Инфоурок Математика КонспектыВнеклассное мероприятие "Интересная математика"

Внеклассное мероприятие "Интересная математика"

Скачать материал

 

Тақырыбы: Қызықты математика

Түрі : дәстүрлі емес математикалық сайыс, топтық жарыс.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, маркерлер, А - 4 форматта ақ қағаздар, смайликтер, маркерлер, шарлар, үлестірме қағаздар.

Мақсаты :

·     Оқушылардың математикадан білімдерін толықтыру, математикамен байланысты қызықты есептерді, логикалық тапсырмаларды шығара білуге үйрету.

·     Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, сөздік  қорын, сөйлей білу, өз  тұжырымын  дәлелдей білу іскерлігін  дамыту.

·     Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, кез келген ортада жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Жоспары:

 І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тапқыр болсаң, шешіп көр.

2. Сиқырлы шаршы.

3. Берілген тақырыпқа постер қорғау.

4. Құпия сөз.

5. Көрерменмен жұмыс.

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Қызықты математика» тақырыбындағы математикалық  сайыста 7 «А» және 7 «Б»  сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортаға математикалық сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

Оқушылар «Жас математиктер» және «Тапқыр математиктер» 2 топқа бөлінеді.Топ басшылары сайланады. Бүгінгі сайысымыз ерекше  болмақ.  Әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, жұмбақтар шешеміз. Сайыстың жоспарымен таныстырылады.   

Сайысымызды бастамас бұрын

-Шеберлікті, білімді
 Сараптап сіздер көріңіздер
 Әділқазы алқасы
 Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырамыз.
1-бөлім.  Тапқыр  болсаң  шешіп көр. Бұл  бөлім   бойынша  қатысушыларымыз кезек-кезегімен    ұяшықтарды    таңдау   арқылы   ертегі    кейіпкерлері   ұсынған тапсырмаларды   орындауы   қажет.

Логикалық лабиринт

1

2

3

4

5

Жұмбақтар

1

2

3

4

5

Адасқан әріптер

2

3

4

5

 

Ертегілер елінен

2

3

4

5

 

Логикалық лабиринт

1-ұпай.

Сыйымдылығы 5л және 7л екі ыдыстың көмегімен краннан қалай 6л су алуға болады?

2-ұпай.

 Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады?   ( ата, әке, бала )

3-ұпай.                                                                                             

Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз.  ( 20 )

4-ұпай.

Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.  (53)

5-ұпай.

Құрбақа тереңдігі 50 метр  құдыққа түсіп  кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)

 

Жұмбақтар

1-ұпай.

Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.(Инелік)
2-ұпай.

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш) 

3-ұпай.

Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.  (Қалам)
4-ұпай.

Алды – артымыз шексіз де, 
Жете алмайсың біздерге. 
Сәуле менең кесінді, 
Шыққан тегім білсе де.   (Түзу) 
5-ұпай.

Күнде есебін жаттайды, 
Ешбір тыным таппайды. 
Алмайды бір тағат, 
Оның аты.......            /Сағат/
Адасқан әріптер     / 2 ұпайдан/

Еңшбре-         шеңбер
Шұбршүы –   үшбұрыш
Трұбышрөт – төртбұрыш

Рвадкат – квадрат
Ертегілер елінен

1-ұпай. «Алладинге  көмектес»

Алладин: «Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет.  Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын».

Сұрақ:  Егер ұшатын кілемнің  жылдамдығы  55,6 км/сағ, ал  желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын?  Ал желге қарсы ше?   / 56,8 және  54,4 /

 2-ұпай. «Қаршақызға  көмектес»

Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың   ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.

Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар?  (24м)

3-ұпай. «Күлшеқызға  көмектес»

Күлшеқыз  (Золушка)  сағат 12-де үйіне қайтуға асықты.  Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.

Сұрақ:  Сатының 21 баспалдағы бар.  Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды.  Бұл баспалдаққа Золушка төменнен санағанда  қандай нөмір береді? (12)

4-ұпай. «Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы»

Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңдар:

       / 13 /

2. Сиқырлы квадрат.  /5 ұпай/

Сиқырлы квадрат  -  горизонтал, вертикал және диагонал қатарлардың қосындысы тең. Бірде-бір сан қайталанбауы керек. Бос торкөздерді толтыр:

                                     

3. Берілген тақырыпқа постер қорғау. /5 ұпай/

«Үшбұрыш»  және  «Төртбұрыш»

4. Құпия сөз. Топ басшыларының сайысы. Әрбір тапсырмаға 5 ұпайдан.

Математикалық амалдарды орындап, сөздерді оқы:

 БОС+ТӨЛ-ОС+ШИ-ТИ+ЕК=БӨЛШЕК

 ПАР+ИФС-ПС+МЕТЛО-ЛО+ИКРА-Р=АРИФМЕТИКА

 САҚ-АҚ+ЫНТА-ТА+ЫРЫМ-РЫМ+П=СЫНЫП

 ИКС-И+ІСТЕ-СС+АР-ЕР+П=КІТАП

5. Көрермендермен ойын.

·        Елеуішпен су әкелуге бола ма? /қар мен мұз күйінде/

·        Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? /уақыт/

·        Қандай ыдысқа су құйылмайды? /су толы ыдысқа/

·        Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? /ауа/

·        Екі ондықты үш ондыққа көбейтсек ... ондық шығады. (алпыс ондық)

·        Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

Қорытынды.            

Сонымен бүгінгі  сайысымыз да аяқталып қалды.  Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие "Интересная математика""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 655
    • DOCX 60.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенбаева Ляззат Утегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсенбаева Ляззат Утегеновна
    Сарсенбаева Ляззат Утегеновна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7025
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс повышения квалификации

Система работы учителя математики по подготовке учащихся основной школы к математическим конкурсам и олимпиадам в рамках обновленного ФГОС ООО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 296 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 452 человека

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе