Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыВнеклассный час в начальном классе

Внеклассный час в начальном классе

Скачать материал


Насыбай – құрамында есірткі бар алқа тұқым-дасына жататын темекі өсімдігінен жасалтын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Отарлаушы орыс мемлекетімен, Қытаймен етене араласып, сауда-саттық жасаудың нәтижесінде қазақ даласына темекі келіп, насыбай жасау, оны ату етек жайған. Темекінің құрғатылған жапырағынан мүштікке папирос салып тарту- дың пайда болуы тәрізді, темекіні ұнтақтап, оған түрлі заттар қосып насыбай дайындауды далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген қазақтардың әу- баста өзгелерден үйрен-гені хақ.

Ұлттық болмысымызға жат насыбай ату әдетінің ел арасында кеңінен тарағаны соншалықты, біздің тілімізде «Адам көңілі бір атым насыбайдан қалады», - деген де мәтел бар. Бұрындары насыбайды қариялар атып, оған елтіп жүре-тіндіктен, олар жас ер баланың пүшәнәйін де насыбайға теңеп, жақсы көріп кеткенінде жанына шақырып алып, немересінің «насыбайынан» атып қоюды да ғұрыпқа айналдырған. Осылайша, насыбайдың зияндылығы естен шы- ғып, оны негізінен қариялар атқандықтан, елімізде насыбай атуға тиым салынбаған.

Насыбай ату қан қысымын көтеріп, ұйқыны қашыратындықтан, түнде жылқы баққан немесе жолға шыққан атты кісілер, қотан мен ауылды күзеткендер де, көңіл күйін көтергісі келгендер де насыбай атты. Насыбай ату – темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Сөйтіп отырғанында насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны тиылып қоя береді. Мұның «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер, насыбайда сондай күш бар деп ойлайды. Сірә, сол себептен де шығар, біздің бала кезімізде насыбайқұмар қарттар атып жіберген насыбайының жанын сергітіп, көңілін көтер-генін, басының сынып ауырып тұрғанының жазылып кеткенін айтып отырушы еді.

Насыбайшақша Дәстүрлі қазақ қоға- мында қолөнер шебер-лері насыбайшақшаны арқардың, сиырдың, ешкінің мүйізінен жаса-ған-ды. Ол үшін бұл мүйіздерді алдын-ала сұрыптап, таңдап алады да, әртүрлі әдістермен, яғни, балқыту, қырып-жону тәрізді, тәсілдерді қолдана отырып оны бір қалыпқа (формаға) келтіреді. Сонан соң шақшаның екі шетін қақталған күміспен көм-керіп, бетіне күміс шегелер қағады. Кейде күмістің орнына алтынды да пайдаланған. Ол шақша жасатушының байлығына байланысты болғаны мәлім.

Мұнан кейін шақшаның түбіне тығын, аузына қақпақ жасап, оларды бір-біріне кішкене шынжырмен байланыстырады. Шақшаның түбі мен қақпағы да күміс немесе алтыннан болады. Осындай қымбат металдар, ою-өрнек пай- даланылғандықтан, шақ-ша-әрі насыбай құты, әрі әшекей бұйым болып шыға келеді.

Негізінен, жасалған материалына, әшекейіне, түр-түсіне сәйкес насы-байшақшаның кеңінен қа-лыптасқан мынандай атаулары бар: сары шақша, жез шақша, алтынды қара шақша, күміс шақша, арқар шақша. Бұрындары күңгірт түсті шыныдан дөңгелек пішінді етіп жасалған, екі жақ бетіне айна жапсырылған шақ-шалар да болды. Қазір шақшаны сыйға беретін зат (сувенир) ретінде ғана жасайды. Халық шақшаның орнына шыны, пластмассадан жасалған түрлі құтыларды пайдаланып жүр.

Негізінен, насыбайшақ-ша (шақша) – насыбай салуға арналған құты. Ел аузында насыбайшақшаға байланысты қызықты әң-гімелер көп. Солардың бірі төмендегідей:

Бір қаралық шақша «Әлдеке деген ше-бердің бір қаралық күміспен нақышталған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп, ат-түйедей қалап алып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгілі, «Шақша даулай келдің бе?», - деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан: «Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?», - дейді. Сонда Әлдеке шебер:

- Шақшам шақша-ақ еді, Шақша да болса жақсы-ақ еді.
Кер бұғының мүйізі – нақысы еді, Бір қысырақ істеген ақысы еді. Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді.
Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі бар еді, - деген екен.
Хан: «Шақшасын қайы-рып бер, қайырмасаң қалағанын бер!», - деп кесім айтыпты» (Қазақтың шешендік сөздері, Алматы, 2007 ж).

Насыбайды қалай жасайды? Қазақтар насыбайды темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасаған, ол ащы, күшті иісті зат болған. Насыбайды құма-рлық үшін ату – көп адамның жаман әдеті. Жалпы, насыбайды былай әзірлейді: саптыаяққа (үккішке) темекі жапыра-ғын салады, оны әбден ұнтақтайды. Оған арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосады, үстіне су себеді. Бұл насыбайды жасаудың жалпы тәсілі.

Ал, насыбайдың басқа түрін, яғни, бұйра насыбайды былай жасайды: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салып, оны ұнтақтаған соң, су сеуіп, сосын бәрін де тесік қалбырдан (елеуіш) өткізеді.

Насыбай неге зиянды?

Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасала-тындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы.

Соның басты – бастысы: кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын, әктің суын, қара аға-штың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. 

Соған қарамастан, кә-рі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуы-сы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар да аз емес. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Көшеде темекі тартып келе жатса, шылым сұрайтындар көп.

Насыбай ататындардың есіне: 
• Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады.
Қазір елімізде Денсау- лық сақтау министрлі-гінің бастамасымен насыбай сатуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтеріліп, ол Үкіметтің, Парламенттің назарына ұсынылып отыр. Расында да басқа ауыл, аудан, қала түгілі, Отанымыздың жүрегі –Астананың кез-келген жерінде де ең улы зат насыбай өте көп мөлшерде, ашықтан-ашық сатылуда. Оны ересек адамдармен бірге оқушылар да емін-еркін сатып алады. Еліміздің бақытты болашағы – жастарымыздың ден-саулығын улайтын бұл затқа неліктен тиым салынбай отыр? Халықты ойландыратыны осы мәселе.

Насыбай ату адам денсаулығына қаншалықты зиян?

*– Қазір екінің бірі насыбай ататын болды. Өйткені көпшіліктің темекі алуға қалтасы көтермей, еріксіз насыбайға көшіп жатыр. Бұл адам денсаулығына қаншалықты зиян?

 

Жалпы, дәрігер мамандардың айтуын­ша, насыбайдың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Біріншіден, насыбай ату темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйрен­гендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Оның құрамына никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті қоспалар қосылады. Әрі насыбай ату адамның жасын қысқартады. Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісігіне ұшырайды. Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықыласты азайтады. Тыныс алу жолдары қабынады. Ұдайы насыбай ату ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Тамаққа деген тәбетті жойып, адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан насыбайдан аулақ болған жөн.

Насыбайдың зияны дәлелденді

·         ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Жаман әдет қашан да жұққыш. Денсаулыққа зиян екенін біле тұра арақ, темекі, кальян, насыбай секілді жаман әдеттерге әуестенушілер қатарының азаймауы осының дәлелі болса керек. Елімізде өткен жылдан бері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынса, 2009 жылдан бастап темекі өнімдерін сатуға және қолдануға қатысты заң жүзінде бірқатар шектеулер күшіне мінген. Айта кетер жайт соңғы жылдары елімізде арақ-шарап өнімдерінің сатылымына қатысты да шектеулер қойылған. Бұл жаман әдеттердің жолын кесуге қатысты шектеулер әлі де айтылу үстінде. Алайда елімізде насыбай қолданушылар қатарының өсіп бара жатқанына, оның түрлі ауруларды тудыру ошағына айналып жатқанына қарамастан оған қатысты ешқандай тыйым жасалмауда. 

