Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие "Қарттарым асыл-қазынам" (на день пожилых)

Внеклассное мероприятие "Қарттарым асыл-қазынам" (на день пожилых)

Скачать материал

Қарттарым – асыл қазынам !

 

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ата-балаға сыншы», «Аталы бала ақылды,әжелі бала еркетай», «Отбасының қос шынары-ата мен әже»,  деп жазылған нақыл сөздер 
І жүргізуші:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
ІІ жүргізуші:

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар!   Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар мерекесімен құттықтаймыз !
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
І жүргізуші:
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Зарема Хамзатовна Садвакасоваға береміз.
ІІ жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Ол әрине қарттарымыз.
І жүргізуші:

Олай болса бүгінгі кешімізді   Дәметкен мен Меруерттің орындауындағы  «Асыл әжем» әнімен ашамыз.

ІІ жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.  Аталар мен әжелерге арналған өлеңдерімен 8 сынып оқушысы мен бастауыш сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Дилара:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
Фарида:

   Жадыраймын жадырайын,
   Көңілденіп күлемін.
  Жанар ма деп талабым,
  Ата ақылын тыңдаймын.
Гүлназ:

Қариялар көк байлаған емендер,

Тамырларын ізде ағайын тереңнен.

Желкілдеген жапырағы жас орман,

Келесің сен – келешегім деуменен.

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер күн нұр шашарда.

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

Дильназ:

Қайран қазақ қарттары қадірменді,

Сіздерге алла биіктік бәрін берді.

Мына әлемде таба алмас адамзат,

Өздеріңдей білікті тәлімгерді.

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.

Олжас:

Атам- кітап, мен дәптер,

Ақыл толы сөзіне.

Қызығам да әлбетте,

Көшіремін өзіме.

Еш дүкенде сатылмас,

Тігін кітап атамыз.

Қанша оқыса сарқылмас,

Өмір кітап- тамыз,

Беттері ашық ұдайы,

Оқылатын кітап ол.

Сырын ашып ұдайы,

Тоқылатып кітап ол.

Әлия:

Қарттар күні ұмтылмас ешқашан,

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан.

Жүрсін адам қарт кісіні аялап,

Жүрсін адам кісіні мадақтап.

Мәдениет:

  Атам менің әманда
  Әдепті жан бол деген
  Атам сөзі санамда
 Жасы үлкенге жол берем
 Алдын орап кісінің
 Кесіп өтпе көлденең
 Ізетімен кішінің
 Сәлемдесіп қол берем.

Бауыржан:

Атам отыр кәріміз, қуат берер дәріміз.

Әулиедей айалап, ардақтаймыз бәріміз.

Аружан:

Ата-әже мерекелеріңіз құтты болсын,

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелерініңздің өнерін тамашалап,

Жүздеріңізге көтеріңкі көніл толсын.
Мұхит:

Әжем өрнек тереді, Сырмақ отыр оюлап.

Басы ауыра береді, Шай ішпесе қоюлап.

Нұрсұлтан:

Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз.

Айым:

  Өзің мені өсірген,
  Айналайын ақ әжем.
 
Тентек болсам кешірген
  Шөлдедің бе, дана әжем?
  Шай қайнатып келейін,
  Шекер салып, жан әжем.
  Өзім құйып берейін.
  Балдай тәтті бал әжем.

Айша:

 Мені жақсы көреді,
 Күндей күліп келеді,
 Көп ертегі біледі,
 Маған айтып береді.
І жүргізуші:

Ән: « Әжем айтқан ертегі» орындайтын Аружан мен Мұхит

ІІ жүргізуші:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен әжелер!
І жүргізуші:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
ІІ жүргізуші:

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
6 сынып қыздарының «Қазақ биі» биін тамашалаңыздар

І жүргізуші:

Осы отырған Сұлужон ауылымыздың ата - әжелеріне арнайы шығарылған өлең шумақтарын тыңдап көрелік.

ІІ жүргізуші:

Қандай өлең шумақтары ?

І жүргізуші:

Айтқым келгені, есімі аталған ата-әжелеріміз әр өлең шумақтарынан соң ортаға шығып берілген тапсырмаларды (1 үлестірмеде берілген, тапсырмалар сахна стендіне гүлдер түрінде ілінеді) орындайды.

ІІ жүргізуші:

Алпыста алты жасар баладай бол,

Жетпісте қан жығасы – жағадай бол.

Тоқсанда да сыр алдырмай, Өмірзақ ата

Жүз жаста көпті көрген данадай бол.

 І жүргізуші:

 Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін Сақып әже жасыңыз.

 ІІ жүргізуші:

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда
Айтжамал әже жүріңіз!
І жүргізуші:

Әжетай, мейірің көп таңдандырған, 
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Маулиза әже өзіңе көп борыштарым

ІІ жүргізуші:

Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
Әжелеп жан-жағыңда жүре берген,
Дыбыс әже енді бүгін немерелерді-қызықтағың.

 І жүргізуші:

Ардақтысың аяулысың ардақты апа

Аялаған барлығын да Қадиша апа

Аялаған біздерді жасымыздан

Ауырмаңыз ешқашанда Қадиша апа!!

ІІ жүргізуші:

Атыңыз затыңызға сай деп білеміз

Әрқашанда Әлия апам деп жүреміз

Ауырмаңыз ешқашанда Әлия апа

Жүзден жасыңыз ассын деп тілейміз.

І жүргізуші:

Самғайтын биіктерге қарлығаштай

Құшағын жайған қуанышқа

Болып біздің жанымызда

Қуанта беріңіз бізді Қарлығаш апа

ІІ жүргізуші:

Орынын тауып сөйлейтін өзгелерге

Орыны бар бұл әженің өз үйінде

Олжас дайын немересі бар бұл әженің

Орынтай әже қош келдіңіз бұл мерекеге

І жүргізуші:

Ассалаумағалейкум сөздің басы

Сөз бастаған ата-бабам сөздің жасы

Құрметін ауылға көрсете білген

Қош келдіңіз Төлеутай ата қария жасы

ІІ жүргізуші:

Бақыттысың әже бақыттысың

Бақыттың құшағында сіз ұшыпсыз

Бақыт әже бақытты болып жүріңіз

 

Бақыт сыйлар немерелеріңіз бақытты бүгін

І жүргізуші:

Ауылым сыйлайтын аталарым әлі алда

Бар мекен осы залда Серік ата

Үлкендерге құрметті болып,кішілерге ізетті болған

Қош келдіңіз бүгінгі мерекеге Серік ата

ІІ жүргізуші:

Роза десе түседі еске,қазақтың бұл бұл қызы,

Роза десе түседі еске қазақтың дүлділ қызы

Сайраған биіктерде Роза дайын

Сұлужондық Роза әже қазақ қызы

І жүргізуші:

Добрый день десе қайырлы күн деген атамыз

Атамыз болып бүкіл Сұлужонға жағасыз

Қазақый болмысымен көзге түскен

Қош келдің Валера ата бүгінгі мына тойға

ІІ жүргізуші:

Айтуған апа армысың

Бүгінгі тойда бармысың

Жаңадайын айдай болып туылған болып

Ай апа армысыз бармысыз.

І жүргізуші:

Бәйтеректей  жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығы байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Какімжан ата, күй төгілсін төріңізден.

ІІ жүргізуші:

Уақытын бөлер біздерге ізгі ниетімен

Жаңыл әже десе құлағымды шыр еткізген

Ауырмаңыз ешқашанда Жаңыл әже

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!!

ІІ жүргізуші:

Біздерді қуанышқа бөлеген

Сый сыйапаттан ол үнемі үзілмеген

Бар уақытта уақытын бізге бөлген

Құралай апа берекелі болсын бүгінгі мерекеңіз!

І жүргізуші:

Тәтті мекен балдайым майдайым

Малика деген әже балқайың

Еркелеткен мына біздерді күлімдеткен

Шарықтап қуанта бер әжем менің

ІІ жүргізуші:

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесіз,
Құтты болсын сексен жасың, ататай,
Қажетолла ата құдайым сізді жебесін.

І жүргізуші:

60 та өмір белесі,

Қартайдым мен демеші.

Туған күнде жыл сайын,

Қуанышқа  Қабдолла ата бөлеші!

ІІ жүргізуші:

Алпыста алты жасар баладай бол

Жетпісте желкілдеген жігіттей боп

Сексенде серуендеген сері болып

Қуанышбек ата жүзіңізде ел сыйлайтын қария болыңыз!

І жүргізуші:

Мейрамгүл әжем менің әліде

Ұқсамайсың кәріге

Шай қайнатып беретін

Жасына да кәріне

ІІ жүргізуші:

Сағынтай атам менің асылым

Ардақтысың асусың асылсың

Талайына үлгі болған ата болған

Ардақты ата құтты болсын бүгінгі күнің.

1 үлестірме.

1)Қара жорға биін билеп беріңіз.

2)Бесік жырын айтып беріңіз.

3) «ҚАНАҒАТ» сөзінен бірнеше сөз шығарыңыз.

4)Мына сөздерді жалғастырыңыз:

 «Бір уыс               »  тұз

 «Бір асым        » ет

 «Бір шым-шым            »  шай

5)Ұлттық ойындарды атаңыз. (Бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, дойбы, ақсүйек, тоғызқұмалақ, асық ойындары, жілік ұру, садақ тарту)

6)Балалық шағыңыздың қызықты бір оқиғасын айтып беріңіз.

7) «У» - әрпінен сөз құраңыз. (Уық, уыз т.б.)

8)Жеті қазынаны,  (Қақпан, майланған ау, өткір кездік, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы) жеті ырысты (ақыл, ой; денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит) атаңыз.

9) «Қыздың жиған жүгіндей» дегенді қалай түсінесіз?      Тиянақты

10)Киіз үйдің саймандарын атаңыз. (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)

11)Қазақ оюын жасаңыз

12)Балаңызды қандай сөздерқолдана отырып еркелетесіз?

13)Тәрбиеге байланысты мақалдар айтыңыз.

14)Наурыз көженің құрамына не кіреді?

15)Жануарлардың төлдерін атаңыз:

Түйе – бота

Жылқы – құлын

Қой – қозы

Ешкі – лақ

Мысық – соқыр

Есек – қодық

Аю – қонжық

16)Балаларға арналған қандай тақпақтар білесіз?

17)Ұлттық тағамдар туралы не білесіздер (қуырдақ, бесбармақ, сорпа, құйрық-бауыр т.б.)

І жүргізуші:     Көрініс 6 сынып

ІІ жүргізуші:  Ән «Жақсы көрем» Ганбатқызы Гүлназдың орындауында
І жүргізуші:  «Қарттар күні» мерекесі – ерекше мереке. Аяулы аталарымыз бен әжелерімізді сыйлау,құрметтеу,қорғау біздің және келешек ұрпақтың яғни сендердің бірінші парыздарың.Сапалы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты,ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие "Қарттарым асыл-қазынам" (на день пожилых)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2015 758
    • DOCX 62.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арынжанова Амина Абдылдановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арынжанова Амина Абдылдановна
    Арынжанова Амина Абдылдановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6097
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 989 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции