Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассный открытый урок по казахскому языку на тему"Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік"

Внеклассный открытый урок по казахскому языку на тему"Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік"

Скачать материал

Елімнің бақытын тербеткен  -Тәуелсіздік

Мақсаты:
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 
Барысы:
 
1-жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
 
2-жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған  5-8 сыныптары даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
 
1-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.
 
2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.
 

Мафтуна: Тілім менің!
 
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
 
Аралыммен арыммен қатар қойып,
 
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,
 

Али: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
 
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
 
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
 
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
 

Райхона: Қазақ тілің-Атаң, Анаң,
 
Қуат алар Отан да одан.
 
Дүниеде ешбір асыл
 
Тең келмейді қатар оған.
 

Феруза: - Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
 
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
 
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
 
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
 

Бахтиер: - Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
 
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
 
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
 

Чарос: Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
 
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
 
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
 
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
 

Айнур: - Қуан балам! Туған тілдің киесі.
 
Жебеп сені болғаныңа иесі.
 
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
 
Дүниеде тіршіліктің күресі.
 

Нилуфар: - Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
 
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
 
Ел елдігі бағаланар тілімен,
 
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
 
1-жүргізуші: Али:
 
- Туып өскен Торғайдың даласында
 
Қайран елі- қазағы санасында,
 
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
 
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
 
Оқушылар: Хормен Ахымет Байтұрсынов!
 Би:«Арманай» 6-сынып оқушылары
2-жүргізуші: Ферузабону.
 
- Елім деп, тек алып соққан жүрегі
 
Ахмттей ағасына іні еді.
 
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
 
Ғұламаның есімін кім біледі?
 
Оқушылар: Хормен Құдайбрген Жұбанов
Ән:«Өз елім»8-сынып оқушылары
1-жүргізуші Али: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
 
2-жүргізуші Ферузабону: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.
 
Бата беру.
 
Қатысушылар:
 
Ақсақал – Онгарбаев Рузибай
Қария – Маматраимов Абдуманноп
Бойжеткен – Абдешова зилола
Балалы келіншек – Гамлетова Нилуфар
Күйеуі – Марксов Алияр
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
 
Талдай бой берсін,
 
Жақсы ой берсін,
 
Қардай жанар берсін!
 
Анаға шуақ болсын,
 
Ағаға қуат болсын.
 
Нәзік жаны болсын,
 
Елінің ары болсын.
 
Басыңа өнердің бағы қонсын,
 
Ақ Орданың шамы болсын!
 
Әумин!
 
Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
 
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
 
- Ақсақал:
 
- Қолыңды жай, балам!
 
Нәрестенің бауы берік болсын.
 
Азамат болып ер жетсін.
 
Ақсақал болып төрлетсін.
 
Мінері болсын салмақты
 
Өнері болсын жан-жақты
 
Осы айтқанның бәрі кеп,
 
Алла берсін зор бақты!
 
Әумин!
 
Ана тілім-бақытым.
 
Зилола: Ана тілім, дана тілім бақытым
 
Қазақ тілін білу менің парызым.
 
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
 
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
 
Муножат: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
 
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
 
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
 
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
 
Дилновоз: Қазақ тілім бас иемін мен саған
 
Тілге деген болу керек кең талғам.
 
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
 
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
 
Санжар: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
 
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
 
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
 
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
 
Тіл деген қасиетті ұғым екекн,
 
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
 
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
 
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
 
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
 
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
 
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
 
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
 

Севара: Мәртебесі тіліміздің биік екен
 
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
 
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
 
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
 

Али: Тілім саған арналады бар күнім
 
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
 
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
 
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.
 

Зилола: Қазақ тілім сенсің бар гүлім
 
Арналады менің саған бар күнім.
 
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
 
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.
 

1-жүргізуші Али: Би:Қамажай.
2-жүргізуші Ферузабону: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. 
Мақал-мәтелдер сайысы: 
1 топ-8 сынып оқушылары. 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл көтермегенді, ...
(тіл көтереді). 
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ). 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 

2-топ –7 сынып оқушылары. 
1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 
5. Тіл қылыштан ... (өткір). 
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді). 
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 
9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). 

Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік. 
Викториналық сұрақтар: 
1-топқа: 
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат). 
6. Үстеудің неше түрі бар? (7). 
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк). 
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 

2-топқа: 
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 
2. Абайдың туған жылы? (1845). 
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.). 
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). 
Ән. 9 «г» сынып оқушыларының орындауында Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай». 

1-жүргізуші Али: Осымен орыс сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды. 

2-жүргізуші Ферузабону: Зейін қойып тыңдағандарыңыз

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный открытый урок по казахскому языку на тему"Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 425
    • DOCX 27.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ярметова Барно Сабировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ярметова Барно Сабировна
    Ярметова Барно Сабировна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2553
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 45 регионов