Аракідік тиісті орындар тарапынан насыбайдың таралуының алдын алуға қатысты ұсыныстар айтылғанымен, орындалар емес. Мәселен қай бір жылы Ішкі істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және республиканың Бас санитарына насыбайдың адам ағзасына зияндылығын алға тартып, оның сатылуына тыйым салуға қатысты ұсыныс айтқанымен насыбайдың құрамындағы заттар мемлекет тарапынан қадағаланбайтындықтан тиісті орындардың ұсынысы да қолдау таппаған. Яғни насыбайдың құрамы елімізде толығымен қадағаланып отырмағандықтан, оны наркотиктік заттар құрамына кіргізе алмаған. Сондықтан оны сатуға да тыйым салынбаған. Бұған дейін насыбайдың құрамында махорка, темекі, сөндірілген әк, тауық саңғырығы, түйе тезегі, әртүрлі өсімдіктер күлі (арша, сексеуіл, қайың немес тобылғы күлі), желім, адам ағзасына зиян келтіретін ауыр металдар қорғасын, сынап­, кадмий, мышьяк бар деп оның құрамына қатысты түрлі нұсқалар айтылып келген еді. Енді швед ғалымдары бірінші рет насыбайдың құрамын толығымен зерттеп, оның қаншалықты адам ағзасына зиян екенін дәлелдеп беріп отыр. Елімізде әсіресе мектеп оқушылары арасында кең тараған, атының өзі нас, лас нәрселерге бай деп көрсетілген насыбайдың құрамы толығымен белгілі болып отыр. Зерттеу нәтижесінде швед ғалымдары насыбайдың құрамынан хром, никель, кадмий, қорғасын, күшәла секілді химиялық заттардың құрамын тапқан. Насыбайдың құрамында бұл заттардың барлығы қалыпты мөлшерден әлдеқайда артық болған. Мәселен Қарағандының қара базарынан сатып алынып, Стокгольмнің зертханасында жан жақты сараптамадан өткен насыбайдың құрамында никель қалыпты жағдайдан 5,1 есе, хром 17 есе, қорғасын 38 есе көп екені анықталып отыр. Ал адам денсаулығына өте зиянды күшәланың насыбайдың құрамынан табылуы швед ғалымдарын тіпті шошытқан көрінеді. Басқа да санитарлық нормаларға сай емес, онкологиялық ауруларды қоздырушы түрлі зиянды заттар насыбайдың құрамында көп кездескен. Осы зерттеудің басы қасында жүрген Phd доктор Мейрам Раганин «насыбайдың құрамынан бензопирен мен онкологиялық аурулардың пайда болуына әкелетін канцерогендік заттар табылды. Насыбайдың құрамынан табылған нитрит ион қалыпты жағдайдан 91 есе жоғары екен. Сондықтан ұрпағымыздың улануына себепші болып отырған насыбайға тезірек тыйым салуымыз керек» дейді. 

Биылғы жылы маусым айында насыбай наркотикалық заттардың қатарына енбегендіктен сатылымына шектеу қоя алмайтынымыз белгілі болған еді. Осыған дейін бірнеше рет құзырлы орындар тарапынан ұсынылғанымен зияндылығын дәлелдей алмағандықтан насыбайға тыйым сала алмаған едік. Енді швед ғалымдарының зерттеуі насыбайдың аяғына тұсау салар деген үміттеміз. 

Айта кетер жайт халықтың 10 пайыздан астамы насыбайды қолданады екен. Әсіресе соңғы кездері темекінің құны аспандап бара жатқандықтан құны қолжетімді насыбайға әуестенушілер санының күрт өсіп бара жатқаны байқалады.



Кәрім ӘЛПЕЙІСОВ, онколог-дәрігер:

– Насыбайдың құрамы ғылыми зерттеу арқылы енді белгілі болып жатқанымен, оның зияндылығы әлдеқашан дәлелденген. Ол ауыз қуысы, өңеш, асқазан рагіне себепкер бірден-бір зиянды зат. Көбіне аталған дертке насыб­ай ататын болғандықтан, ер-азаматтар шалдығып жатады. Алайда біз диагнозды тап насыбайдан деп қоя алмаймыз. Өйткені науқастар да насыбай аттым деп мойындай бермейді. Онкологиялық аурулардың басты қоздырғышы арақ, темекі, насыбай болып­ келеді. Аталған зиянды заттар адам ағзасындағы жасушалардың қалыпты жағдайын бұзады. Осылардың ішінде ең қауіптісі - насыбай. Бір қарағанда арзан­қол заттың залалы өте зор. Насыбайға қосылған ауыр металдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы­ тез байқалады. 

Мамандар насыбайдың зияндылыңын айтып дабыл қағып отыр. Темекі халық­аралық стандарттарға сай, құрамы көрсетіліп жасалатын болса, насыбайдың құрамы да, жасалу жолы мен өндіріс орны да құпия. Ресми түрде насыбайдың жасалуын ешкім мойнына алған емес. Мемлекетімізде есірткі, арақ-шарап, темекінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Арнайы бейнероликтер мен түсін­дірме парақшалары таратылуда. Тіпті темекінің сыртында залалды зардап­тардың да суреттері бейнеленген. Ал шындығында темекі мен насыбайдың зиянын­ таразылар болсақ, насыбайдың қаупі қатерлі көрінеді. Сондықтан да құзырлы органдар тез арады насыбайды ноқталауды қолға алғандары абзал.

Толығырақ: 
http://alashainasy.kz/society/nasyibaydyin-ziyanyi-daleldend-56908/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный час в начальном классе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 748
    • DOCX 159.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Машан Света Машан. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Машан Света Машан
    Машан Света Машан
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5500
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 955 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 653 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции