Инфоурок Математика Другие методич. материалыВнеклассный урок по математике

Внеклассный урок по математике

Скачать материал

Тақырыбы: Зияткерлер мен тапқырлар  сабақтан тыс сабақ

Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сабақ.
Типі: Ойын түрінде



Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

Барысы:

Құрметті қонақтар, бүгін математика пәні бойынша 6-7-сыныптар арасында өткелі отырған «Зияткерлер мен тапқырлар» атты интеллектуалдық  сайысына қош келдіңіздер!

Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. «Білімді азамат ел-ертеңі», «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім» деген нақыл сөздер тектен текке айтылмаса керек. Ендеше, біз де осы мақсатпен өз білімдеріне, күштеріне сеніп келген ойыншыларымызды ортаға шақырып, бүгінгі «Зияткерлер мен тапқырлар» интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз. Алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділ қазылар алқасы:

1.­­­­­­­­­­­­­­­_______________________________________________________

2._______________________________________________________

3._______________________________________________________

4._______________________________________________________

 


Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді


Бүгін 6-7-сыныптың математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.

Қатысушы топтармен таныстырып өтейін:екі топқа бөлінеді

1 топ – «Зияткерлер» тобы;            2 топ – «Тапқырлар» тобы.   

 

                                              

 

 

I. «Кім мықты» сайысының шарты бойынша сайыскерлеріміздің ойын сергіту үшін, 2 топтың әрқайсысына математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса жасырылатын жұмбақ математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ. Мұқият тыңдайық.

(Әр дұрыс жауапқа 5-ұпайдан)

1-топ:

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.   (17)

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.   (цифрлар)

 

Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар.

Әрқайсысының құны бар.   (теңгелер)

2-топ: 

Екі егіз он алты,

Және сегіз және алты.

Жанап жүрген бір алты,

Қосындысы неше алты?   (36)

 

Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді.    (паралель түзулер)

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.    (домбыра)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.  «Тапқырлар патшалығы» сайысында әр топқа 10, 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтар қойылады. Ойынды алғашқы болып, ұпай саны аз топ бастайды. Егер жауап бере алмаса, қарсы топтың жауабы қабылданады.

Логикалық тапсырмалар . 20 ұпай

Зияткерлер тобына:
 1.       5 жер қазушы 5 сағатта 5 метр шұңқыр қазды. 100 сағатта 100 метр шұңқырды қазу үшін неше жер қазушы керек ?
2.        Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 

б) Ауызша есепте:
1. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)                 5 ұпай

 «Викториналық сұрақтар»    20 ұпай
Зияткерлер тобына:

1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)
2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5.
1/10 санының кері саны? (10)
6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
8. Жарты түзу. (сәуле)
9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
12. 225 нешенің квадраты (15)
13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

Тапқырлар  тобына:
Логикалық сұрақтар    20 ұпай
1. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? 
 2. Сыйымдылығы 5л және 7л екі ыдыстың көмегімен краннан қалай 6л су алуға болады.

2б) Ауызша есепте:    5ұпай
1.   Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?
(14) 
«Викториналық сұрақтар»    20 ұпай
1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)
6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
13. 35-тің квадраты (1225)

 

 

 

 

 

Жұмбақтар шешу 10 ұпай
Зияткерлер  тобы:


1.Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
2.Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.


(Сиыр)
3.Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
4.Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)
5.Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)


Тапқырлар тобы:  10 ұпай

1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш) 
2.


Алды – артымыз шексіз де, 
Жете алмайсың біздерге. 
Сәуле менең кесінді, 
Шыққан тегім білсе де. (түзу)

 

3.

Күнде есебін жаттайды, 
Ешбір тыным таппайды. 
Алмайды бір тағат, 
Оның аты....... /сағат/ 

4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты, 
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты. 
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын, 
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/ 
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)

 

5. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз) . 

 

 

 

 

 

III. «Зеректер» сайысында ойыншыларымыздың шапшаң есептеу қабілеттерін тексеру мақсатында 2 топқа ортақ басқатырғыш есепті шешуге 3 минут уақыт беріледі. Берілген есепті дұрыс шешкен топ 10 ұпайға ие болады. Есептің дұрыс шешілгендігін әділқазылар алқасы тексереді

7346289128643755827319915546826491 
8273199155468264917346289128643755 
2864375582731973462891915546826491 
6491734637558273289128641991554682 
9128643755827319915546826491734628 
5564375582731991468264917346289128

Ж: Бірінші жұптың қосындысы – 10, екіншісінікі де. Бұл басқатырғыштың қарапайым екендігін ескере отырып, барлық жұптар қосындысы 10 болады деп жорамалдауға болады. Бір жолда 17 жұп бар, 17*6=102 жұп, сонда 102*10=1020 

 

Есептер шығарылғанша жанкүйерлермен сайыс өткізіледі.

Жанкүйерлермен сайыс

1-топ: „С” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар

(синус, сүйір, сектор, сәуле, сегмент, синусоида, стереометрия, сан)

2-топ: „К” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар (косинус, көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата)

3-топ: „П” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар

(пифагор, плюс, параллелограмм, пирамида, парабола, параллелепипед, планиметрия)

 

IV. «Ертегілер әлемінде». Ойын шарты бойынша әр топқа ертегі есептен беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Уақыт 2 минут.

1. Қыз жұмбағы (Зияткерлер тобына)

Қазақ халқында жұмбақ айтысу, оны шешу дәстүрінің тамыры тереңде жатыр. Ол жинақтала келе ұлтымыздың алтын қазынасына айналды. Сондай жұмбақ әңгіменің бір мысалы мынадай. Бұрынғы өткен заманда елді бір қатігез хан билепті. Ханның айдай сұлу, әсем жалғыз қызы бар екен. Күндердің күнінде хан жаршыларын ел ортасына жіберіп: "Кімде-кім менің қызымның айтқан жұмбағын шешсе, сол адамға күйеуге беремін. Шеше алмағандардың басы кесіледі" деген бұйрығын таратқызады.

Хан қызына ғашық болған көптеген бозбалалар келіп, өлім құшады. Жұмбақ шешілмейді... Бұл хабар елден елге, жерден жерге жетіп, ақыры бір тазша баланың құлағына тиеді. Күнделікті тіршіліктен опа таппаған ол хан қызына келеді.

– Есебімнің жөнін айтайын, – деді хан қызы.

– Міне, 4 кесе, он шақпақ қант. Осы ыдыстарға қанттарды бірдей етіп бөліп салуың керек.

Тазша бала аз-кем ойланып, қыздың жұмбағын шешеді. Хан уәдесінде тұрып, Тазшаны өзіне күйеу бала етеді.

Ал, біздің ойыншылар жұмбақты қалай шешер екен?

Ж: Тазша кеселерді бірінің ішіне бірін салып, қантты 5-5-тен бөліп салады.

2. Жалған күміс теңге (Тапқырлар тобына)

«Сауда сақал сипағанша» – дейді жұрт. Осы бір сөздің төркініне зер салса, көз алдыңа құжынаған адам қаптаған қара базар келеді. Сауда жүрген жерде ақша жүреді. Ал ақша бар жерде нешебір қулық-сұмдықтың, алдап-арбаудың етек алатыны анық. Алданған жұрт "ах" ұрып, алдаған қу олжасына қуанып жатады. Бірақ, ұрлықтың түбі қорлық екенін айтпаса да түсінікті.

Бірде базардағы саудагерді қызу сауда кезінде бір қу қатырып кетеді. Сатқан тауарына сегіз күміс теңге алған саудагер үйіне оралғанда теңгелерін теңдей екіге бөліп, салмақтап көрсе, бір жағы жеңіл болып шығады. Өйткені, арасында жасанды теңге бар еді. Бәрінің түсі, көлемі бірдей теңгелердің ішінен саудагер безбеннің көмегімен екі-ақ рет өлшеп жалған күмісті табады.

Саудагер жалған күмісті қалай тапты?

Ж: Теңгені үш-үштен безбен табағына салу керек. Егер олар теңессе, қалған екі теңгені салып тексереді. Теңеспесе жалған теңге жағының табағы жоғары көтеріледі. Жеңіл жағындағы үш теңгенің екеуін өлшейді. Теңессе, қалған теңге жалған. Ал бір жағы жеңіл болса, онда сол жеңіл болған теңге жалған.

V: «Сыр сандық». 10 ұпай (Әр топқа бөлек-бөлек)Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасыңдар. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.

Ж: Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он, рационал, үш, жүз, пайыз, түзу, жұп, жазық, бөлу (13 сөз)

 

И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

 

 

VI. «Кім жылдам?» (Әр топқа бөлек-бөлек) 10 ұпай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

 

 

Ал енді 2 топқа берілген тапсырмаларымыз аяқталды.

 Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтаймын дегенше, мен сіздерге қызықты мағлұматтар айтайын.  

 

ЕҢ...ЕҢ...ЕҢ...

 

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

· Күніне 1 метрге өсетін шырмауықтар бар.

· Дүниедегі ең ұзын ағаш метр.

· Польша королі Августтың  баласы болған.

· Қытай дуалының ұзындығы  км-ге жетеді, кей жерлерінде қалыңдығы 10 м.

· Бір жылан  жыл бойы ұйықтай алады.

· Құмырсқа су астында  апта өмір сүре алады.

·  санын бақытсыздық деп білулерінен АҚШ-тың көптеген қонақ үйлерінің 13-ші қабаттарында бөлме жоқ.

 

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!! Кезекті сарапшыларға берейік.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный урок по математике"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2017 830
    • DOCX 990 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамбетов Айдар Турдалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамбетов Айдар Турдалиевич
    Мамбетов Айдар Турдалиевич
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12365
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 061 человек

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 864 человека

Курс повышения квалификации

Методические и практические аспекты развития пространственного мышления школьников на уроках математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции