Инфоурок Другое КонспектыВнеклассное мероприятие "Бозбала мен бойжеткен"

Внеклассное мероприятие "Бозбала мен бойжеткен"

Скачать материал


     Мақсаты:
Оқушылардың адамға тән ең шынайы сезімдерді бойына сіңіріп, өз сезімдеріне дұрыс басшылық жасай білуге, Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, ана мен бала арасындағы перзенттік махаббат, ата - анаға деген құрмет, досқа адалдық сезімдерін бағалай білуге және қастерлеп сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың арасында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
    Түрі: сайыс
    Көрнекілігі: нақыл сөздер
    Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кешті ашу.

                                                              Барысы:
     
Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі біздің кешіміз ерекше болғалы тұр. Біз балалығымызды тастап, бір қадам болса да алға аттап, бозбала мен бойжеткен атандық, бәріміз көптен күткен Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні де есігімізді қаққалы жатыр. Барлығыңызды осынау ғашықтар күнімен құттықтай отырып, осы күн туралы аз-кем әңгіме-дүкен құрып, тарихын зерделеуге шақырамыз. Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек.

1

Қос ғашықтың мазары

  Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.  Сонымен бүгінгі «Мирас» тобының жігіттері мен бойжеткендері арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, -
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке - жеке таныстырылады)
.

   Жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -
демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.   

  Жүргізуші: Сайысқа қатысатын оқушылар мынадай байқау түрлері бойынша сайысқа қатысады:
1.
Жұп атын таңдау.
2. Сәлем - сөздің анасы
3. Мақал - сөздің мәйегі
4. Өнерлі өрге жүзер
5. Жұбыңды танисың ба?
6. Ұшқыр ой
7. Сұлу би - сымбат мүсін айғағы
8. «Ажарыңа ғашық болдым сұлу қыз»

9. Сенің таңдауың?
10. Қорытынды.

  1. Жұп атын таңдау кезеңі.
Асыл арман, мақсат деген бізбенен,
Арман қуып, кетерміз біз ізбенен
Алдымыздан шықса екен деп тілеймін
Бақыт жолы біздер ғана іздеген, - дей келе, жұп атын таңдау байқауын бастаймыз. Мына қоржыннан аттарыңыз бен кезек номерлеріңізді таңдап алыңыз. Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады).
  2. «Сәлем - сөздің анасы» бөлімі
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.

Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,
Сәт те келіп қалғандай танысатын
. (Әр жұп өздерін таныстырады.)
   3.«Мақал – сөздің мәйегі» бөлімі
Ең мәдениетті нағыз қазақ әр сөзін мақалмен әрлеп сөйлейтіні баршамызға аян. Енді әр жұптың сөз саптауларына кезек берейік. Ол үшін алдымен сіздерге мақал айтылады. Ал, сіздер осы мақалда қандай сөз бар,
сол сөздің біріне мақал құрауларыңыз тиіс (мақал кезек бойынша жалғасады). Қай жұп мақалды көп тапса, ұпайлары да көбейеді.
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады», «Ер елімен жақсы», «Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді», «Шешен сөзінен сынады, иен көзінен сынады» т. т.
  4. «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, -
Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар.
Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.
   5. «Жұбыңды танисың ба?» бөлімі
Бұл бөлімде жігіттердің көзі байланады. Олар қыздардың қолдарынан ұстап, өз жұбын тауып алулары тиіс. (музыка ойналады)
   6. .«Ұшқыр ой» бөлімі
  Қазақ халқы жұмбақтап, астарлап сөйлеп, айтар ойын тұспалдап жеткізе білген. Бұл бөлімде әр жұптың қаншалықты тапқыр, ойлары жүйрік екендігі анықталады. Сіздерге халқымыздың жұмбақ сөздері жасырылған қағаздар таратылады. Ойлануға 3 минут беріледі.
Қазақ халқының жұмбақтары:
1) Ертеде өзі сері, өзі әнші, өзі күйші бір жігіт болыпты. Бірақ, тұрмысы кедей екен. Пәлен деген ауылда үлкен той болатынын естіген жігіт бармақшы болып, әке - шешесінен рұқсат сұрайды.
Әкесі: «Балам, ауылың жіберсе барарсың»,- дейді. Сонда баласы: «Ауылың жіберсеңіз қалай, неге жібермейді, мен сіздерден рұқсат сұрап отырған жоқпын ба?» деп таң қалады.
Тойдың болатын уақыты жетіп, тойға жинала бастаған жігіт «ауылың жіберсе барарсың» сөзінің мағынасын түсініп, санын соғып қалған екен.
«Ауылың жіберсе барарсың» сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
2) Ауылдағы ең үлкен сыйлы кісінің үйіне бір топ қариялар келеді. Қарттарға шай - суын, етін беріп, зыр жүгіріп жүрген келіні бір уақытта сыртқа шығып кетеді. Қараса, өзеннің арғы бетінде бір қойды қасқыр жеп жатыр екен. Сонда келін үйге кіріп, аталарына қарап - қарап қойып: «Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Жанымаларыңды жонып - жонып жіберіп, тез жетіңдер» деген екен.
Келін нені жасырған?
3) Екі атты келе жатса, бір қойшы қой бағып отырса керек. Бұлар кездесіп, аман - саулық сұрасқан соң, қойшы екі аттының бірінен «Қасыңдағы жолдасың кім?» деп сұрайды. Сонда аттының айтқан жауабы: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Кім екенін өзің біл», дейді.
Атты кісінің бір - бірімен қандай жақындығы бар?
4) Ертеде бір ауылда қыз - жігіттер жиналып, бастаңғы жасайды. Бастаңғыға бір жұпынылау тұратын үйдің қызы да бармақшы болады. Әкесінен рұқсат сұрап, бастаңғыға қайтсе де баратындығын айтады. Сонда әкесі: «Қызым - ау, мен рұқсатымды берермін - ау, бірақ барғысбасың барғызбас», - дейді. Қыз «Барғызбасы несі, кім барғызбайды? Неге барғызбайды? Неге бармаймын? Барамын!» – деп қиғылық салады.
Бастаңғы уақыты таянып, оған барар кезде,

барғызбастың барғызбасы не екенін түсінген қыз бастаңғыға бара алмай қалады.
Қыздың әкесі не айтты?
Жауаптары:
1) Жігіттің тұрмысы кедей, тойға киер киімі жұпыны болатын. Бұрын тойларға ауыл адамдарынан киім сұрап баратын болған.
2) Қонаққа келген қариялардың есімдері Өзенбай, Қамысбай, Қозыбай, Қасқарбай, Пышақбай.
3) Атты кісілер - әкесі мен баласы.
4) Қыздың бастаңғыға киіп баратын киімі жоқ.
    7. «Сұлу би - сымбат мүсін айғағы» бөлімі
Ән мен күйді қатар берген санамызға,
Құштармыз - ау өнерге баршамызда.
Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,
Қыз - жігіттер, биден құр қаламыз ба?-
Барлық жұптың көздері байланады. Сайыскерлер бір - бірін тауып алып, вальс ырғағында билейді.
   8. «Ажарыңа ғашық болдым сұлу қыз» бөлімі

Бұл бөлімде жұптар өздерінің бір-біріне деген ғашықтық сезімдерін қазақ халқының дәстүріне сай, атақты ақын-жазушыларымыздың роман, пьесаларынан үзінді алып, сахналық қойылым көрсетеді.

  9.«Сенің таңдауың?»

Бұл кезеңде ұлдар мен қыздарға ортақ сұрақ беріледі.
Тапсырма: Бозбалаларға: Бойжеткендеріміздің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргін келеді?

Бойжеткендерге: Сенің таңдауындағы бозбаланың қандай болғанын қалайсың?

  10. Қорытынды:

 Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Махаббат жөнінде кесіп айту мүмкін емес, ол туралы жырлар мен сырлар еш таусылмайды. әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілейміз. Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.Олай болса, баршаңызды келе жатқан 15 сәуір - Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, сүйіңіз, сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз деген тілек айтамыз! Мереке құтты болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
Қазылар алқасы қорытынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.

Тобанияз  атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

«Бозбала мен Бойжеткен»

 

 

 

 

 

                                                                                     Дайындаған: Көңбай Нағима

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие "Бозбала мен бойжеткен""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2015 1015
    • DOCX 236 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем КӨҢБАЙ НАҒИМА ӘБЕНҚЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    КӨҢБАЙ НАҒИМА ӘБЕНҚЫЗЫ
    КӨҢБАЙ НАҒИМА ӘБЕНҚЫЗЫ
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10564
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек