1089128
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыВнеклассный урок на тему "Асулардан асу"

Внеклассный урок на тему "Асулардан асу"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«АСУЛАРДАН АСУ»

(БІЛІМ САЙЫСЫ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ әдебиеті пәнінің мәртебесін көтеру, оқушылардың әдебиет пәні бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, бір жүйеге келтіру, әдебиет, тарих,география, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларды тез ойланып, жауапты жүйелі түрде, шапшаң қайтара білуге үйрету, өз пікірін сауатты айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілікті, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, суреттер, ақын-жазушылар портреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Асулардан асу» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Енді сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық. Сайыс болғаннан кейін оған әділ баға беретін әділ қазылардың болуы міндетті, бүгінгі сайысқа төрелік айтатын әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар. Тарих пәнінің мұғалімі –Асембике Ғабидоллақызы; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі –Анар Нұрсадыққызы; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі –Мадина Амангелдіқызы.

ІІ. Үй тапсырмасы.

6 оқушыдан тұратын топ құру: топтың ұраны эмблемасы; оқу материалдарын қайталау.

Мұғалім: Топтар өздерін таныстырып өтсін. Енді қатысушы топтар сайысқа дайын болса, сайысты бастайық. Бүгінгі сайысымыз бес асудан тұрады.

І асу –«Бәйге»

ІІ асу –«Жеті жұрттың тілін біл»

ІІІ асу –«Жұмбақ кейіпкер»

ІV асу –«Ойлан тап»

Vасу –«Мәре»


І асу –«Бәйге» (Сұрақтар 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша жыл бойы өтілген тақырыптардан қойылады. Әр ойыншының қолында нөмірленген карточка бар.Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр дұрыс жауап -10ұпай. Әділ қазылар алқасы ойыншының ұпай санын топтың атына қосып отырады.)


1.«Қобыланды, Алпамыс батыр жырлары халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? (батырлар жыры)

2.Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не? (лепті сұрау –ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Мысалы: Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? (Абай)

  1. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңнің авторы кім? (Сүйінбай Аронұлы)

  2. Оның анасы –Ұлжан, әжесі –Зере, руы –Тобықты. Бұл дерек қай ақынға қатысты? (Абай)

  3. Абайдың бір өлеңін жатқа айтыңыз.

  4. «Ғибрәтлану» сөзінің беретін мағынасы. (Ғибрәтлану –үлгі алу деген мағынада (арабша)).

  5. Жолама қулар маңайға,

Не қылмадың талайға?

Кім жағады сендерге

Тартқызған азап Абайға? Өлең жолдарының авторы кім? (Шәкәрім)

  1. Небары 27 жас өмір сүріп, қараңғы қазақ көгіне күн болуды армандаған ақын? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

  2. Лирикалық қаһарман дегеніміз кім? (Оқырман жүрегіне жол тауып, онымен дәл өзіндей сырласатын өлең кейіпкері)

  3. Оның «Қара бұлт», «Анама хат» атты өлеңдері мен «Қырық мысал», «Маса» атты жинақтар бар. Бұл кім? (Ахмет Байтұрсынов)

  4. Бұл тұлғаның шын есімі –Сәдуақас. (Сәкен Сейфуллин)

  5. Мағжан Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесіз? «Қазақ тілі», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін»

  6. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің авторы кім? (Бейімбет Майлин)

  7. «Апкәусар» сөзінің мағынасы қандай? (Апкәусар –жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада)


ІІ асу –«Жеті жұрттың тілін біл» (Бұл асудың шарты бойынша ойыншылар белгісіз сөзді тауып, оны үш тілде айтулары керек. Әр сөз -10 ұпай)


  1. ........ –үлкен мектеп (өмір-жизнь-life)

  2. Ғабит Мүсірепов арқаның, көздің, тастың несін жазды? (әңгіме-рассказ-story)

  3. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынан алынған үзіндісі? (балықшылар-рыбаки)

  4. «Түбі адам болатын ..... кім» (бала-ребенок-child)

  5. Шамыңды өшір,

Түсіре ғой пердеңді. Деген өлең жолдары Мұқағалидің қай өлеңінен алынған? (қайырлы түн-доброй ночи-good night)


ІІІ асу –«Жұмбақ кейіпкер» (тақтада тұрған ұяшықтарда қазақ әдебиетіне үлес қосқан тұлғалар жайында мағлұмат бар. Қатысушылар сол деректерге сүйене отырып, оларды табулары тиіс. Әрбір ұяшықтардағы сұрақтардың қиындығы олардың сандарына сәйкес. Әр дұрыс жауапқа -10ұпай)


  1. 10 ұяшық. Бұл жұмбақ кейіпкер -1932жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Москва мемлекеттік университетін бітірген. Оның «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы» атты әңгімелері, «Қызыл жебе» атты романы бар. Ол кім? (Шерхан Мұртаза)

  2. 20 ұяшық. 1930жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған.) (Қосымша көмек – Фантастика жанрын дамытқан жазушы) (Талап Сұлтанбеков)

  3. 30 ұяшық. Бұл тұлға 1936жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген. Оның «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай».т.б. шығармалары бар. Бұл кім? (Қосымша көмек – «Жусан иісі», «Қылау» атты әңгіме-повестері бар.) (Сайын Мұратбеков)

  4. 40 ұяшық. Бұл тұлға -1939 жылы туған,қазіргі таңда көзі тірі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. (Қосымша көмек –«Шыңырау» повестінің авторы.) (Әбіш Кекілбай)

  5. 50 ұяшық «Алдаспан» антологиясының авторы кім? (Қосымша көмек –бұл тұлға 1940жылы туған) (Мұхтар Мағауин)


IV асу –«Ойлан тап». «Қарлығаш» сөзінен көп сөз жасау. (Әр сөзге 10ұпай беріледі). (ақ, қар, ағаш,лық, ар, арлы, аш,қаш, шақ, ал, алғыр, ағар,шар,шал,ашық)


V асу –«Мәре». Бұл асудың шарты бойынша топ капитандарына 7 сұрақтан қойылады. Әр капитанның өз тобының ұпай санын көбейтуіне мүмкіндіктері бар.


1 топтың капитанына қойылатын сұрақтар:

  1. Зигфрид Ахметұлы қай шығарманың кейіпкері? «Бір атаның балалары»

  2. «Дермене» сөзінің мағынасы. Жусанның дәрі жасайтын түрі.

  3. «.... Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Абайдың нешінші қарасөзі? 31

  4. Шумақ неден құралады? Тармақтардан

  5. «Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл» үзінді Шәкәрімнің қай өлеңінен алынған? «Адамдық борышың»

  6. Ұлттық валюта қашан қабылданды? 15.11.1993жыл

  7. Оңтүстік астана? Алматы

2 топтың капитанына қойылатын сұрақтар:

  1. Қожа қай шығарманың кейіпкері? «Менің атым –Қожа»

  2. «Қада» сөзінің мағынасы. Күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш.

  3. «....бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. Абайдың нешінші қарасөзі? 31

  4. Өлең жолдарындағы тармақ неден құралады? Бунақтардан

  5. «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» үзінді Шәкәрімнің қай өлеңінен алынған? «Адамдық борышың»

  6. Ата Заң күні? 30тамыз.

  7. Солтүстік, негізгі астана? Астана

Сабақты бекіту.

Әділқазылар алқасы оқушылардың берген жауабын бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

Қорытынды.






























Общая информация

Номер материала: ДВ-330911

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.