Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Внеклассный урок по казахской литературе на тему "Аққан жұлдыз" посвященное 180-летию со дня рождения Ш.Уалиханова
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Внеклассный урок по казахской литературе на тему "Аққан жұлдыз" посвященное 180-летию со дня рождения Ш.Уалиханова

библиотека
материалов


«ЖІТІҚАРА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

КГКП «ЖИТИКАРИНСКИЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»


Гуманитарлық пәндердің циклдық комиссиясы

Цикловая комиссия гуманитарных дисциплин



циклдық комиссиясында БЕКІТЕМІН БЕКІТЕМІН

ҚАРАЛДЫ директордың оқу әдістемелік директордың оқу ісі жөніндегі

______________________ ісі жөніндегі орынбасары орынбасары ______________

Хаттама № ______ ___________________ «___» _______________ 2015 ж. "____"___________2015ж.







hello_html_68496ed0.jpg


Сыныптан тыс шара


hello_html_m61165247.gif

«Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған»




Өткізу күні 02.12.2015


Оқытушылар: Смаилова Н.С.

Миржанова Н.Б.



2015-2016 оқу жылы

Жітіқара қаласы



Күні: 2 желтоқсан Топ: МД-14, нФК-14к, НПО-13, МРТ-13


Тақырыбы: «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» 

Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған 

Сабақ мақсаты: 

Білімділік: Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек танысу. 


Дамытушылық: Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, өздерін саналылыққа, еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс шара


Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, өлең оқу, баяндау, ән айту, күй тарту.


Көрнекі құралдар:


1. Интерактивті тақта (бейне-ролик, слайд – шоу)


2. Әдеби кітаптар, газет – журналдар, суреттер, Шоқан салған суреттер (көрмесі)


3. Шоқан Уәлихановтың портреті (студенттер салған)


4. Музыка (ән «Атамекен», «Көгшілдір Көкше», күй «Адай», «Хафиз», «Салтанат»)


5. Кереге, текемет, май шам, үстел, шарлар.


Сабақтың барысы:


1. Кіріспе


2. Негізгі кезең


3. Қорытынды кезең


Фон (Атамекен әні)


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани әлеіметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым – Шоқан Уалиханов. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз Шоқан Уалихановтың өмірі мен өскен ортасына, ғылыми қызметіне арналады.



1 – жүргізуші: Дастан

Эпиграф «Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өніп жатады.

Бірақ адамзаттың ерекшілігі сол – одан із қалады, сөз қалады.»


2 – жүргізуші: Арай

Аққан жұлдыз атаныпсың,

Жан бабам!

Ғасырлардан ғасырларға самғаған.

Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,

Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.

Асыл бабам,

Аққан жұлдыз атанған,

Аққан жұлдыз,

Лапылдағын от - арман,

Аққан жұлдыз,

Ағып өткен найзағай.

Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты әдеби – танымдық кешке қош келдіңіздер!


Орталарызда: Төлендин Жантөре «Адай» күйімен


1 – жүргізуші: Дастан

Ия, қазақ сахарасында «құйрықты жұлдыз» атанған Шоқан Уалиханов есімі мәңгі ұмытылмайды. Шоқанның таланты телегей теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан – байтақ биіктерге серпілтіп жатады.


Құттыбай (интерактивті тақта бойынша):

«Тектіден текті туар қайталанбас...»дегендей қазақстың ұлы ғалымы, зертеушісі, географ –саяхатшы – Шоқан Уалихановтың жеті атасына көз жүгіртсек:

Шоқан Уәлиханов (Мухаммедқанафия)

Шыңғыс Уәлиұлы – аға сұлтан

Уәлихан – хан

Абылай (Әбілмансұр) – жүздердің басын қосқан хан

Әбілфаиз – Бұқара ханы

Есім – хан

Жәнібек – қазақ хандығын құрушы

Жошы – хан

Шыңғысхан – әлемді билеуші хан.


2 – жүргізуші: Арай

Шоқанның тағы бір інісі – Мақы (Мақажан) Уәлиханов (1844 – 1923) суретші болған.Петербургтегі көркем өнерпаздар академиясының шеберханасында суретшілік қызметін атқарған. Мақы Петербургте 11 жыл тұрған. Қазақстанның атақты суретшісі Шота Уәлиханов Мақының немересі.


Санат:

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.



Лариса:

Шоқанның рухани байлығының басты белгілері бала кезінде-ақ біліне басталды. Ол ерте есейіп, үлкендерше ойлайтын болды. Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі білім мен халық даналығының сарқылмас көзі болды. Ол Шоқанға қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есте сақтады.



Орталарыңызда Сандибекова Асем «Асыл әжем» әнімен



Гүлмира

Ғылым оқып, білгенше,

Тыным, тыныштық таппаған.

Дүние кезіп көргенше

Рахат іздеп жатпаған.

Құйрықты жұлдыз секілді

Туды да көп тұрмады.

Көрген, білген өкінді

Мін тағар жан болмады.



1 – жүргізуші: Дастан

Шоқан Уалиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт – дәстүрін, әдет ғұрпын, дінін тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Бір сөзбен айтсақ, Шоқан – ғұлама.



Рысбек:

Әлемді шолып ой көзбен,

Тереңге сүңгіп бойлаған.

Қайғыны жазып бойды езген,

Толғанған әр кез ойлы адам.

Тарихшы елді зерттеген,

Сапармен барып Қашқарға!





Сандуғаш:

Тауларын кезіп Тянь-Шань,

Манасын жазған қырғыздың.

Жете алмай кеткен сан қыран

Нақ жұлдыз еді бұл біздің.

Жоңғардың батыс сілемін,

Мекендеп қалған мәңгілік.

Туған жер жауып кілемін,

«Алтынемел» тұр жаңғырып.


2 – жүргізуші: Арай

1847-1853 жылдары оның әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.


Жасұлан:

1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге СемейАягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.



Ән: Төлендин Жантөре «Ай, Қаракөз!»



Ерболат:

Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.


Казыбек:

Қазақтын көгінде,

Әлемнің төрінде,

Жарқырап, жайнаған

Жұлдыздай көрінді - деп ақын жырлағандай тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін,тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді.Бір сөзбен айтсақ, Шоқан – ғұлама.




Арнұр:

Ш.Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С.Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. Шығыс қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, энтнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.


Күмісай:

Шоқан – саяхатшы. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі.


Бақыт:

Шоқан – суретші. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 – дей сурет қалған.

(Слайд Шоқан салған суреттер).


Аяжан:

Дарынға бақ тілеп,

Айтылып ақ тілек,

Ғылымның шыңында ол,

Қанатын жоғары қақты - деп Шоқанды қазақ халқының ғана емес, жалпы ғаламның азаматы ретінде таниды.


Нұрберген:

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді.

Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы ІІ Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.


Самат:

«Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,

Империя – патша жұрты тәмам көрді.

Өнері топтан асқан жігіт еді,

Сұм тағдыр сапар жолда қаза берді », - деп жырлады Ақан сері.




Мақсат:

Арқада жер жетпейді Бурабайға,

Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.

Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,

Ертеде қоныс болған Абылайға. Шоқанның ата - бабаларына қоныс болған жер -Көкшетау елі (Слайд)



2 – жүргізуші: Арай

Шоқанның өмірі – ең үлгілі өмір. Ол не бары 30 жасқа келіп қайтыс болды. Сондықтан да шығыстанушылар оның өмірін аққан жұлдызбен, жарық жұлдызбен, дала жұлдызымен теңеп келеді. Шоқан – ғасырларға қызмет ететін ұлы тұлға.




Өз шығармашылығынан Шоқанға арнап шығарған Ормантаева Ақбота мен Сандибекова Әсемнің өлеңдері.



Шоқан аға


Қазақ халқын танытқан бар əлемге.

Өзі батыр тарихшы да, заңгер де,

Саяхатшы, географ, фольклорист,

Ағартушы - демократ,

Əдебиетші ғалым еді əлемде.

Қостанайдың нағыз өзі тумасы.

Басқа елде мұндай батыр тумады,

Мақтан етіп Шоқан аға есімін,

Барша əлем дүркіретіп тойлады.

Мұхаммед Қанафия шын аты,

Арғы атасы Абылай хан болғанды.

Мың сегіз жүз отыз бес туып ап,

Мың сегіз жүз алпыс бесте қоштасты.

Кеткенімен қайта келмес əлемге,

Жадымыздан кетпейді ғой əлі де,

Қала береді жадымызда мəңгіге.






hello_html_m5a8ff930.gif


Барат Ақмарал «Шоқан және қазіргі заман»

Қазіргі күнде Ұлттық Ғылым академиясының Тарих, Археология және Этнография институтына, Республикамыздың бірнеше мектептері мен Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне, кеңшарларға, ауыл-селоларға, көшелерге Ш.Уәлиханов есімі берілген. «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел». 

1969 жылы биіктігі 8 метр, тұғыры габбрс тасынан өрілген, Ұлттық Ғылым академия ғимаратының бас корпусына қаратып орналастырылған Шоқан ескерткіші қоладан құйылды. Ал Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 4234 метрлік шыңға да ұлы ғалым есімі берілді. 

Шоқан жайлы алғашқы фильм 1957 жылы түсірілген. 1985 жылы Асанәлі Әшімовтың жетекшілігімен «Шоқан Уәлиханов» атты 4 сериялы телевизиялық көркемфильм жасап шығарылды. Онда Шоқанның 12 жасынын өмірінің соңына дейінгі тағдыры қамтылған. Шоқан роліндегі Сағи Әшімовтың таланты айдан анық көрінді.

Мүсіндеу өнерінде Шоқан образы айтулы дәрежеде өз шешімін тапқан. Мысалы: Шоқан Уәлихановтың Алматыдағы ескерткіші. 




1 – жүргізуші: Дастан

Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін!


Төлендин Жантөре «Алға, Қазақстан!» әні











































hello_html_m288845c8.jpg






hello_html_10b1b620.jpg






hello_html_m37a260.png





hello_html_m4eebc2fd.jpg




hello_html_503ba22a.jpg





hello_html_m371fdff1.jpg




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров285
Номер материала ДВ-247238
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх