбек. Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Жасарбек. Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

К.Аружан. Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Назира— Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, оның құқықтарын, оның бас бостандығын ең қымбат қазына деп танып отыр. Жалпы         мемлекетіміздің негізгі қызметінің түбегейлі принциптері мыналар деп танылды:

— Қоғамдық татулық;

— Саяси тұрақтылық;

— Бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;

—  Қазақстандық патриотизм;

— Мемлекеттік аса маңызды мәселелерді демократиялық  жолдармен шешу..

Т.Мадина. Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Мен — Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.

 

1-жүргізуші:

 

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

 Дауласып жармаспайды белдігіме.

 Бойында Ата Заңның өріліп тұр

 Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

 

2-жүргізуші:

 

Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған.

 

Көрініс. «Жеті Жарғыдан» үзінді.

 

?????????. кезең.

(сұрақ – жауап ) 10 сұрақ.

 

Бала құықтары туралы конвения қашан  қабылданды? /1989 ж.20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында/

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қашан қабылдады?

(1948 жыл)

Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралоық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған (Балалар құқығы туралы конвенцияға) сәйкестіріп жасалған.

2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды, сөйтіп Қазақстанның балалар құқығы туралы Заңы енгізілді.

 

ҚР-да адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып кім табылады?

(Президент)

ҚР Конституциясы бойынша   азаматтардың әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтары қандай?

(денсаулық сақтау, меншік иесі болу, еңбек ету)

ҚР-сының Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер соңғы рет қашан енгізілді?

(2011 жылы  ақпан)

Конституция латын тілінен аударғанда Құрылым, өкім деген мағынаны білдіреді

1-         жүргізуші.

 

Ата Заңым, алтын заңым ардағым

Аялаған адамзаттың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз

Әрбір бабың, тарауларын, тармағың.

 

Топтарға тапсырма.

1 топқа. Бүгінгі ата заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері.

2 топқа. Мектеп Конституциясының жобасын жасап ,қорғау.

3 топқа. «Кемел ойдың иесі». Егер сізге БҰҰ мінберінен сөйлеуге мүмкіндік берілсе, сіз мүше мемлекеттер алдында «Тәуелсіз Қазақстан»  деген тақырыпта қандай ой айтар едіңіздер?

 

1-жүргізуші: Барлығымыз мектеп Конституциясын қабылдап, қатысушылардың кемел ойларының куәсі болдық, «Балам бол, басқа бол —   бәріңе заң біреу-ақ» деп, Жүсіп Баласағұн  бабамыз айтқандай, құқықтық мемлекетіміздің заңды қадір тұтатын азаматы болайық.

2-жүргізуші: Осымен сынып сағатымыз соңына келіп жетті. Кезекті әнге берейік.

 

1-жүргізуші:

Өткізіп сан қырлы дүбірді,

Қоғамды орнаттық бүгінгі.

Елбасы жарқын жол ұсынып,

Тәуелсіз ел болдық тұғырлы.

2-жүргізуші:

Нық елімнің болашаққа сенімі,

Мерекеде шаттанады көңілі.

Ата заңның мәртебесі биіктеп.

Нұрлы болсын азат елдің өмірі,

Орнағанда әрбір елге заңдылық,

Ата берсін алдымызда таң күліп

Конституция елдігімнің еңсесі,

Асқақтасын абыройың мәңгілік.

 

2-жүргізуші: Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырларға төрлей берсін, ағайын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный час на тему "Айбары асқақ Ата Заң""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 048 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 1037
    • DOCX 36.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хадет Жайнагуль Хадет. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хадет Жайнагуль Хадет
    Хадет Жайнагуль Хадет
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13216
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 326 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 110 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек