Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие: "Қазақ тілі - Мемлекеттік тіл!"

Внеклассное мероприятие: "Қазақ тілі - Мемлекеттік тіл!"

Скачать материал

Тақырып: Қазақ тілі Мемлекеттік тіл!

Мақсаты:

  1. Қазақ тілі туралы толық мәлімет бере отырып, оқушылардың қазақ тілі бойынша білімдерін кеңейту.
  2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, сауаттылығын, мәнерлеп оқуын дамыту. Сөздік және тілдік қорын байыту.
  3. Қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде құрметтеуге, қай тіл болмасын оны қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдары: Тіл туралы нақыл сөздер, бүктемелер, кітаптар көрмесі.

 

Өту барысы

 

1 оқушы: Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім – демім,

Ана тілім жаным.

 

2 оқушы: Жанымнан да қымбат

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап,

Үлгі-өнеге алам.

 

3 оқушы: Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.

 

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз жиналып отырған себебіміз, 11 қаңтардан бастап, 21 қаңтарға дейін мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті және ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндер бойынша әдістемелік бірлестігінің» онкүндігі өтеді. Ал, рұқсат болса, онкүндіктің ашылуын ашық деп жариялаймын.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Гимні орындалады.

 

I жүргізуші: Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.

 

1 оқушы: Сүйемін өз тілімді – анам тілін

Бесікте жатқанымда–ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутынан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

 

2 оқушы: Аяулы абыройлы ана тілім,

Өстім мен саясында қанатыңның

Кетіпті ғазиз ана сені ойлап,

Жыр болып көкірегімде жанатұғын

3 оқушы: Әндетіп шалқып, қиялға сүйеп,

Ашыла түсер көңілдің күйі.

Өзіңде үйрен, балаға үйрет,

Абайдың тілін, Жамбылдың тілін.

II жүргізуші: Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі – Қазақстан және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Қытай тағы басқа елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі - өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс-қағаздарының тілі.

 

I жүргізуші: Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Солардың ең бастылары: от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке.

 

II жүргізуші: Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз. Ендеше, құрметті қонақтар, сол билерімізді ортамызға шақырайық.

 

I жүргізуші: Қош келдіңіздер, бабалар!

Үш кемеңгер дүлдүлім,

Сақтаған ел бірлігін

Қалың елім пір тұтар,

Қасиетті үш бабам тілім туралы не айтар?

 

Төле би: Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қылып,

Ана тілін етер білмеу қандай заңдылық?

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

 

Қазыбек би: Жетер енді! Әркімге ермейік,

Қазақ болсын құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым-ау

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік!

 

Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлгені.

 

Төле би: - Қош, балалар, бүгінгі мерекеге орай тақпақтарыңды тыңдай отырайық.

 

4 оқушы: Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

 

5 оқушы: Тәуба, тәуба жаратқанға мың тәуба,

Біреу болсам қайтер едім жан сауға.

Менің ұлтым – қасиетті киелі,

Жасық емес асыл оның сүбесі.

  

6 оқушы: Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек?

Өзімізді өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметтен басқаны біз «жөн» десек.

 

7 оқушы: Бір қазағым орысшалап бастайды,

Екіншісі шатып-бұтып қоштайды.

Қайран қазақ, «Дәрежеге жеттік» деп,

Өз тілінде жағын мүлде ашпайды.

 

8 оқушы: Тілімізге келеміз тұрақтамай,

Ана сүтін жүрміз-ау түк ақтамай.

Жиындарда бастасақ басқа тілде,

Бабалардан ткады сұрақ талай.

 

Оқушылардың орындауында Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» әні.

 

Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзіндісі оқытылады.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтынып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, даламын мен.

 

II жүргізуші: Жұбан ағамыз жырлағандай, қазақ жері, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті қарыштап дамыған бай өлкеге айналды. Ал кезінде қазақ халқының болашағы үшін оқуға, өнерге талпынған ағамыз Сұлтанмахмұт:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрлеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда, кім болам!

-          дегені, бұл күнде қиял-арман мен талап, ой ғана емес, іс жүзінде ақиқат, шындық болып тұр.

 

I жүргізуші: Біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебеге ие болған қазақ  тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.

 

Ертегі әлемінде: «Қазақ әліпбиесі»

 

Ерте, ерте, ертеде әріптер мен дыбыстар әрқайсысы әр жерде, шашыраңқы өмір сүріпті. Бірін-бірі сыйлау дегенді білмеді, бірінің орнына бірі таласып, соңы төбелеспен тынатын. Тәртіп жоқ жерде береке жоқ. Күштісі әлсізіне күн көрсетпепті. Әрқайсысы әр түрлі үн шығарып, дүниені азан-қазан қылып жіберіпті.

Бұлардың осындай іс-әрекетіне шаршаған Әліппе бұдан әрі шыдай алмады. Бір күні терең ойға түсті. Әліппе әрі ойлады, бері ойлады. Ақырында Сөзстан қаласында оқып жатқан Тілге жеделхат салды:

«Сөзстан қаласы. Синтаксис көшесі. Грамматика жатақханасы. Тіл Қазақұлына. Хал қиын. Әріптер бетімен кетіп барады. Тез жет! Әліппе».

 

II жүргізуші: «Әліпби» сөзі араб алфавитінің алғашқысы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 9 әріп бар. Қалғандары орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

 

Әріптер туралы тақпақтар.

Оқушы: Сәл көтерсе қақпағын,                                        

Әйгерімнің қазаны.

Көрінісі шап-шағын,

Ә-ге ұқсап қалады.

 

Оқушы: Г-ден – қол шалғы,

Кіндіксіз – бір міні

Ғ деген де сол шалғы

Орнында тек кіндігі.

 

Оқушы: Қойып тасқа аяқты,

Қолмен күнді қалқалап,

Қарап тұрған Саятты,

Қ-ға ұқсатты Жанталап.

 

Оқушы: Қатар және тік қойып,

Құрық пенен сырықты

Арасына жіп қойып

Ң әрпін құрыпты.

 

Оқушы: Ортасында сызығы,

Өрікке ұқсас келеді.

Өріктің атын қызығы

Өзі бастап береді.

 

Оқушы: Қыстың қарлы күнінен,

Көп нәрсені тоқисың.

Кей құстардың ізінен,

Ұ әрпін оқисың.

 

Оқушы: Үйрек десе – бірінші

Бүйрек десе – екінші

Бұл қайсы әріп десең

Көрсетейін Ү әрпін.

 

Оқушы: Ізетті қыз Гүлсімжан

Отырған – деп нұсқайды.

Орындығы ұсынған

Һ әрпіне ұқсайды.

 

Оқушы: Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Оның аты біз жазған

І әріптен басталған.

 

Оқушы: Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде,

Қырық екі әріп бар.

 

Төле би: Жарайсыздар, балалар! Қазақ тілімізді өте жақсы білесіздер екен. Сол үшін сіздерге өз баталарымызды берейік.

 

Қазыбек би: Әумин! Бата бер, далам бата бер,

Батаңды бер де жата бер.

Ақ торғын жерім маужырап,

Ақ таңым күліп ата бер.

 

Әйтеке би: Пайғамбардың бағын берсін,

Сүлейменнің тағын берсін,

Әзіретәлинің айбатын берсін.

Әумин! Аллаһу әкбәр!

 

II жүргізуші: Сонда, балалар! Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?

 

- жиі-жиі қазақша сөйлеу керек

- сөздерді жаттау керек

- радио тыңдау керек

- теледидар көру керек

- қазақша газет-журнал оқу керек

- үйірмеге қатысу керек

- сөздерді есте сақтау керек

- ұялмай сұрау керек

- сабаққа дайындалу керек

- сабақты тастамау керек.

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мейрамды қуанышпен бөлісіп отырғандарыңыз үшін, көңіл бөліп келгендеріңіз үшін көп рақмет айтамыз. Ал қазақ тілі мен ұйғыр тілі пән мұғалімдерінің ашық сабақтарларына келеңіздер, көріңіздер. Ашық сабақтар бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Сау саламатты болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие: "Қазақ тілі - Мемлекеттік тіл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 402 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2016 791
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имиров Адылжан Касимович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Имиров Адылжан Касимович
    Имиров Адылжан Касимович
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8624
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой