Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Внеклассное мероприятие на тему "Ана бақыт, ана күн" 1 класс

Внеклассное мероприятие на тему "Ана бақыт, ана күн" 1 класс


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ана бақыт-ана күн!»

Мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі туралы әр-түрлі түсінік беру. Ананы, әжені, қызды құрметтеу. Адалдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Әйел затын құрметтеу, аялау.


Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр табар.

Алдарында жауқызындай құлпырған,

Шықты, міне балғын шақты балалар.

Жүргізуші:

Қымбатты әжелер, аналар, балабақша ұжымы. Сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда дендеріңізге сау, көңілдеріңіз жайдарлы болсын. Сіздердің назарларыңызға ортаңғы «Ақбота» тобының «Ана бақыт-ана күн» атты мерекелік ертеңгілігімізді ұсынамыз.

-Ал енді біздің ұлдарымыз, әдемі қыздарымызды ортаға алып келсін.

(залға ұлдар қыздарды бір-бірлеп алып кіреді)

Жүргізуші: -Балалар қандай әдемісіңдер? Қандай мереке болайын деп жатыр?

Балалар бірге: -Аналардың, әжелердің, қыздардың мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүрг: -Ал, енді балалар мерекемізді бастайық!

Ақбота: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар!


Бекасыл: Ана, әже, апалар!

Құтты болсын мереке!

Осы келген ортаға

Тілейміз біз береке.


Азамат: Ана біздің біздің күніміз,

Ананың біз күніміз.

Ұландарды қуантып,

Аман-есен жүріңіз.


Ән: «Ақ мамам»

Ислам: Сыйлайыншы гүлімді,

Тенріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан.



Ө.Рахман: Бала, бала, бала деп,

Мені өсірген анашым.

Гүлде толсын құшағын,

Бақытты бол анашым.


Санжар: Әлпештеген анашым,

Біз бақытты баламыз.

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.


Ән: «Көктем.»


Көктем кіреді:-Сәлеметсіздерме балалар, мен әдемі де, шуақты, көктеммін, мен өзіммен бірге шуақ, күн нұрын, жылылық алып келдім.

Жүрг: -Сәлеметсіз бе, ару көктем. Міне балалар, көктемде келіп жетті.

Ару көктем: -Сәлем, сәлем балақайлар,

Әзиз әже, назды апатайлар,

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлап.

Жүрг: -Қош келдің ару көктем,

Күннің гнұрын алып келген!

Ару көктем біз сені асыға күттік,

Ару көктем: Балалар көктемнің алғашқы айы қалай аталады?

Балалар: наурыз.

Ару көктем: Балалар мына, сендердің тойлап жатырған аналар мерекесі менің алғашқы мерекем, одан кейін Наурыз мерекесі келеді. Осы мерекелерге орай ару қыздарымызбен «Көктем» биін билейік. (Қыздармен бірге көктем билейді. )

Би: «Көктем» Инабат, Рания, Інжу, Ильназ, Ақнұр, Айсара.

Ары қарай тақпақтарын тамашалайық.


Әдемі: Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сізді құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.


Нұртілек: Көгімде күн болып

Жұлдыздай жанасын.

Аман бол, әрдайым,

Аяулы анашым.

Інжу: Мама дорогая,

Милая мая.

Лучше всех на свете,

Я люблю тебя!

Ильназ: Ардақтап, аялап,

Мәпелеп өсірген.

Анамдай жан барма

Қатемді кешірген.


Алина: Мне мама приносит

Игрушки конфеты.

Веселые песни она напевает,

Нам грустно двоем

Никогда не бывает.


Би: «Жігіттер» Ө.Рахман, Бекасыл, А.Рахман, Мұрат, Мұрадым.


Ару көктем: -Балалар көктемде қарлар еріп, жерде нелер өсе бастайды? Өте жақсы балар, олай болса қазір сендермен бірге «Гүл шоғы» деген ойнағым келіп тұр. Балығыңыз маған назар аударыңыздар ойынның шартын түсіндірейін: Үш ер бала және үш қыз бала шығып, жәй әуенге вальс билейді, әуен тоқтаған кезде гүлді шапшандықпен қимылдап, алып жұбына табыс етеді. Орындық үстінде бір ғана гүл шоғы тұрады. Ал ойынға кірісейік.

(Ойын ойнатылып, жұптар ауысып тұрады.)


Жүрг: -Балалар сендер әжелерінді жақсы көресіңдерме? Ендеше балалар бүгін әжелеріміздің де мерекесі. Әжелерімізге арнап тақпақтарымызды айтып берейікші.


Иман: Анамызды сүйіміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.


А.Рахман: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.


Нұрислам: Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін,

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.


Нұрай: Мен анамның оң қолы,

Тілін алып жүремін.

Мен анамның оң қолы,

Бәрін істей білемін.


Жүрг: -Келесі кезекте сүйкімді қыздарымыз әжелері мен аналарына «Қуыршақ» биін билеп береді.

Би: «Қуыршақтар» Адемі, Азиза, Алина, Нұрай, Айкөркем, Перизат, Ақбота.


Мұхаммед: Ұл-қызына ерген,

Немереңбіз әже.

Немереңнен өрген

Шөбереңбіз әже.


Айкөркем: Ай лав ю дия мамми,

Ай лав ю вери матч.

Энд до ю лав ю мамми,

Оф хорсе энд вери матч.


Ән: «Май дия мамми.»


Жүрг: -Балалар ары қарай тақпағымызды жалғастырайық.


Перизат: Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсан шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.


Арнұр: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.


Ақнұр: Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам!


Ақниет: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасағын, ақ мамам!


Ән: «Ай дидарлы анашым»


Ғажайып сәт.

Сайқымазақ келеді: -Сәлеметсіздерме балалар, ата-аналар! 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын. Мен сиқырлы әлемнен келе жатырмын, мен сиқыршымын.

Жүрг: -Қойшы сайқымазақ сен сиқыршы емессін, сиқыршының қолында сиқырлы таяғы болады ғой, сенде ол жоқ.

Сайқымазақ:- Жоқ мен сиқыршы сайқымазақпын, сенбесен көрсетейін.

(Қорап тұрады, соған барып қорапты сиқырлап сөздер айтыпішін қарайды, ішінен тәттіге толышар шығарады.)

Сайқымазақ: -Міне балалар мен сиқыршыдан үйренген өнерімді сендерге көрсетіп, тәттіге толы шар шығардым, қарандаршы балалар! (шарды селкілдетеді, шарды жарып, ішінен кәмпит шашылады, сайқымазақ балаларға таратады.)

Сайқымазақ: -Міне балалар көрдіңдерме балалар Сиқыршы сайқымазақпын, енді маған сендіңдерме, тәрбиеші апай сізде сенгеншығарсыз!


Жүрг: -Иә, сендім қолыңнан келеді екен.

Жүрг:-Балалар енді тағы да тамаша сәт болғалы тұр, қазір аналарымызға арнаған сыйымызды таратайық. (Сыйлық таратылады.)

Жүрг: Енді қонақтар, ата-аналар барлығымыз ортаға шығып «Флэшмоб» биін билейік. (Би аяқталған бойда салют атылады.)

Жүрг: Міне құрметті абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын. Осымен «1 в» сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігіт аяқталды!





Автор
Дата добавления 09.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров90
Номер материала ДБ-018629
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх