Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Внеклассное мероприятие
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Внеклассное мероприятие

библиотека
материалов

Сайыс сабақ

Тақырыбы: «1001 мақал,101 жұмбақ».

Мақсаты: 1.Қазақтың мақал-мәтелдерінің,жұмбақтың мағынасын тусіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту.

2.Мақал-мәтелдердің мәнін ашу,оқушылардың тілдерін жаттықтыру,мәнерлі сөйлеуге,шешендікке үйрету.Сөздік қорларын нығайту.

3.Оқушыларды тәртіптілікке,ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.

Әдісі:ой қозғау,миға шабуыл,пікірталас.

Түрі:сайыс сабақ

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ Әнұраннан басталады.

Құрметті ұстаздар,оқушылар-бүгінгі біздің сабақ сайыс сабақ.балалар сендер білесіңдер ме,біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Бүгінгі сабақта біз сендердің қазақ тілін қалай меңгеріп оқып жатқандарыңды сайыс арқылы көреміз.4 сынып оқушыларының арасындағы 1001 мақал,101 жұмбақ атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ойынымыз 5 турдан тұрады..

I.Таныстыру.

II. «тапқыр болсаң тауып көр» сұрақ-жауап

III. «Сөздің көркі мақал» мақал сайысы.

IV.Жұмбақ сайысы

V.Ән байқауы,қазақ тілі.

Сынып 2 топқа бөлініп сайысқа түседі:

«Сұңқар»тобы «Тұлпар»тобы

Женя Назым

Руслан Аня

Назерке Мазлум

Вероника Мақсат

Тимур Петя

Артур Витя

Саша Владик

Сайысымызды бағалаушы қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

I.турымыз бойынша 2 топ бір-бірін таныстырады.

II.тур «Тапқыр болсаң тауып көр»

Сұрақ-жауап

1.Біздің Отанымыз қандай?

2.Аптаның атауларын қазақша атап бер?

3.Қазақ халқының қандай ұлттық мерекелерін білесіңдер?

4.болашақта кім болғың келеді?

5.Қазақстан қалаларын атап бер?

6.Біздің мемлекеттік тіліміз қандай?

7.Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

8.Отбасы мүшелер кімдер?

9.біз кітапты қайдан аламыз?

10.Біздің сыныпта неше оқушы бар?

III. тур.мақал сайысы.Мен тақтадан орысша мақалдарды көрсетемін.мақал ішінен бір сөзді қалдырып кетемін,сол сөзді оқушылар тауып,қазақшаға аударады.

Мақал.

1.Глаза боятся,а руки делают.

2.Дело мастера боится.

3.Слово не воробей,вылетет не поимаеш.

4.Хорошо птичке в золотой клетке,а луче того на зеленой ветке.

5.Без труда не вынеш и рыбку из пуда.

6.Человек от лени болеет,а от труда здоровеет.

7.Кончил дело,гуляй смело.

8.Делу время,а по техе час.

9.Взялся за гушь,не говори не дюшь.

IV.тур Жұмбақ сайысы.



Жұмбақтар

1.Ажарын аштым,

Қара тары шаштым (жазу)

2.Бұл ғұлама хаттама,

Хаттамадан аттама (кітап)

3.Көр соқыр күшінде кіріп

Көреген болып шығасың (мектеп)

4.Басы жоқ,жаны бар (қалам)

5.Тамыры қатты,жемісі тәтті (білім)

6. «Менде»жоқ, «сенде»жоқ,

«Көлде бар», «шөлде жоқ» (к әріпі)

7.Жерге құласа сынбайды

Суға құласа сынады (қағаз)

8.Ақ сейсептің үстіне

Қатар-қатар түстің бе? (әріптер)

V.тур.ән сайысы

Қорытындылау:Қазылар алқасы сайысымызды қорытындылап,2 топты марапаттайды.























21-ақпан Халықаралық ана тілі күніне байланысты өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл-татулықтың туы»атты байқау

Мақсаты: Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілі мен қазақ арын,бар қуатын өзіне дарытқан нұрлы тіл.Тіл тағдыры-ел тағдыры екендігін айқын ұғындырып,ой-саналарын зерделеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,көрнекіліктер.

Байқауға қатысушылар :өзге ұлт өкілдері (оқушылар)

Байқаудың барысы.

Кіріспе сөз

Қазақ тілі пәні мұғалімі тілдің мән-маңызын сөз етеді.

Байқаудың шартымен таныстыру.

I.Таныстыру (өз тілінде)

II.Салт-дәстүрге байланысты әндер(өз тілінде)

III.Салт-дәстүр (өз елдерінің салт-дәстүрін көрсетеді)

IV.Ұлттық би (ұлттық билерін орындайды )

V.Мәнерлеп оқу (қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін оқиды)

Құрметті ұстаздар,оқушылар және жиылған көрермен !Бүгін өзге ұлт арасында өткелі отырған «Тіл-татулықтың туы» атты байқауымызға қош келіпсіздер!

Тіл-ұлттық белгі,халықтық мұра,дүниетаным құралы.Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп,қалыптасады.

Ана тілі-ар өлшемі!Олай болса тілді шұбарлау-арды шұбарлау,көңіл тұнығын лайлау.Осы орайда Елбасымыздың : «Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ.Ендеше оны жан алмай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ»-деген ұлағатты сөзі-жастармен қатар,үлкендерге де қойылған талап.Олай болса,

Тілің үшін –топқа да түс тартынба,

Тілің болсын-басты мақсат алдында.

Сонда ғана ұлт екенің білініп,

Тілің,дінің мәңгі қалар артыңда,-

деп бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі байқауға қатысушылармен танысып өтейік:

1.Кәріс өкілі:Ли Карина 2.Өзбек өкілі: Алимова Диля

3.Орыс өкілі: Столярова Карина 4.Қазақ өкілі:Танжарбаева Аружан

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық .

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділ қазы алқасын шақырайық,-

дей отыра бүгінгі байқауға қатысушыларды бағалайтын әділ-қазы алқасын шақырайық:

Алғашқы кезеңіміз таныстыру.Бұл кезеңде қатысушыларымыз өздерін өз тілдерінде таныстырады.Алғашқы болып ортаға шығатын:

1.Кәріс өкілі:Ли Карина

2.Өзбек өкілі: Алимова Диля

3.Орыс өкілі: Столярова Карина

4.Қазақ өкілі:Танжарбаева Аружан

«Әнді сүйсең,менше сүй»,-деп Абай атамыз айтып өткендей үміткерлеріміз әнді қалай сүйеді екен байқап көрейік.Келесі кезең салт-дәстүр өлеңін айтудан жарыс.Ортаға бірінші болып:

1.Кәріс өкілі:Ли Карина

2.Өзбек өкілі: Алимова Диля

3.Орыс өкілі: Столярова Карина

4.Қазақ өкілі:Танжарбаева Аружан

Әр елдің салты басқа демекші бүгін бірнеше елдің салтын тамашаламақшымыз.Ортаға:

1.Кәріс өкілі:Ли Карина

2.Өзбек өкілі: Алимова Диля

3.Орыс өкілі: Столярова Карина

4.Қазақ өкілі:Танжарбаева Аружан

Далаң үшін,қызба қан халқың үшін,

Жырың үшін,кеңейткен жан тынысын.

Саған,Қазақстаным ғашықпын мен,

Әншіл,сәншіл,бәйгешіл халық үшін,-

дегендей,келесі кезең ұлттық биге беріледі.Алғашқы болып ортаға:

Қазақ халқы өзінің ақын-жазушыларына әрдайым мақтана алады.Олардың шығармалары баға жетпес құнды дүние.Ал бүгінгі ұлт өкілдері сол құнды,баға жетпес дүниені қалай бағалар екен,байқап көрелік.Ендігі кезең «Мәнерлеп оқу» .Бұл кезеңде байқауға қатысушылар,қазақ халқының ақын-жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысады.

Құрметті көрермендер!Өздеріңіз көргендей өзге ұлт өкілдері алдарыңызға бар өнерін салып өздерін көрсете білді деп ойлаймын.Ал енді әділ-қазы алқасы қалай бағалар екен.

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық,

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділ-қазы алқасын шақырайық-

деп, ортаға әділ-қазы алқасын шақыртсақ.Өздеріңіз төрелігін айтып,бүгінгі байқауды қорытындыласаңыздар.

Қорытынды:

Байқауға қатысушылар бағаланып жүлделі орындар,сыйлық беріледі.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:


Внеклассное мероприятие по казахской литературе для учащихся 7- классов. Может использоваться для проведения классных часов, внутришкольных мероприятий, посвященных празднованию 1 мая и дня ассамблеи.

Тақырыбы: «1001 мақал,101 жұмбақ».

Мақсаты:

1.мақал-мәтелдерінің,жұмбақтың мағынасын тусіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту.

2.Мақал-мәтелдердің мәнін ашу,оқушылардың тілдерін жаттықтыру,мәнерлі сөйлеуге,шешендікке үйрету.Сөздік қорларын нығайту.

3.Оқушыларды тәртіптілікке,ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 02.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров228
Номер материала 297478
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх