Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Внеклассное мероприятие "Мәңгілік ел"

Внеклассное мероприятие "Мәңгілік ел"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:



«Мәңгілік ел идеясы-ұлттың ұлы мұраты»



































Кайрбеков Марат Кабденович

ШҚО Семей қаласы

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Тәрбие сағаты: «Мәңгілік ел идеясы-ұлттың ұлы мұраты»

Мақсаты: - Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Қазақ хандығымен, Алаш мемлекеті мен қайраткерлері, қазақ батырларының ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Қазақ мемлекетінің болашағы өздері екенін айтып, «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыра отырып , балалардың өз ой-пікірлерін біліп, ашық айтуға баулу.

Көрнекілік: - «Мәңгілік ел» презентациясы, кітаптар, суреттер

Жоспары:

1.Кіріспе бөлімі /сыныпты топқа бөлу/

2.Тәуелсіздік шежіресі

3. Сәйкестігін тап

4. Сөзжұмбақ шешу

5. «Менің елімнің болашағы» капитандар сайысы

6.Қорытындылау

І. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекше құнды арнасы «Мәңгілік Ел» идеясына басым мән берілуінде. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндеді. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: –«Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел» – деген еді. Яғни, жарқын болашаққа жол ашатын мәңгілік құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге шақырды.

«Мәңгілік Ел» болып жасай беру, оны қорғау, Қазақстан мемлекетінің тарихын жүйелей, саралай отырып «көздің қарашығындай» сақтау – әрбір азаматтың ұлттық тарихқа деген сүйіспеншілігі, үлкен қайсар шешімі екенін терең білу ортақ парызымыз. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Мәңгілік ел идеясы-ұлттың ұлы мұраты». Сынып үш топқа бөлінеді.

ІІ.Тәуелсіздік шежіресіне көз жүгіртейік. Әр топқа сұрақтар қойылады 1. Керей мен Жәнібек қай мемлекеттен бөлініп шықты?

2.Қазақ Хандығын алғашқы туы тігілген жер?

3.Керей мен Жәнібек кімнің ұрпағы?

4.ХХ ғ алғашқы ширегінде құрылған «Алаш» үкіметінің жетекшісі кім болды?

5.ХХ ғ І ширегіндегі құрылған «Алаш» мемлекетінің мақсаты қандай болды?

6.«Алаш» мемлекетінде хан тұқымынан шыққан алаш қайраткері кім?







ІІІ.Сәйкестігін тап.

2007 ж


«Дағдарыстан жаңару мен дамуға»

2008 ж

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

2009 ж

«Болашақтың іргесін бірге қалайық»

2010 ж

«Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

2011 ж

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»

2012 ж 27 қаңтар

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»

2012 ж 14 желтоқсан

«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

ІV. Сөзжұмбақ шешу





1.



М










2.


Ә








3.





Ң









4.




Г






5.







І






6.






Л











7.


І






8







К





















9.




Е











10.


Л








  1. «Халық», «ел», «қоғам» ұғымдарын біріктіретін сөз.

  2. Қазақ хандығын құрған хан.

  3. Мемлекеттік рәміз.

  4. Ұлттық валюта.

  5. 16 желтоқсан -... күні.

  6. Қазақстанның Елбасы.

  7. Ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

  8. Астана қаласының басты белгісі.

  9. Қазақстан мемлекетіне көршілес мемлекет.

  10. Ә.Бөкейханов қандай үкіметтің жетекшісі болды?

V.Капитандар сайысы Топ капитандарының дайындаған «Менің елімнің болашағы» атты эсселерін қорғау.

VI.Қорытындылау. Сайыстың жеңімпаздарын анықтау, марапаттау.



Тарихта Есімханда болды ескі жол,

Тұсында Қасымханның бар қасқа жолы.

Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,

Қазақ елі-Мәңгілік ел боп қаламыз.






























Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров130
Номер материала ДВ-309857
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх