Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Внеклассное мероприятие " Моя счастливая семья"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Внеклассное мероприятие " Моя счастливая семья"

библиотека
материалов

25 НЖББМ











Мерекелік іс –шара



«Наурыз – жыл басы»















Жетекші:БекмагамбетоваС.Н.













Қостанай қаласы

2015 жыл

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.

Мақсаты : оқушыларға Наурыз жыл басы,яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата – бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру,елдің салт – дәстүрлерін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, суреттер,бәйшешек гүлінің макеті.

Мұғалім: «Наурыз – жыл басы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Наурыз – шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы,күн мен түн теңеліп, қыс ызғары кетіп,көктем келеді.Адамдардың аузы аққа тиеді.Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атап,жаңа жылдың басы деп атайды. Наурыздың 21 – нен 22 – не қарағанда күн мен түн теңеледі.Қазақ елі ұлыс күнін әрқашан қасиетті, киелі санаған.Ол күні жаңбыр не қар жауса нұр жауады, туар жыл жақсы болады деп қуанған. Адамдар бір- бірімен төс қағысып, сәлемдеседі, өкпелері болса кешіреді, бір – біріне мынадай тілектер айтқан.

Оқушы: Жасың құтты болсын,

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін

Пәле – жала жерге енсін.

Оқушы:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар!

Оқушы: Бүгінгі Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Оқушы:Армысыңдар ,халайық,

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық !

Оқушы:Армысыз, мектебімнің асылдары,

Жайнасын көңліміздің жасыл бағы.

Қажыр қайрат елімнің Наурызда

Шашылсын жаңа жылдық шашулары!

Қоржыннан шашу шашылады.

Ән айтылады: Туған жер.



Мұғалім: Қазақ осы күй шығарып, ән салған,

Көкпар тартып,қыз қууға жаралған дегендей, қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Солардың бірі «Орамалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал»ойынын ойнайық.(түсіндіру)Мақал – мәтелдерді жалғастырып айту.

1.Бір ағаш кессең ,(он ағаш отырғыз).

2.Бұлақ көрсең (көзін аш).

3.Білімді (мыңды жығар).

4, 5,6,...

10.Өз елім (өлең төсегім).

Келесі тамашалайтындарыңыз - би.(оқушы)

Мұғалім: Қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі «Аластау»

Түсіндіру: Пәле жаладан, апаттан, тілден, көзден сақтасын деп аластайды (үйдің ішін)

Әжей : Алас, алас, алас !

Пәле жаладан алас !

Тілі жаманның тілінен сақта,

Көзі жаманның көзінен сақта.

Мұғалім: Бүгінгі наурыз мерекесіне Алдаркөсе менТазша бала да келіпті, олардың мерекеге қандай тартулары бар екен:

Алдар: Кел, балалар, ойнайық

Ойнайық та, ойлайық,

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар шешу.

Мұғалім: Бәрекелді,Алдар бала, жарайсың!

Тазша бала: Ал, халайық тұрмайық !

Әндетейік , жырлайық.

Ортамызды ашайық ,

Думандатып би билеп,

Інжу – маржан шашайық!

Қыз – жігіттер айтысы:

Оқушы: Ай демекші, дәл осы кезде Күн мен Ай теңеліп табиғатта бір ерекшелік болады емес пе? Ендеше осы кереметті бізде көрейік, ортаға Ай мен Күнді шақырайық.

Күн мен Ай екі жақтан келіп, бірін – бірі айналып ортаға шығады.

Оқушы: Күн мен Түн теңелді

Жер шуаққа бөленді,

Наурыз келді салтымыз

Қуанышта ел енді.

Оқушы:Осындай үлкен қуанышқа әзірленетін қасиетті асты біздің әжелеріміз керемет жасайды екен, сіздер де осы дәмнен ауыз тиіңіздер!

Әжелер: Көжені, ұлттық тағамдарды алып шығады.

Оқушы: Күміс сәуле шашқанда ырыс таңы

Көктем келді , қыс қашып,жылыстады.

Жеті түрлі тағамнан дайындалған

Таратайық қонаққа ырыс дәмін!

(Көже құйып беру)

Бала жүгіріп шығады: Сүйінші , сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр ! Атамен бірге қой жылы да келе жатыр!

Қой: Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ , уайым қайғы жоқ болсын!

Ұлың назарлы ,

Қызың ажарлы болсын !

Береке берсін басыңа,

Қыдыр қонсын қасыңа !

Қыдыр ата : Ал, халқым, балалар, қане қолдарыңды жайыңдар, батамды берейін !

Бата береді . Наурыз мерекесі – құтты болсын!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров169
Номер материала ДВ-083437
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх