Внеклассное мероприятие "Мерекелі берекелі алтын күз"

Предпросмотр материала:

Мерекелі берекелі алтын күз

 Мақсаты.балаладың күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің

 ерекшеліктерін байқату,табиғатты аялауға,қоршаған ортаны,Отанын

 сүюге өсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі.Плакаттар,шарлар,қағаз бас киім,киім үлгілері,күз кереметтері

 Қатысушылар.1-2-4 сыныптар

 1-Жүргізуші.Кеш жарық,армысыздар,ұлағатты ұстаздар

 2-Жүргізуші.Бармысыздар,жадыраған жас достар

 Хормен.Берекелі,мерекелі алтын күз құтты болсын

 1-Жүргізуші.         Береке,бақ,дарыған

                                 Жомарт көңіл жарқын жаз.

                                 Сары алтынға малынған

                                 Жетті міне алтын күз

 2-Жүргізуші.         Қазақ деген даламнан,

                                 Аруақты бабамнан,

                                 Ардагерім әкемнен

                                  Ақ жаулықты анамнан

                                  Сәлем саған,алтын күз

  Міне,бізге күзде келіп жетті,оқушылар осы күз мезгілін қалай түсіінесіңдер

  оқушылар ойын тыңдау

 1-Жүргізуші.Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы,алтын ұя

 Бесігі,құт берекесі.Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі,

 Жақсылығы,әртүрлі мерекесі,берекесі бар.Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

2-Жүргізуші.Йә Күз-адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.Сондықтан адамдар күзге берекелі күз деп баға берген.Алтын,себебі,біріншіден,айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған,екіншіден,алтын-байлықтың белгісі.Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған.Күзде егінді жинап болган ата-бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған.Алтын күз кештерін өткізу дәстүр айналған.Міне бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Мерекелі берекелі алтын күз»атты кешті бастауға рұхсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешке бастауыш сынып ханзадаларымен, ханшайымдары сайысқа түспекші.

 Ал енді ортаға қатысушы топтарды шақырайық.( Әуен ойналып ортаға қатысушы топтар шақырылады, топ басшылары ортаға шығып, тұмар шағу арқылы  реттік нөмірлерін алады)

Салқын сыз дымқыл, тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн барма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүрдік әуелі баста-ақ,

Астық жеміс, мақтасын ...- бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап.

Нағыз сары алтындай сары күз – қыркүйек айы. Ол еңбек айы. Күз маусымның екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы, өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің сонғы айы – қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп –тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

·        Жүргізуші: Күз мейрамы құтты болсын баршаға.

          Күздің сәні келіп қапты ортаға.

          Әділқазы алқаларымен таныстырып,

         Кетейікші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

            Қош келдіңіз көрермен.

            « Күзгі бал» сын кешіне

            Отырыңыз қол соғып,

           Шат күлкіге бөлене.

          Көбейді құт- береке,

         Астық толды қоймамыз

        Құтты болсын мереке.

       « Алтын күзді» тойлаймыз.

Жоспары:

1.Таныстыр тотың аты,топтың ұраны   

            2.     «Кім тапқыр»жұмбақтар сайысы

           3.Сән үлгісі

           4.Табиғат өнімдерінен бұйым жасау қорғау

           5.Топ басшылар сайысы

           6.Үй тапсырмас

          7.Қорытынды

2-Жүргізуші.Ал енді бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханадаларды сайысқа дайынсыздарма.

Ендеше,құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,

«Мерекелі берекелі алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді  таныстыруға кезек берейік.Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлуда сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырып өтсін.

Дақылдар тобы

Бидай;

Нан анасы бидаймын

Елге астық силаймын

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма симаймын,

Тары;

Ақ қарамын,сарымын.

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарыным

Арпа;

Күміс мұртты арпамен,

Ырыс-құтты арпамын.

Еңбек етіп,баптаған.

Елімен сый тартамын

Сұлы;

Мен сұлумын,ұланның

Түлпарыңы ұнадым.

Бастаған ер диқанға

Басымды иіп тұрамын.

Күріді;

Күнді сүіген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.

Жемістер тобы;

Алма;

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем.

Алмұрт;

Мен алмұртпын,алмұртпын.

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін

Жесен ойып қалатын

                                                                   

Болсада көкте мекені,

Кездеспейді екеуі.              (Ай мне Күн)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласың,

Теріндемін иненің.                ( Шырша)

Көзі көрінбейді,

Инеге илінбейдң.                ( Жел)

Сөз үйретсең қайталайды,

Өздңгінен айта алмайды.   ( Тоты)

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Апыл ойга кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол ніріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз

 

Үшінші сайысымыз арине ол «Сән үлісі». Сән үлгісіне кезек берейік.

Келесі бөліміміз «Табиғат өнімдерінен бұйым жасау»деп аталады.Мұнда алдарында тұрған табиғат заттарымен бір бұйымды өздерін ойлап шығар.Және сол жасаған бұйымдарын қорғау керек.

Қазіргі кезекте 2сынып оқушыларының биіне кезек берейік.

2 сынып оқушылары жанкүйерлермен жұмыс

1-жүргізуші;Бұл жандардың қылығына сай ісі

                      Сәуленіп тұрады әрбәр жай ісі

                      Топ басшыларын шақырамыз ортаға

Топ басшылар сайысы бойынша әрбір топтың топ басшылары

Үй тапсырмасы бөлімі бойынша әр топ өздері дайындаған өнерлерін ортаға салады.

 

Внеклассное мероприятие "Мерекелі берекелі алтын күз"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Манекей Хайнар Манекейқызы

учитель начальных классов

  • На сайте: 10 лет и 7 месяцев
  • Всего просмотров: 4838
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 6
  • 4838
    просмотров
  • 6
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Манекей Хайнар Манекейқызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: