Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие для дошкольной подготовительной группе"Ертеңгілік"

Внеклассное мероприятие для дошкольной подготовительной группе"Ертеңгілік"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектепалды тобында өткізілген ертеңгілік

Тақырыбы:Жаңа жыл,жаңа жыр

1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар,қонақтар!Біз сіздерді 2016 жылмен құттықтаймыз!Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс,бақыт тілейміз.Енді 0 «А» сыныбының жаңа жылға арналған ертеңгілік кешін бастауға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Бақыт,шаттық,молшылық пен тыныштық Бәрімізге әкелсін мына арай жылды Ал,балалар,бүгінгі жаңа жылдық кешімізге сайқымазақты шақырамыз ба? (Иә)

Балалар:Сайқымазақ(3) Сайқымазақ:Балалар,сәлеметсіздер ме,мені шақырғандарыңа рахмет,мен де сендермен бірге жаңа жыл кешінде атсалысқым келеді.

1-жүргізуші:Енді,балалар,бәріміз «Жаңа жыл»әнін айтайықшы. Ән «Жаңа жыл» 2-жүргізуші:Балалар,жаңа жылға арналған қандай тақпақ білесіңдер?Айтып берейікші.

1-бала:Аппақ қылып қаланы Аппақ қылып даланы Қарақат Қуандырып баланы Төрлет,төрлет жаңа жыл!

2-бала:Жаңа жылдың жас ұланы Біз шыршаны қарсы алған Данияр Тамашаға асығады Қала,дала ән салған

3-бала:Кел билейік,үйренейік Ол келгенше жаңа жыр Нұрай Құтты болсын,құтты болсын Құтты болсын жаңа жыл!

4-бала:Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Арсен Қандай әсем шыршамыз Ән шырқайық баршамыз

5-бала:Жаңа жылым жол болсын Басқан қадам оң болсын Алия Төрлет,төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын

1-жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар!Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын.Сендер жұмбақтың шешуін айта білесіңдер ме? Балалар:Иә

1-жүргізуші:Сақалды шал жылына Бір-ақ рет келіп кетеді Қыздары мен ұлына Сыйлық алып келеді Ол кім?

Балалар:Аяз ата 2-жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар!Балалар,енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атамызды шақырайықшы!Ол орманда адасып кеткен болар. Балалар:Аяз ата(3) (Аяз атаның орнына мыстан кіріп келеді)

Мыстан:Пай-пай!Мен қайда келдім өзі?Мына шыршаның кереметін-ай!Үйге алып кетсем бе екен?(Осы кезде мыстан төмен қарап шыршаны түбімен жұлып алып кеткісі келеді) 1-жүргізуші:Мыстан кемпір(мыстан кемпір оған мән бермейді,шыршаны жұлуын тоқтатпайды)Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз,тимеңіз біздің шыршаға! Мыстан:Түу!(мыстан кемпір терісін сүртіп тұрып)Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай жұлынбайды ғой өзі! (Сол кезде шыршадан жылтыраған кілтті көреді)мынау қандай қызық кілт өзі,осы кілт бағанағы мен ұшып келе жатқанда көрген сандықшаның кілті болар. Сол сандықшадан бір керемет дәмінің иісі шығып еді,мүмкін ақша да бар шығар.Мен шыршаға тимей-ақ осы кілтті алып барып сандықшаны ашайын мүмкін тамағына тойып,ақшасына бір байәып қалармын.(Мыстан кілтті алып кетеді,сол кезде қалтасынан сиқырлы таяғы түсіп қалады)

2-жүргізуші:Балалар,қане,тойды жалғастырайық!Аяз атамыз кешіктіғой!Мүмкін жолда адасып кеткен болар!Олай болса Аяз ата мен Ақшақарды қаттырақ айқайлап шақырайықшы! Балалар:Аяз ата,Ақшақар(3) Аяз ата:Уа, жұртым, жиналған , Көңілдерің бүр жарған . Айналайын, ұлдардан , Айналайын, қыздардан! Аяз ата Ақшақар, Жетті жолдан қиналған . Ештеңе емес барлығы , Алдымызда күллі арман . Мықтылығым мәлім ғой , Өтіп кеткен жылдардан. Ақшақар:Амансыздар ма,балалар,ұстаздар,қонақтар,ата-аналар.Өздеріңді сағынып келдік.Жаңа жылдарың құтты,табысты,берекеге,мерекеге толы жыл болсын!Тағы бір тарихи жылдарың құтты болсын! Аяз ата:Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын! Ақшақар:Мен сіздермен Жаңа жылды қарсы алатыныма қуаныштымын!Балалар,біз алыс жолдан шаршап келдік,бізге бір өнерлеріңді көрсетесіңдер ме?(Иә.хормен) Аяз ата:Жаңа жылдық мерекеге қаншама балалар келген.Кім тақпақ,өлең айтса,билеп берсеңдер сендерге сыйлығым бар.

1-жүргізуші:Аяз ата мен Ақшақар,алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар.Отырып кішкене деміңізді алып,балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетсін!

6-бала:Жаңа жылың құтты болсын! Асыл әжем,жан атам Кәусар Жайнап атып келе жатыр Алдымыздан жаңа жыл

7-бала:Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Жансая Келеді алыс сапардан Аяз ата оранып

8-бала: жаңа жылды қарсы алып Жасаймыз той жылда біз Батырхан Жарқын-жарқын ән салып Жалғасады жырға-жыр

9-бала:Қала нұр Қала нұр Інжу Құтты болсын жаңа жыл!

10-бала:Жарқыраған шырағы Шырша келді ортаға Ақбота Біздің балғын балалар Әсем әнді шырқайды

1-жүргізуші:Аяз ата!Қане,олай болса балалармен бірге шыршаның шамын жағайық.

Аяз ата:Бір,екі,үш. Балалар:Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат.

2-жүргізуші:Ал,балалар,Аяз ата мен Ақшақарға «Аяз»әнін айтып береміз бе? Балалар:Иә «Аяз әні» Аяз ата:Ой,бәрекелді,балалар!Жарайсыңдар!Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар ғой! 1-жүргізуші:Аяз ата,сіз біздің балаларға сыйлық әкелдіңіз бе? Аяз ата:Әрине,барлық сыйлықтар мына сандықтың ішінде.Ақшақар сандықшаның кілті қайда?

2-жүргізуші:Қандай кілтті сұрап тұрсыз?Бағанағы шыршада ілініп тұрған кілтті айтасыз ба? Аяз ата:ИӘ,сол кілт болар. 1-жүргізуші:Аяз ата ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген. Аяз ата:Қап,әттеген-ай!Қане біз оны Ақшақар екеуміз іздеп табайық(Сол кезде мыстан залға кіріп келеді) Мыстан:Ап,бәлем! Таптым,сандықша мында тұр екен ғой.

Аяз ата:Мына ұрлықшы мында жүрғой.Қане кілтті маған бер.Балалар сыйлықтарын күтіп қалды Мыстан:Ойбай,таңы не дейді?Сыйлық өзіме де керек. Аяз ата: Аһ,бәлем!Онда өзіңнен көр!Мен сені қатырып тастайын!Қане таяғым,мына мыстанды қатырып таста! Мыстан:ӘЙ Аяз шал!Керегі жоқ қалпыма келтір.Ой не істесем екен? Аяз ата:Бересің бе сандықтың кілтін? Мыстан:Жоқ бермеймін. Аяз ата:онда өзің біл.Осылай қатып тұра бер.Мен кеттім. Мыстан:Жоқ,Аяз шал.Кетпеші,беремін кілтіңді,тек балалар менің шартымды орындауы керек(осы кезде мыстанды босатады) . Жұмбақтарымды шешсін . 1.Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады (Қар) 2.Терезеге қонады Әсем ою ояды (Қырау)

3.Тікен-тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте (Шырша) Мыстан:Жарайсыңдар,балалар!Жұмбақты жақсы шеше білесіңдер екен. Аяз ата:Жарайсыңдар,балалар!Сыйлықтарыңды таратып берейін.

2-жүргізуші:Балалар,енді қане би билеп берейікші қонақтарымызға. Би «Флешмоб»

1-жүргізуші:Ал,балалар,Аяз атамызға тақпақтарымызды айтып берейік.

11-бала:Келді аяз атамыз Бек Қасында Ақшақары бар Қарсы аламыз баршамыз Қызыққа әбден батамыз

12-бала:Келді тағы жаңа жыл Қуантумен біздерді Сабина Құтты болсын жаңа жыл Құттықтаймыз сіздерді.

13-бала:Оралдың өлкеме, Назым Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау қарлы шың.

14-бала:Жаңа жыл,жаңа жыл Мөлдір Жаңа жылда жаңа нұр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр

15-бала:Жаңа жыла алдағы Арайлым Көңіл өсіп кеңейсін Ортақ ойы арманы Жақсы дәстүр көбейсін

Сайқымазақ:Ой,жарайсыңдар,балалар!Қандай тамаша!Сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын:

2-жүргізуші:Ал,енді келесі кезекті тағы да тақпақтарға берейік.

16-бала:Алақай жаңа жыл Арай бәрі аппақ дала қыр Шыршада біз ойнаймыз Жаңа жылды тойлаймыз

17-бала:Төрлетіңдер,төрлетіңдер Махаббат Шырша сәнін көріңдер Әсем ән мен би билеп Күй жырларды төгіңдер

18-бала:Ақ қырауға малынған Али Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған Сәлем берді жұртына

19-бала:Тауда туып,тауда өскен Алина Шырша келді ортаға Бәріміз бір дауыспен Ән шырқаймыз баршаға

20-бала:Жаңа жыл,жаңа жыл Аружан Аманова Сені күттім елеңдеп Өзіңменен ілесіп Аяз ата келер деп

1-жүргізуші:Аяз ата,Ақшақар,асығып тұрған секілдісіздер? Аяз ата:Әрине,сендер секілді бізді қаншама бала күтіп отыр!(Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салады) 2-жүргізуші:Әрине,әлі де асар тауларыңыз көп болғандықтан сіздерді бөгемейміз.Құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар,қонақтар!Осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.

1-жүргізуші:Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіңіздер.Біз сіздерді тағы да жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!Сау болыңыздар!




























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров88
Номер материала ДВ-395759
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх