Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие на 8 марта

Внеклассное мероприятие на 8 марта

Скачать материал

Тақырыбы: «Көктем аруы»

Мақсаты: 1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу,
қыздар арасында сайыс, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

 

Бөлімі:
І. Қыздар сайысы ІІ. Аналарға құрмет

1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Үй тапсырмасы
3. Өнер көресету
4. Мақал-мәтел
5. Сән үлгісі.

 

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті  ұстаздар, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар.  Бүгін сіздер мектебіміздегі оқушы қыздарымыздың  асыға күткен «Көктем Аруы» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!

 

 2 жүргізуші: – Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Бейнежазба: «Аналарды құттықтау»

Тақпақ: Бастауыш сынып оқушылары.

Ән: «Құттықтаймын, мама!»

 

1 жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады)

2 жүргізуші: – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Үй тапсырмасы
3. Өнер көресету
4. Мақал-мәтел
5. Сән үлгісі.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.-----------------------------------------------------

 

1 жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.

 

2 жүргізуші:
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз.

 1 – сайыс: «Өзін - өзі таныстыру»
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен бес ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.

Таныстыру: Қыздар.

 

1 жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Қазақша вальс», қабыл алыңыздар!
Би: Ермуханова Аделя.


1 жүргізуші:

Сайыс: «Салт-дәстүрді білесің бе? »

Қыз сұлу көрінеді білімімен, демекші аруларымызға
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

-деп келесі сайысымыз «Салт-дәстүрді білесің бе? » деп аталады. Қыздары үйге берілген тапсырмасы бойынша дайындап келген салт -дәстүр туралы айтады.

 

2 жүргізуші: Келесі кезекте бастауыш сынып оқушылар дайындағын шағын көрінісімді тамашалайық.

Көрініс: «Үш ана»

1 жүргізуші:

Сайыс: «Өз өнері»

Кедеймін деп қысылма,

 Өнерің болса қолыңда.

 Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік. Арулардың өнерін тамашалайық.

жүргізуші:

Сайыс: «Мақал-мәтелді жалғастыр.»

Мақал-мәтел ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ, сыншы, адал ақылшы. Келесі кезекті сөз мәйегі мақалды жалғастыру сайысына береміз.

-          Қыздарымызды ортаға шақырамыз. Қазір сіздерге мақалдың басы айтылады, сіздер жалғастыруларын қажет.

-           

Ата-ананың қадірін...........................(балалы болғанда білерсің.)



Анаңа ауыр сөз айтпа!............................ ...       ( Атыңа ауыр жүк артпа! )

Ананың сүті—бал,   .............................................    (Баланың тілі — бал.)

 

Гүл өссе жердің көркі  .........................................(Қыз өссе елдің көркі)


Қайтып келген қыз жаман,.............................      (Қайта шапқан жау жаман. )

Әкеге қарап ұл өсер....................................(Шешеге қарап қыз өсер)


Қызым саған айтам......................................(келінім сен тыңда.)

1 жүргізуші: Ұлдарымыздың орындауында көрініс, тамашалайық.

Көрініс: «8 наурыз»

жүргізуші:

Сіздер- Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер-ана, сіздер-жар, сіздер-қыздар,

Сіздер, жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

Бейнежазба: «Аналар»

 

1 жүргізуші:

Сайыс: «Сән үлгісі»

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.

жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй- дей келе оқушылардың орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар

Ән: «Аналар алтын»

 

1 жүргізуші:

Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.

Құттықтау, марапаттау.

 

 2 жүргізуші:

Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

1 жүргізуші
:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін!
Қыздардың құдіреті – ай

Ес еркінді әкеткен барымталап.- дей келе құрметті көрермендер, әсем гүлдей құлпырған қыздарымыз! «Көктем аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!!!

 







 

 

 

 

 

 

 

 

 

Овал: 5Овал: 4Овал: 3Овал: 2Овал: 1http://www.sawyoo.com/postpic/2011/01/flower-outline-coloring-pages_213141.pnghttp://www.sawyoo.com/postpic/2011/01/flower-outline-coloring-pages_213141.pnghttp://www.sawyoo.com/postpic/2011/01/flower-outline-coloring-pages_213141.pnghttp://www.sawyoo.com/postpic/2011/01/flower-outline-coloring-pages_213141.pnghttp://www.sawyoo.com/postpic/2011/01/flower-outline-coloring-pages_213141.png

 

 





 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на 8 марта"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2017 792
    • DOCX 50.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулеубаева Назира Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулеубаева Назира Кайратовна
    Тулеубаева Назира Кайратовна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44730
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой