Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие "Арайлы алтын күз"!

Внеклассное мероприятие "Арайлы алтын күз"!


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының

272 мектеп мұғалімі

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы

Тақырыбы: Арайлы алтын күз

Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз байлықтары-астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз мезгіліне байланысты салынған суреттер, жеміс пен көкөніс

суреттері

Барысы:


I. Ұйымдастыру


II. Кіріспе:

Мұғалім:

Күз дегеніміз-байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде егін, шөп, астық,көкөніс, жеміс-жидектер піседі. Ауа райы бұзыла бастайды. Аспан жиі бұлттанып, жел тұрады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жылу жетіспегендіктен ағаш жапырақтары сарғая бастайды. Сарғайған жапырақтар сәл жел соқса үзіліп түседі. Астықтар сап-сары болып піседі.

Сондықтан күзді күз-береке, күз-мереке деп атаймыз.

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім

Бұл қай кезде болады?


II. Әдеби монтаж


1-оқушы:

Қарашы далаға,

Іреңі сары ала.

Пісті алма балбырап,

Сарғайды бал құра


2-оқушы:

Аспанды қаптаған

Бұлт тыныш таппаған

Жөңкіліп көшеді,

Суық жел еседі.


3-оқушы:

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.

4-оқушы:

Менің атым-қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың,

байлықтың айымын. Ал балалар, мен туралы не білесіңдер?

Оқушылар хормен: 1-қыркүйек-Білім күні.

5-оқушы:

Оқуға алғаш келгенде

Болсын деп білім серігім.

Қиялым қанат бергенде,

Жүзбек боп ғылым теңізін.

Қарсы алды күліп мектебім.

Тұр екен дайын партасы.

Бақытқа мұндай жеткенім-

Алтын күздің арқасы.


Хор: «Мектебім».


6-оқушы:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.


7-оқушы:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Күз келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.


8-оқушы:

Ерекше күз енді,

Айнала сары ала.

Комбайн жүзеді,

Толқыған далада.


9-оқушы:

Тазартса бірі дән,

Тиеді бірі астық.

Қырманға осы сән,

Күзге бұл жарастық.





III. Көркемсөз: «Қыдыр күз»


10-оқушы:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

11-оқушы:

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.


Тәрбиеші: Балалар, ортамызға Алтын күзді шақырайық.(Ішке сары

киім киген Алтын күз келеді.)


Алтын күз: Амансындар ма, балалар! Ерінбей еңбек етіп, еңбекшіге

бар. Жемісін беретін мен мырза күзбін.


Тәрбиеші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге молшылық,

тоқшылық ала келдің.

Біздің көкөністердің сізге арнаған сыйы бар.(Көкөністер

шығады)


Пияз: Асханадан шықпаймын,

Атым Пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарған,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Сәбіз: Өсіремін бойыңды,

Дамытамын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен-Қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Қияр: Мен қиярмын, қиярмын,

Дәмділікті жиярмын.

Салаттардың сәнімін,

Қараңдаршы қандай сәндімін.


Картоп: Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.


Қарбыз: Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар Қарбызбын,

Ерте үзіп алмағын.


Алтын күз: Балалар, мен сендерге құр келгенім жоқ. Піскен

жемістерімді ала келдім.


Алма: Нарттай қызыл Алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үиірем.


Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде

«Менен аулақ жүр» деймін.

Уылжыған Өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.


Шие: Шиемін мен, шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.

Алтын күз: Балалар мен сендерге ойынымды да ала келдім.

IV. Ойын: «Қандай жеміс екенін тап».

Шарты: көзді байлап, қолмен ұстап қандай жеміс екенін табу.

Би: «Орыс биі»


Тәрбиеші: Ендігі кезекті жұмбақтар айтысына береміз.


V. Жұмбақтар білесің бе?

1. Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмі жоқтай. (Қарбыз)


2. Кіргенде ініне сыңарды

Ұрпағын ертіп шығады. (Картоп)


3. Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Айыбы бұтаққа ілінеді,

Айтыңдаршы кім біледі? (Алмұрт)


4. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар. (Пияз)


5. Алма дерсің түсіне қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап,

Татсаң тәтті,

Бал шәрбатты. (Анар)


6. Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (Капуста)


7. Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келісі.

Қоңыр күзге сақтайды

Сары майдай ел іші. (Асқабақ)


8. Үстіне тігіп дәу шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)


9. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)


10. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз)

VI. Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»


12-оқушы:

Менің атым-қазан. Күзгі жиынтеріннің соңғы айымын, еңбеккер елді

той-думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?

Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі-Мұғалімдер

күні.


13-оқушы:

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңды.

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


Ән: «Ұстазым»- Айшат, Бақытжан 5 «А» сынып


Оқушылар хормен: Қарттар күні.


14-оқушы:

Қарттарым қазыналы асыл бағым

Ғасырлардың ізбасары ақындарым.

Сендерсіңдер ақылдың асыл кені

Қарттарым мен мақтанам шырқап әнін

Ертегімен өмірді танып едім

Аман болшы қазыналы, қам көңілді

Қарттарым мен мақтанам байтақ елде.


15-оқушы:

Айналайын, ақ әжем

Ақылы мол, дана әжем

Зор денсаулық тілеймін

Аман болшы жан әжем.

Оқушылар хормен: Республика күні.


16-оқушы:

Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын бесік-Қазақстан гүлстан.


17-оқушы:

Біздің Отан кең байтақ,

Көп ұлттың мекені,

Біз құшақты кең жайсақ,

Әлем сыйып кетеді.

Тату елміз табысқан,

Қазақстан-бақстан.


18-оқушы:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.


Хор: «Қазақстан»

VII. Қорытынды.

Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Еңбекті талап

ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдарымен байытады. «Еңбек етсең

емерсің» деген осы. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!











Автор
Дата добавления 08.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров234
Номер материала ДВ-043279
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх