Инфоурок Технология КонспектыВнеклассный урок по технологий на тему "Ғажайып сурет әлеміне саяхат"

Внеклассный урок по технологий на тему "Ғажайып сурет әлеміне саяхат"

Скачать материал

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

 

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 «А» сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.  

 

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.

1 – топ «Бояулар» тобы : 5 «А» сынып оқушылары

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.

Топ мүшелері:

2 – топ «Қарындаш» тобы : 6 «А» сынып оқушылары

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.

Топ мүшелері: 

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Топ басшылар» сайысы.

3. Мозайка

4. Сөздерден түс аттарын шығару.

5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)

6. Жұмбақ шешу.

7.Өнер туралы мақал – мәтел

8.Сурет сайысы 2 топка.Күз туралы. Бейнелеу

 

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

 

І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

1.      Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

2.      Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

3.      Түстер неше түрге бөлінеді және қандай?(2-ге,жылы және суық)

4.      Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

5.      Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

 

 

ІІ топқа:

1.      Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

2.      Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

3.      Суға тез еритін бояу(Акварель)

4.      Қалам ,тушьпен салынған өнер не деп аталады?(графика)

5.      Натюрморт деген не?(Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

 

 

2 кезең

«Топ басшылар» сайысы.

Топ басшысы өзіне көмекші алады.Берілген суретті салу керек.Көмекшісінің көзі байланады.

Топ басшысы көмекшісіне хабарлап тұрады. Мысалы : жоғары,төмен,оңға,солға т.б

3 кезең

Мозайка

Екі топқа мозайка(сайқымазақ) беріледі.Мозайканы тез қай топ құрастырады қазылар алқасына көрсетуі қажет.

4 кезең.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)

 

5 кезең. Сурет сайысы (топпен жұмыс)

Әр топ өздерінің талантты және тату екендіктерін көрсетеді.Сиырдың суретін салу керек.Біреуі басын,екіншісі – денесін, үшіншісі – алдыңғы аяғын,одан кейін артқы аяғын,құйрық,мүйізін т.б . Суретті салу топқа бір мезгілде беріледі.Сиырды жақсы салған топ марапатталады.(музыка қосылады)                                                            

 

6 кезең. Жұмбақ шешу.

Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.

 

Мен арамын, арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)

 Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)

 

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

 

Сан ойлантады, сан мұңайтады,

Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап)

7.кезең

«Өнер» туралы мақал – мәтелдер жалғастыру

1 топ

Асыл тастан шығады                                               

(Өнер) жастан шығады    

(Өнерлі) өрге жүзер   

Ақыл көпке жеткізер,

(Өнер) көкке жеткізер  

Ілім іштегі нұр

(Өнер) сыртқа салынған түр

2 топ

(Өнерлі) бала сүйкімді

(Өнер) білсең – өлмейсің.

(Өнерлінің ) өзегі талмас.

(Өнер ) – таусылмас азық

    Жұтамас байлық.

(Өнер ) қол бақытқа жол.

 

8 кезең.

Сурет сайысы 2 топка Күз туралы.Бейнелеу.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Балалар,жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз де ат салысып қатыстыңдар.

Марапаттау рәсімі.(музыка әуенімен сайыс аяқталады)

 

 

                                    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный урок по технологий на тему "Ғажайып сурет әлеміне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 890 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 531
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрайбекова Гульжазира Смагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4408
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 065 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 080 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе