Инфоурок Начальные классы Рабочие программыВнеклассное мероприятие на тему "Аманаты Абылайдың орындалды, Әлемге қазақ елі мойындалды"

Внеклассное мероприятие на тему "Аманаты Абылайдың орындалды, Әлемге қазақ елі мойындалды"

Скачать материал

Тақырыбы: «Аманаты Абылайдың орындалды,

                               Әлемге қазақ елі мойындалды»

Мақсаты:   Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Абылайханның ерлігін, биік тұлғасын, батырлығын, халқына сіңірген еңбегін танып білуге, тағлым алуға үйрету.

Оқушыларға қазақ хандығын таныта отырып, елін, жерін сүйе білуге баулу, адами қасиеттерге, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Кіріспе:

      «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқан. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған 

«Аманаты Абылайдың орындалды,

 Әлемге қазақ елі мойындалды»  атты ерлік сабағымызды бастаймыз.

«Қазақ елі»  бейнежазба

«Керей мен Жәнібек» көрініс 

   -Міне, осылай осыдан 550 жыл бұрын, яғни 1465 жылы осы Керей мен Жәнібек хандар 200 мыңдай адамы бар қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Шу бойында алғаш рет Қазақ хандығын құрған еді. Осы күннен бастап қазақтың мемлекеттілігі басталады. Содан бергі уақытта ұлтымыздың тарихында қаншама ел басқарған даналарымыз бен ел қорғаған батырларымыз өтті. Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батырлар сияқты ерлеріміздің есімдері тарихта қалды.

1.     Қасымхан туралы мәлімет

 Қасымхан қазақтың ұлы ханы.1445 жылыдүниеге келіп, шамамен 1520/21 жылы қайтыс болған. Қасымхан Қазақ Ордасының негізін салушы екі арыстың бірі- әз-Жәнібек ханның үшінші ұлы.

   Ел басқаруда Қасымхан көп жаңалықтар енгізген. «Қасым ханның қасқа жолы»-атты заң ережелері Қазақ Ордасының мемлекеттігін айқындайтын ерекше құжат болды.

  «Қасым ханның қасқа жолы» Қасым хан хандық құрған кезде (1511-1521) ел басқару ісінде қолданылған әдет-ғұрыптық заі ережелерінің жиынтығы.

 

«Қасымхан» бейнежазбасы.

 

2. Есімхан туралы мәлімет 

    Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім» - қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болған.Шығай ханның баласы.

  Есім хан Қазақ Ордасын 1598-1628 жылдары басқарды.

   1599 жылы Есім хан Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осы кезден бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды.

   Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтыің өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады.

   Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300-400 мыңға дейін атты әскер шығара алған.

  Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы – «Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде ХХ ғасырға дейін сақталып, қызмет етті.

  Есім хан Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.

3. Тәуке хан  туралы  мәлімет 

   Тәуке ,Мұхаммед Батырхан –қазақ ханы. Жәңгір ханның ұлы.Үш жүзге билігі жүрген Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған мемлекет болды.

  Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «алтын ғасыры» саналады. Тәуке хан Қазақ Ордасында 1680 жылдан 1715 жылға дейін билік құрды. Ол 1690 жыл шамасында «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін енгізді. Тәуке хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйеді. Ұлы жүзде-Төле биге, Орта жүзде-Қазыбек биге, Кіші жүзде – Әйтеке биге басқару тұтқасын берген.Қазақ хандығында Тәуке тұсында сыртқы жағдай бірсыпыра тұрақтанып, нығайа түсті.

 Тәуке көрші жатқан Ресей елімен дипломатиялық қатынас орнатты.

Қазақ биі

4. Абылайхан туралы  мәлімет  

    ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттері жағынан көрсете білді. Абылай хан өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады.

   Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге  келді. Оның азан айтып қойылған аты Әбілмансұр болатын.Бірақ ол Сабалақ деген  жасырын атпен жүруге мәжбүр болды. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды.Ол Шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар.

    Абылай он бес жасынан бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысты.

   Абылайдың аты халық арасына жиырма жасында-ақ кеңінен танымал болды. Әбілмәмбет ханның әскери жасағына кірген ол бір шайқастың кезінде «Абылайлап» ұран тастап, жоңғар қалмақтарының  атақты батыры Шарышты жекпе-жек ұрыс үстінде өлтіреді. Содан кейін-ақ ол Абылай деген атқа ие болып, қазақтардың арасында орасан зор бедел алды, сый –құрметке бөленді.

  Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын  алады. Абылайдың күш-жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды.

   Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, сонымен қатар көрші халықтар арасында да орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Қазақтар жауға аттанғанда оның атын «Абылай! Абылай!» деп ұран етіп шапты.

    Ш.Уәлихановтың сөзімен айтқанда Абылай «қазақ  даласына ұлы істер тындыру үшін жіберілген құдіретті билеуші болды».

 

5.«Абылайхан»  бейнежазба.

 

6. «Абылайхан»  өлең шумақтары 

 

7. Кенесары Қасымұлы 

Кенесары Қасымұлы (1802-1847 ж.ж.) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы.

1841-1847 ж.ж. билік құрған

Кенесары ханның саясаты және идиологиясы ұлттық даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

 

Қорытынды:  -Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе , қазақ хандығының құрылуы  тарихтағы маңызды оқиға – қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың  іргетасы.

 «Өз тарихын білмеген  халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на тему "Аманаты Абылайдың орындалды, Әлемге қазақ елі мойындалды""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2015 723
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Унайжанова Шолпан Закариевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Унайжанова Шолпан Закариевна
    Унайжанова Шолпан Закариевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3590
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек