Инфоурок Начальные классы КонспектыВнеклассный урок на 9 мая

Внеклассный урок на 9 мая

Скачать материал

9 – мамыр – Жеңіс күні

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.

2.     Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген  сүйіспеншілікті арттыру патриоттық сезімге баулу

3.     Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Отан соғысына арналған ерлік туралы нақыл сөдер, газеттер.

Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру.

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 9 мамыр Жеңіс күні. Бұл соғысқа қазақ жерінен қара көз қыздарымыз бен ұлдарымызды әкетті. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болып 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия Совет Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Сонымен фашистік Германия жеңіліп 1945 жылы Совет Одағының жеңісімен аяқталды. Ал құрметті Оқушылар «9 мамыр жеңіс күні» атты класс сағатысызды осымен бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Өздеріңе белгілі 1941 жылы 22-маусым күні таңғы 4-те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер – жерлерге, ауыл – селоға тарады. Ер – азаматтар асығыс соғысқа атанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбырдай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен яқталғанына биыл 62 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызға асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.

 

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басым иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

 

Мәншүк туралы қысқаша шолу.

 Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп  Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. ол іскер, жігерлі, турашыл болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа шыққан, талдырмас пысық, жігерлі қыз еді. майданға аттанарда  анасы «жолың болсын, Моншағым!» - деп шығарып салады.

Елімді қлоыма қару алып қорғамын деп алдындағы шепке сұранады.

 Сөйтіп, қабырғасы онша қатпаған Мәеншүк пулеметші болып шыға келді.

Мәншүк тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін жүректі, батыл жауынгер болған. жолдастары оны қатты сыйлап, туған қарындастарындай көріп, біздің Мәншүк деп атап кетеді. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.

 

Дауылмен тербеп, оның жас бесігін

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін –

Адамша ақтау үшін ана сүтін

Майданның «Максимменен» ашты есігін.

 

Шешесіне осы хатты жазғаннан кейін Мәншүк қас дұшпанымен жанқиярлық пен айқасып қазан айынан 15-де ерлікпен қаза болады. осы ауыр қайғыға ұшыраған 100-ші атқыштар бригадасының жауынгері Мәншүктің анасы Әминаға хат жазып көңіл айтты.

Ай өтпеу, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп ... жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

 

Сонау жылы жер – көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған.

4.     Сөз жұмбақ

5.                      Әлия 1924 жылы Қобда ауданы, Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз қолына тәрбиеге алды. Кейін ол ағасы Санк-Петербург деген қаласына көшіп кетеді де, Әлия сол қалада оқиды, отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.

Әлия ерекше ұстамды зерек жаңалыққа бой ұрғыш болып өседі.ү Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста болған. сол кезде майданға өзі сұранып, соғысқа аттанады.

6.     Пікірталас

7.     «Өлкеміздің батырлары» - көрініс

8.     Жеңіс туралы жыр

Болмасын соғыс!

Тілегі солай ата – ананың.

Жарақат алып қорған елін, ұлы Отанын.

Көшеде егер балдақты кісі кездессе

Жүрегім соғып, ойланып бара жатамын.

Бақтарды басып танктің тажад табаны,

Қандарға бөгіп бала – бақшалар алаңы.

Жауынгер болып оқ атып жап – жас жігіттер.

Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Болмасын соғыс!

Жасасын Жеңіс – мамыр –ай!

Қозы –лақ шапсын енесін еміп жамырай.

Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,

Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.

О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,

Жаралы елді артпай-ақ қойдық арбаға.

Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада

Қанқызыл оқтан жараланбасын ақ далада.

Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қаншама адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – оқушы.

Жеңістің мейрамында

Әкелердің тойында

Ән сап тақпақ айтамыз

Ерліктері жайында.

 

Бастаушы. Отанымызды қорғау үшін Совет Одағының патриоттары майданға аттанды. Барлық халық майданға көмектесі. Барлық халық майданға көмектесті. Партизан отрядтары құрылды. «Бәріде майдан үшін»  - деген ұран тасталды. Осы қатыгез майданымызға қазақтың қара көз қыздары қатысты. Олар: Мәншүк, Әлия, Зоя.

 

2-оқушы.

Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін

Оқ борап снарядтар, қаптайды ызың.

 Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

 

3-оқушы.

Қолыңда пулеметті максим оның

Бойында жігер, қайрат тасқын оның

Ерлермен тізе қосып атакада

Оғымен жеңіс майдан ашты жолын.

 

 

4-оқушы.

Қыр қызы орындады берген антты.

Халқыңа адал болу ердің салты.

Ел үшін қасық қанын аямаған

Жүректе мәңгі өшпей Мәншүк атың.

5-оқушы. Мәншүктің өмір баяны жайлы:

Мәншүк 1922ж. Батыс Қазақстан облысы Орда қалашығында туған. Оның балалық шағы Алматы қаласында өтті. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанды. 1943 жылы қаза тапты. Оған Кеңес Одағының атағы берілді.

6-оқушы:

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз дұшпан тапталды.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр ел ісін,

Әлия, Мәншүк, Зоялар

Жаулардың көзін жойды олар.

 

7-оқушы: Әлия өмір баяны.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылыпты. Әлия туыстарымен Ленинградқа кетіп қалады. Кейін балалар үйынде тәрбиеленіп, 1942 жылы өзі сұранып атқыштар мектебіне оқуға түседі, оқуын бітіріп майданға барады. 1944 жылы қайтыс болады.

 

Өлең «Анашым»

8-оқушы.

 Ардақты батыр ағалар

Сүйікті біздің әкелер

Біз де өсіп толамыз

Өздеріңдей боламыз

Ата жолын қуамыз

Айтқан сертте тұрамыз

 

9 – оқушы:

Достық бізге тым ыстық

Мақсатымыз тыныштық

Ойран соғыс болмасын

Тыныштық мәңгі орнасын

 

10- оқушы

Қаймықпаған қиындықтың жерінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен

 

11- оқушы:

Сен бұл күнді қадірле, жан немерем

Сен ерген соң жарқылдап алда келем

Жауыздықты әділет жеңді дағы

Қанатында бақыттың самғады әлем

 

Өлең «Қазақстан  Отан»

 

12 – оқушы:

Сен бұл күнді аяла, осы күнді

Сенің балам, түзелген бесігің де

Өзің атаң қуанып, қолына алып,

Қойған сенің Жеңіс есіміңді

 

13 – оқушы:

Сен бұл күнді ардақта, өз атаңдай

Жүрер ол да өміріңде аз аталмай

Әрбір үйдің әйнегін нұр боп үйіп

Жырлайды ұлы күн жазғы таңдай

 

14 – оқушы:

Жеңісті елге әкелген ағалар да

Тіпті азайып кетті ғой амал бар ма?

Барларына гүл сыйла, ал жоқтарын

Даңқ бол, - деп табыста замандарға

 

15 – оқушы:

 Отқа тосты кеудесін біз деп халық

 Ұлы да аттанды майданға, қыз да аттанып.

Сол жеңісті әкелген әжелерің

Тірісніде басыңды ій іздеп бәрін

 

16 – оқушы:

Рухына елінің ер сыйынған,

Оралмаған бабыңа бер сиыңнан.

Жеңіс күні – жеріңе той келген күн

Тірегі – бақ, өліге берсін иман

 

17 – оқушы:

Әкедеймін ардақты,

«Алтыннан да салмақты»

қиын – қиын жолдарда

қорықпаймын сен барда

Әке деген салмақты ат

Өтемін оны ардақтап

 

Өлең: «Әке»

 

18 – оқушы:

Сүйінші – сүйінші

Шаттан, ата – анамыз

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен

Па, шіркін!

Оасы шаттыққа

Түрілсін, халқым құлағың!

 

19- оқушы:

Тыныштық жаса, тыныштық

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейіп гүлден еліміз

Көбейе берсін ырыс құт

 

20 – оқушы:  Құттықтау сөз

Құрметті 4 «Г» сыныбының ұлдары!

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз

Сіздерге осы өмірде

-         ашық аспан,

-         мол бақыт,

-         оқуда озат,

-         сабақтарыңды жақсы оқуларыңды шын ниетпен тілектеспіз.

Т.б. 4 «Г» сынып қыздары.

Өлең «Әрқашан күн сөнбесін»

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный урок на 9 мая"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 566
    • DOCX 51 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мирманова Жанар Жумагельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1157
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе