Инфоурок Другое КонспектыВнеклассный урок по казахскому языку на тему Қадыр Мырзалиев – ақын.(

Внеклассный урок по казахскому языку на тему Қадыр Мырзалиев – ақын.(

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев – ақын.(8 класс)

Сабақтың  мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың ақын жайлы білітін мәліметтерін толықтыру. Жаңа сөздермен таныстыру, мәтін мазмұнын меңгерту, сөз өнерінің құдіретін таныту.

2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, сауатты сөйлеу, тіл дамыту қабілеттерін арттыру, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: ата-баба салты арқылы ізеттілікке, инабаттылыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, баяндау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Мырзалиевтің портреті, интерактивті тақта, суреттер, шағармалар, магнитофон.

 

                                              Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберін өткізу: Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер арнап, сәттілік тілейді.

                              Бәріміз бір топпыз,

                              Жалқаулыққа жоқпыз.

                              Аянбай еңбек етеміз,

                              Мұратымызға жетеміз.

                              Бір-бірімізге тірекпіз,

                              Бірге соққан жүрекпіз.

                              Аламыз білім жақсы ғып,

                              Тілеймін саған сәттілік.

ІІ. Жаңа сабақ.

Тақырып ашылғаннан соң, оқушылар дәптерлерін ашып, айдың, аптаның күнін жазады.

Сабақтың мақсаты, ұраны, шарты баяндалады.

Ұран интерактивті тақтада жазулы.

 

«Жазушының жазған кітабын қабыддайтын да, қабылдамайтын да халық.

Ендеше, кітапты жазушы жазып шығарғанмен, шын тағдырын шешетін төреші де сол халық».                                                                                                                  

                                                                                                                                (В.Гюго)

Ұранды алдымен өзім, одан соң оқушылар дауыстап бірге оқиды.

Сабақтың шартымен таныстырамын.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға бір қонақ келіп отыр. Бірақ оның кім екенін сендер тапсырмаларды орындау арқылы білесіңдер.

 

1-тапсырма. Сөздік жұмысы.

басылу – издаваться

жинақ – сборник

жарық көрген – появились на свет, были изданы

жекелеген өлеңдер – некоторые избранные стихотворения

жыр табағы – пластинка

жауапты хатшы – ответственный секретарь

орынбасар – заместитель

 

Сөздерді оқып, қайталаңдар. Сөз тіркестерді құрастырыңдар.

 

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Бүгінгі сабақта атақты ақын Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің өмірімен танысамыз.

-          Мәтіңді түсініп оқыңдар.

      Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Қаратөбе ауданы Жымпиты аулында дүниеге келген .

      Шығармашылығы мектеп қабырғасында жүргенде басталады. Қадырдың тұңғыш өлеңі 1952 жылы аудандық «Қызыл ту» газетінде, ал екінші өлеңі 1953 жылы облыстық «Екпенді құрылыс» (Қазіргі «Орал өңірі») газетінде, ал үшінші өлеңі 1954 жылы республикалық «Пионер» журналында басылып шықса, алғашқы өлеңдер жинағы 1959 жылы «Көктем» деген атпен жеке кітап болып жарияланды. Міне, содан бері ақынның Алматыда, Мәскеуде, Ташкентте, Бакуде, Фрунзеде қырықтан астам кітап жарық көрген. Солардың бірі «Ой орманы» үшін 1966 жылы республика комсомолы сыйлығын алса, «Жерұйық» жыр кітабы үшін 1980 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Жекелеген өлеңдері мектепке арналған оқу құралдарына енді. Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді. Екі жүзге тарта өлеңдеріне ән, қантата, ораториялар жазылды. Көпшілігі ел ішінде жиі айтылып, концерттік бағдарламаларда жүреді. Солардың біразы «Күндер-ай» деген атпен жеке кітап болып жарияланды.

      Ақын Қ. Мырзалиев 1953 жылы С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық) Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1959 жылы аяқтайды. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастайды. 1962 жылы «Жұлдыз» әдеби журналының редакциясына ауысып, онда поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редакторының орынбасары болып істеген.

                                                                                          («Советтік Қазақстан жазушылары

                                                                                         библиографиялық анықтамалығынан)

 

-          Кантата, оратория – хордың басты әншісіне арналған музыкалық өнер туындысы.

 

Призентация № 1. Интерактивті  тақта арқылы жазушы туралы мәлімет көрсету.

-          "Атамекен" - қазақ жүрегінің жырына айналған ән

Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Алайда, рухты оятып, жігер-күш беретін нағыз патриоттық әндер санаулы-ақ. Соның бірі - әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнелетін бірегей әндердің бірі.

Бар қазақ баласының аузында жүрген «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады.

 

- Ән бірден халық сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ жерінде емес, шетелдерде де танылды. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен.

Қырық жылдан астам уақыт бұрын жазылған мағыналы ән бұл күнде өз рухын жоғалтқан жоқ. Ән кез келген қазақ концертінде шырқалады. Бірде-бір мемлекеттік деңгейдегі мерекелік салтанатты жиын «Атамекен» әнінсіз өтпейді. «Атамекен» - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

 

Оқушылар «Атамекен» әнін хормен айтады.

 

Атамекен

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев

Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы: 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:

 

3-тапсырма. Төмендегі анықтаманы жоғарыда берілген мәтін бойынша толықтырып жазыңдар.

1935 жылы 5 қаңтарда (кім?) ... (қайда?) ... дүниеге  келген.

1952 жылы Қ. Мырзалиевтің тұңғыш өлеңі ... (қандай?) ... (қайда?) жарияланды?

1953 жылы екінші өлеңі ... (қандай?) ... (қайда?) жарық көрді?

1959 жылы (қалай аталатын?) ... деп аталатын кітабы жарияланды?

1966 жылы Қ. Мырзалиев ... (қандай?) сыйлыққа ие болды?

1980  жылы ... (қандай?) сыйлығын алды?

 

4-тапсырма.  Сандарды дұрыс сөйлетсеңдер Қадыр Мырзалиевтің өлеңінін атын білесіңдер.

 

 

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, Т,У, Ұ, Ү,Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я

 

 

                                   

                                           24     8   22    25    8   26

 

 

Қ. Мырзалиевтің «Септеу» өлеңін мәнерлеп оқыңдар. «Марат» сөзін септеңдер.

                                         

                       Септеу

 

Атау:

Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,

Байсалды да, ақылды да Марат бар.

Ілік:

Жеке басым ең алдымен Мараттың

Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.

Барыс:

Сенбейсің бе, күнделікті парақта:

Талай бестік қойылыпты Маратқа.

Табыс:

Батыл емес дей алмайсың Маратты,

Сол үйретті ауылдағы  бар атты.

Жатыс:

Алғыссыз күн болған емес Маратта,

Жетеді онда ынты, жігер талап та.

Шығыс:

Қай өнер де табылады Мараттан,

Ән салғанда жұртты аузыңа қаратқан.

Көмектес:

Міне, сондай жақсы бала Маратпен

Дос бола алмай жүргеңдер де бар, әттең!

 

Атау     септік  кім?      Марат

Ілік       септік  кімнің? Мараттың

Барыс   септік  кімге?   Маратқа

Табыс   септік  кімді?   Маратты

Жатыс   септік  кімде? Маратта

Шығыс септік   кімнен? Мараттан

Көмектес септік кіммен? Маратпен

 

5-тапсырма.  Осы фигуралардың сиқырын білсеңдер Қадыр Мырзалиевтің өлеңін оқи  аласыңдар

   

 

 

6

13

4

           

14

3

24

11

26

7

12

5

18

23

20

15

2

25

10

1

8

19

22

17

 

21

16

9

 

 

ңбұ

еө

ің

 

зг

іл

құр

ұрб

те

лұя

етт

ары

әр

ңді

ілө

еті

ат

мет

пт

ан

тың

інб

ілі

ңб

 

зт

лді

бо

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп түр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

ІІІ. Сабақты бекіту.

Жазушы туралы мәліметтерді хронологиялық кестеге толтырыңдар.

 

 

Жылдар

           Маңызды оқиғалар

        Шығармалары

1935 жылы 5 қаңтарда

 

 

1952 жылы

 

 

 

Тұңғыш өлеңі «Қызыл ту» газетінде.

 

1953 жылы

 

 

 

2 өлеңі «Екпінді құрылыс» газетінде  шықты

 

 

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті

 

1954 жылы

 

 

 

3 өлеңі «Пионер» журналында басылып шықты.

 

1959 жылы

 

 

 

 

«Көктем» жеке кітабы шықты

 

Университетті аяқтады

 

1962 жылы

 

 

 

«Жұлдыз» әдеби журналының поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редакторының орынбасары болды,

 

1966 жылы

 

 

 

Республика комсомолы сыйлығын алды

 

 

 

«Ой орманы»

1980 жылы

 

 

 

Казақ КСР-нің  Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

 

 

 

«Жерұйық» жыр кітабы

 

 

«Күндер-ай» жеке кітап

 

Қадыр Мырзалиев өзінің еңбек жолын 1958 жылы  «Балдырған» журналынан бастаған. Осы сабаққа келген кейіпкер «Балдырған».

 

 

ІV. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімін бағалау.

 

V. Үйге тапсырма беру.

«Септеу» өлеңін жаттау.

 

VІ. Рефлексия кезеңі.

Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Астана  қаласы. (5 класс)
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларды Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы, оның мәртебесі туралы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Үндестік заңын қайталау.
2.Дамытушылық: Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: сынып оқушыларының шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың бағыты: Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: слайд материалдары, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ой шақыру» стратегиясы арқылы Астана қандай қала? Астана туралы не білеміз? Сұрақтарына жауаптарын жазады.

Астана қаласы туралы білімдерін жинақтау ұсынылады:

 

          Не білемін?

          Не білдім?

      Не білгім келеді?

 

 

 

 

ІІ. Жаңа тақырып.

1. Тапсырмалармен жұмыс.

Класс 2 топқа бөлінеді.

 

 1-тапсырма

- Сандарды дұрыс сөйлетсеңіздер осы сабақтың тақырыбымен танысасыңдар.(1 ұпай)

 

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, Т,У, Ұ, Ү,Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я

 

 1 24  25  1  18  1           3  1  24        15  1  16  1

 

28  18  7  8  24  25  38  14               11  1  19  37

 

 

2-тапсырма. Мәтінмен танысып, Астана қаласының тарихын біліп алыңдар. Мәтінді оқып, аударыңдар.(1 ұпай)

       Астана қаласы – Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы. Ол Сарыарқадағы Есіл өзенінің  оң жағалауында орналасқан. Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қала бұрын Ақмола, Целинонград деп аталған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласы күннен-күнге құлпырып келеді.

3-тапсырма. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. (Призентация № 1)

 

Үндестік заңы бойынша:

           1.  Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әже, шеше, әке.

           2.  Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жуан қосымша жалғанады. Мысалы: ата-лар, ана-лар.

            3.  Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.

             4.  ...к                                      ...г(і)                         шелек –> шелегі

          ...п       + дауысты             ...б(і,ы)                    сынып –> сыныбы

          ...қ                                      ...ғ(ы)                        парақ –> парағы

      Үндестік заңының 2 түрі бар:

      Буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

 

 

3. Жаттығу жүмыстары:

1)Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Жалғауларын жуан-жіңішке болып жалғануын түсіндіріңдер, қандай септіктер жағанғанын талдаңдар.

 

Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағын...(т.с) орналасқан. Аз уақыт...(і.с) ішінде қала танымастай өзгерді. Парламент үйі...(і.с) алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіш... (көпт.ж)койылған.Мұнда әсем, зәулім ғимарат...орналасқан.

 

2)Төмендегі берілген эпитеттердің қай қатарын Астана сөзімен тіркестіре жазуға болады                          

 

А) Жас, көрікті, нәзік(нежный), ерекше.  

Ә) Әсем, өзгерген, тамаша, зәулім(высотный).

Б) Таза, әсерлі(впечатляющий), сүйкімді, ұлттық

 

Қалаларға сипаттама берілген жұмбақтарды шешіңдер (1 ұпайдан беріледі)

1.Аты оның дәмді жеміс есіміндей,

Жеміс халқының мол несібіндей.

Білмесең бұл қаланы, онда сенің

Қалады қателігің кешірілмей (Алматы)

 

2.Қара төбе, қоңыр төбе, көк төбе,

Бұл маңайда мұндай түсті жоқ төбе.

Барлығы да бір-ақ түсті сияқты,

Сол түстегі қаланы сен тап, кәне.(Ақтөбе)

 

3.Толассыз күні-түні шахталары

Тереңнен қазынасын ақтарады.

Көмірлі болғанымен осы қала,

Атымен өсімдіктің аталады(Қарағанды)

 

Призентация №2: «Астананың ғимараттары», А.Жорабаеваның өлеңі «Астана».

 

III. Сабақты бекіту: Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.

IV. Сөзжұмбақты шешіңдер: (әрбір жауапқа 1 ұпайдан) 

                                                

                                                 

              

 

 

 

 

 

 

      

2

  С

 

 

 

3

 

 

  Т

 

 

 

 

 

 

      

4

  А

 

 

 

 

 

 

 

      

5

  Н

 

 

 

 

 

 

6

 

 

  А

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

                                

 

1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)

2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

3. Астана символы. (Бәйтерек)

4. Астана қаласы қандай далада орналасқан? (Сарыарқа)

5.ҚР мемлекеттік рәмізі(Әнұран)

6.ҚР мемлекеттік рәмізі(Елтаңба)

 

 

V. Сабақты қорыту:

 

- Астанада болып көрдіңдер ме?

- Астана туралы не білдіңдер?

 

VI. Оқушылардың білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру: Астана туралы 5-6 сөйлем жазып шағын әңгіме құрастыру.

VIII. Рефлексия кезеңі: Сабақта алған әсерлері туралы ой бөлісу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдарым.(3 класс)

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: жаңа сөздермен таныстыру, өз ойларын айта білуге дағдыландыру; көптік, тәуелдік жалғауларды қайталау.

2. Дамытушылық: оқушылардың тілдерінің дамуына ықпал ету, сөздік қорларын молайту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз оқу құралдарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әріптік матрица, сөзжұмбақ.
                                      Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

1)      Амандасу;

2)      Оқушы санын түгелдеу:

3)      Оқушы назарын сабаққа аудару:

4)      Шаттық шеңберін өткізу: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер арнап, сәттілік тілейді.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-          Біздің бүгінгі сабағымызға қонаққа бір кейіпкер келіп тұр. Оның кім екенін сіздер барлық тапсырмаларды орындап және сабақтың соңынды сөзжұмбақты шешіп білесіңдер. Ал қазір әріптік матрицаны шешіп бүгінгі сабақтың тақырыбын білесіңдер.

 

 

 

   1

     2

       3

      4

       5

   Д

     Т

       Ы

      П

       6

   А

     О

        Қ

      Ұ

       7

   Р

     С

        У

      Л

       8

   Е

     Н

        М

      Ф


 2    3   3;              3    4   1    1   4   1   1   1    3   3

 6    6   7               6    6   7    6   7   5   6   7    5   8

 

-          Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Оқу құралдарым».

 

1.Сөздік жұмысы.

А) Жаңа сөздермен таныстыру. Оқып, қайталау.

Ә) Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Б) Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сөздерді пысықтау (а)Сөздік бойынша сөздердің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырамын, оны қағып алып, сөздің аудармасын айтып, допты қайтарады; ә)3 оқушы тақтаға шығады, біреуі сөздің орысшасын айтады, қалғандары жазады. Қатесіз, бұрын жазған оқушы жеңімпаз болып саналады ).

 

2. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді оқы жаз. (204 бет).

                                         

 

                                                Оқу құралдарым.   

    Мен биыл үшінші сыныпта оқимын.  Әкеммен кеңсе тауарлары дүкеніне бардық. Дүкеннен оқу құралдарын сатып алдық. Олар: кітап, дәптер, қалам, күнделік, сызғыш, өшіргіш, фломастер, қарындаштар, бояулар. Маған оқу құралдарым ұнайды.

 

2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. (Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жағын қайталау).

 

3-тапсырма. Суретке қарап біліп ал. «Оқу құралдары».

-          Жұмбақты шешіңдер:

Бір үйде көп бала, біреуі – көк бала,

Біреуі - қызыл бала, біреуі – қара бала,

Біреуі – сары бала. (түсті қарындаштар).

-          Түрлі- түсті қарындыштарды алып сурет салыңдар (сурет сайысы).

 

5-тапсырма. Көптік жалғауларын жалғап оқы.

-          Көптік жалғауларды атаңдар.

 

Кітап...                      күнделік...               фломастер...

Дәптер...                   сызғыш...                 қарындаш...

Қалам...                     өшіргіш...                бояу...

 

6-тапсырма. Сұраққа жауап бер. Не үшін керек?

Кітап оқу

Қалам жазу                                             

Күнделік баға қою                                          үшін керек.

Сызғыш сызу

Дәптер жазу                  

 

IV. Сабақты бекіту.

-          Сөзжұмбақты шешіңдер.

 

                    

                        

1.К

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

   І

 

 

 

 

 

 

3 .

 

 

   Т

 

 

 

4.

   А

 

 

 

 

 

5.

 

 

   П

 

 

 

 

 

1.      Білерімнің куәсі, білмесімнің куәсі.

Іші толған қолтаңба, алып шығам әр таңда. (күнделік)

2.      Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзін де құртты. (өшіргіш)

3.      Жер көрдім қаласы бар, үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім, өзен көрдім, сулары жоқ тереңдейтін. (карта)

4.      Із қалдырып үнемі, тұмсығымен жүреді.(қалам)

5.      Аппақ дала, қара дән, сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріптер)

-   Бүгінгі сабағымызға келген Нұрдәулет Ақышевтің «Балалар елін бағындыру» ертегінің кейіпкері Кітап деген ата. Ол көзәйнек таққан қайырымды қарт. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түседі.

 

V. Сабақты қорытындылау.

 

-          Кестені толтырыңдар

 

                  Оқу құралдары

            Не үшін керек?

Сызғыш

сызу үшін

Қарындаш

сурет салу, бояу үшін

Күнделік

баға қою үшін т.б.

 

VI. Үйге тапсырма беру.

 

205 б. 4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

 

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный урок по казахскому языку на тему Қадыр Мырзалиев – ақын.("

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

внеклассный урок для 8 класса на тему "Қадыр Мырзалиев – ақын".. целью урока является познакомить и обобщить знания учащихся о поэте. Воспитывать чувство патриотизма за народного поэта. урок начинается с психологического настроя . учащиеся желают друг друга удачного настроения. в начале ведущие читают эпиграф урока Гюго. в ходе урока учащиеся делают 5 заданий. Исполняют песню Атамекен автором которого является Кадыр Мырзагалиев.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 1819
    • DOCX 42.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурзагулова Лаура Абдигаппаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16180
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции