Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Внеклассный мероприятие (ХХІ көшбасшы)

Внеклассный мероприятие (ХХІ көшбасшы)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:


« Бекітемін »

Аға шебер

________Улкаева М.И



ХХІ - ғасыр көшбасшысы атты интелектуалды сайыс. 
Сайыстың тақырыбы: Информатика және өмір 
Сайыстың мақсаты: сыныптан тыс жұмыс жұргізудің бір түрі танымдық – ойын кештерін өткізу. 
Білімділігі: Оқушының білімін пысықтау, жинақтау, қорыту. 
Тәрбиелігі: Оқушылардың интабаттылыққа, кішіпейілдікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздығын дамыту. 
Сайыстың әдісі: Сайыс сабақ 
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, компьютер, арнайы дайындалған презентация, парақшалы тапсырмалар, плакаттар. 

Сайыстың жүру барысы: 

1-жүргізуші:

Армысыздар ! «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысысымызға жиналған қауым!

2-жүргізуші:

Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, біздердің еншілеріміз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»

2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

1-жүргізуші:

Иа Жансулу !

Біздің колледжімізде де ОПЕРАТОР мамандығына ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану – пәнді оқытуда оқушыға алған білімін терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Соның нәтижесінде әрбір тұлға алған білімін жетік меңгерген, қабілетті маман иесі болып қалыптасады.

Жансұлу:

Олай болса Еркебұлан оқушыларымыздың білім деңгейін анықтау мақсатында уақытты созбай сайысымызды бастайық!

Сонымен сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық:

1-қатысушымыз:

Ермаханбет Ақтилек – Тараз қаласынан, қазіргі таңда Алматы Мемлекеттік Технология және Флористика колледжінде оқиды

1-жүргізуші:

2-қатысушымыз:

Жабық Асылан – Алматы облысы, Нарынқол ауданынан.........

2-жүргізуші:

3-қатысушымыз:

Бейқұт Айгерім – Алматы облысынан

1-жүргізуші:

4-қатысушымыз:

Бауыржан Бекежан – Алматы қаласынан

2-жүргізуші:

5-қатысушымыз:

Жусипов Қаһарман – Алматы облысы

1-жүргізуші:


6-қатысушымыз:

Найзабек Жұлдыз – Талдықорған қаласы

1-жүргізуші:


Ендігі кезекте сайыскерлерімізге әділ бағаларын беретін Әділ қазыларды таныстыра кетейік!.

  1. _____________________________

  2. _____________________________

  3. _____________________________

  4. _____________________________

I. «БӘЙГЕ»

2-жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз бірінші кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
Бұл турдың шартын таныстыра кетейік:

Алты адам қатысады.
1. Қатысушыларға қарапайым сұрақтар қойылады, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

1. Бірқатар байттар тізбегі
а) қалта
б) файл ***
в) құжат
2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?
а) пернетақта
б) мәтіналғы***
в) тінтуір
3. Microsoft фирмасын құрған адам?
а) Блез Паскаль
б) Билл Гейтс ***
в) Ада Лавлейс
4. ОЖ міндетіне қарай нешеге бөлінеді?
а) 5
б) 2 ***
в) 3
5. Утилиттер - бұл
а) редакторлар
б) модуляторлар
в) көмекші программалар***
6. Дискідегі ақпаратты сығу программалары
а) архиваторлар***
б) оңтайландыру прогаммалары
в) драйверлер
7. 111012 –санау жүйесі қандай ондық санау жүйесіне тең
а) 29***
б) 25
в) 19
8. Компьютерде орындалатын программалар келесі топтарға жіктеледі
а) жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері ***
б) қарапайым және көпдеңгейлі программалар
в) операциялық жүйелер
1 турымызды қорытындылай кететін болсақ:


1-тур 2-тур 3-тур 4 тур

Ақтілек _______________________________________________

Асылан ____________________________________________

Айгерим______________________________________________

Қаһарман_____________________________________________

Бекежан_____________________________________________

Жұлдыз________________________________________________

II. «ДОДА»

1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына10 балдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.

Енді барлығына сәттілік дей отырып, сұраққа көшейік.

ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. Алғашқы арифмометр қай жылы құрылды?(1673ж)
2. Логарифм сызғышын ойлап тапқан? (Дж.Непер)
3. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинасын қай жылы ойлап тапты? (1945ж)

4. Санау –перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы? (Холлерит)
5. ЭЕМ-нің II буынының элементтік базасы? (Транзистор)

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕ
1. Экраннан көздің ара қашықтығы қанша болу керек? (60-70см)
2. ДК –де жұмыс жасау кезінде қойылатын талаптар? ( )
3. ДК-дің жанына артық заттар қоюға болама? (жоқ)
4. ДК-де жұмысты аяқтау кезінде қойылатын талаптар? ( )
5. Алғашқы медициналық көмекті қай кезде көрсетеміз?(күйгенде, электр тогымен зақымданғанда)

АҚПАРАТ
1. 1 килобайтта қанша байт бар? (1024 байт )
2. 1байтта қанша бит бар? (8 бит )
3. 1 мегабайтта қанша килобайт бар? (1024 килобайт )
4. Ақпараттың өлшем бірлігі? (байт, бит)
5. Ақпарат сөзінде қанша бит бар?(56 )

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР
1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).
4. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок)
5. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
1. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? (Билл Гейтс)
2. Windows – тың объектілеріне нелер жатады? (Файл, терезе, таңбаша, белгіше, маус нұсқағышы )
3.Терезе дегеніміз не? ( Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ )
4. Операциялық жүйе дегеніміз не? ( компьютерді іске қосқанда жүктелетін программа )
5. Мәтіндік редакторда мәтін енгізу үшін ең көп қолданылатын құрылғы не?(пернетақта)

ИНТЕРНЕТ
1. Бүкіл әлемдік компьютерлер арасындағы байланыс (интернет)
2. Компьютерлерді бір желіге қосу схемасы қалай аталады? (желілер топологиясы) 3.Телефондық жүйе арқылы информация алмасуды қай қүрылғы орындайды (Модем)
4. Желілер топологиясы нешеге бөлінеді? (3 )
5. Модем дегеніміз не? (байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасындағы ақпарат алмасу жабдығы.)

III. «ЖОРҒА»
Дода /Бұл турда алдыңғы екі сайыста жоғары ұпай жинаған үш сайыскер қалады да, қалған үш сайыскер сайысты осы жерден тоқтатады. Дода сайысында Әйгілі тұлғалар, Салт – дәстүр, Спорт деген үш тақырыпта 20,30,40 ұпаймен өлшенетін 9 ұяшық жасырылған. Әдеттегідей сайыскерлердің ұпайы жоғарысы ұяшықтарды таңдайды. /

Әйгілі тұлғалар
1. Қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы – Бұхар жырау
2. 1938 жылы репрессияға ұшыраған бес арысты атаңыз?-
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов,
Шәкірім Құдайбердіұлы

3. Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер. Қазақ КСР халық әртісі (1975 жыл), КСРО халық әртісі (1984 жыл), халық қаһарманы (1998 жыл) – Нұрғиса Тілендиев

Салт-дәстүр
1. Қыз ұзатылғанда киетін бас киім-сәукеле
2. Жеті атаны ата- 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
3. Әмеңгерлік дегенді қалай түсінесіз

Спорт
1. Азиада ойындары ең алғаш нешінші жылы ойнатылды?-1951жылы Үндістанда өтті
2. 2012 жылы жазғы олимпиада қай елде өтеді?-Лондон
3. Азиада алауын жаққан спрортшылардың есімдерін атаңыз?-
Әбілсейт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, Даулет Тұрлыханов,
Ермахан Ыбыраймов, Бақтияр Артаев, Жәнібек Қандыбаев, Тимур Тұрсынбаев


ІҮ. «ШЕШЕНДІК ӨНЕР»
Ақтық сайысқа түскен еки сайыскерімізге екі тақырып беріледі. Әр сайыскер сол тақырып бойынша өз тұжырымдамасын айтып қорғайды.
1. Компьютердің зияны
2. Компьютердің пайдасы

Шешендік өнер кезеңінің қорытындысын алып, әділ қазылар алқасына сөз береміз. 
Жеңімпаз шыққан оқушыны анықтау. Жеңімпазымызға сыйлығымызды ұсынып ризашылығымызды білдіреміз. C:\Documents and Settings\админ\Рабочий стол\Копия 20150307_121422.jpg

G:\xI6KdPZT5kU.jpg


Сайысымызды қорытындындылау. Назарларыңызға рахмет. 













Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров58
Номер материала ДВ-483728
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх