Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему "Балаларға жылулық сыйла"

Внеклассное мероприятие на тему "Балаларға жылулық сыйла"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Балаларға жылулық сыйла »

мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

1-жүргізуші: hello_html_4ebeb09a.png

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Балаларға жылулық сыйла » републикалық акциясы кезінде «Қамқоршы күні» атты мерекелік іс –шара қош келдіңіздер!


2-Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілуде. 
hello_html_m24c1be36.png


1-жүргізуші: «Бүгін сіздер мен біздер үшін үлкен мереке.


Топырақтан өмір иісі шығады,

Оны денең тиіп кетсе сезеді.

Еңбегіңді есесімен беретін,

Жақсылықта топырақтан шығады.


hello_html_76c75919.png

Ән: «Қазақта ел қайда?» орындайтын 5 сынып оқушысы Мұстахимұлы Жасқыранды ортаға шақырамыз

2-жүргізуші:

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бір топ бишілерді ортаға 5 сынып оқушыларды шақырамыз.

1-жүргізуші:

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

9 сынып оқушысы Жалелова Аягүлдің орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Тамашалап бәріңіз,

Қазақ биін көріңіз

Бүрме көйлек киіңіз,

Сырын ойға түйіңіз.

Ән «Күз» орындайтын 2 сынып оқушылары Бокенбаева ,Хайдарова ортаға шақырамыз.

hello_html_2189042e.png

1-жүргізуші:

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ кел- дағы от ал менен.

Отан – мынау өз үйің, қара, жаным,

Жігіттер, жігіттер,

Биікке өрлеңдер

Ел үшін, жер үшін,

Намысты бермеңдер!

Орындайтын«»

Күлімдеп жанары,

Күлімдеп қарайды.

Түйлсе қабағың,

Күлдіре салады.

Ортаға «Темирсай » командасын шақырайық.

2-жүргізуші:



Пай-пай неткен киелі жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүркіреп өткен жер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Ортаға


Тапталмайтын түнгі ізі

Сақшысы болам Отанның.

Жарқырап жанған жұлдызы

Келеді ұлан атанғым.


Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан.

Бұйраланған аршасын

Қорғайтын – ер боламын!

1-жүргізуші:


Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

hello_html_m54943783.png

Маған қымбат жан жоқ сірә, анадан,

Бар жақсылық аналардае тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Ана алдында борышты ғой бар адам..

2-жүргізуші:


Ана – жүрек, жүректі құдірет те,

Ана – тірек, тіректі құрметте.

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана – күнің, күніңе табынып өт!

Ән: орындайтын:


Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.
Өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын деп тілейміз. Осымен зейін қойып тыңдағандарыңызға көп –көп рахмет.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров147
Номер материала ДВ-120842
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх