654222
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыВнеклассное мероприятие на тему "Бауржан Момышулы" (7 класс)

Внеклассное мероприятие на тему "Бауржан Момышулы" (7 класс)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_36b7d980.jpg





Мhello_html_cd2c162.jpg.






hello_html_241fe5d5.jpg











ӨТКЕННЕН-МҰРАҒАТ,

ӨРКЕНГЕ-ҰЛАҒАТ




Бауыржан Момышұлы

100 жыл

















Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.


Ер жігіттің елі – ата-анасы, отаны - өз үйі.




Жерге тер төгіп,

Халыққа қан төгіп қызмет ет.


hello_html_m6309412a.jpg











Бауыржан Момышұлы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Момышұлы, Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше ре тжау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.



Азамат. Қаламгер. Қаһарман

Қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы Ел басындағы ірі тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Өткен XX ғасырдың басында, атап айтқанда — 1928 жылдан бастап үнемі ат үстінде сапар шегіп, бұрынғы КСРО, қала берді одан тыс алыс елдерді аралап, көзімен көріп қайтты. Шығысы - сонау Қиыр Шығыспен, батысы - Америка континентіндегі Куба мемлекетімен, оңтүстігі — Термез, солтүстігі — мүк басқан, азулы азынаған аязды, бет қаратпайтын боранды терістіктің кең алқабын аралап қайтқаны белгілі.

1932 жылы алғашқы әскери дайындықты Өзбекстанның Термез қаласында өткен Б.Момышұлының әскери өмір жолы осы жерден бастау алған болатын. 1933-1936 жылдары кіші командирлер құрамын дайындайтын курсты да сонда тамамдап, ішкі командир санатында іріктелген арнайы топтың құрамында әскер қатарына шақырылған. Кеңес Қызыл Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі. Мұнан кейін ол тұрақты әскер қатарына біржолата қалып, ғұмырының 25 жылында, яғни 1955 жылға дейін Қызыл Армия құрамында әртүрлі шенде құрама командирінен ливизия командиріне дейінгі дәрежеге жетті.

1936 жылы Қиыр Шығыстағы шекаралық әскери құрамы артиллериялық взводының командирі дәрежесіне көтеріліп, өзі қызмет еткен полктің ат спорты командасының капитаны, әрі жаттықтырушысы міндетін қоса атқарған.

Қиыр Шығыста әскери қызметін өтеп жүрген Б.Момышұлы әскердегі адал, әрі шынайы қызметі үшін армия құрамындағы ат спорты жарысының жеңімпазы ретінде маршал В.Блюхердің қолынан марапат алды. Ол түста бүкіл КСРО әскери қүрамында бес маршал ғана болғаны анық. Бауыржан Момышүлы сол бес маршалдың біреуі В.Блюхердің қолынан арнайы марапат алған.

Момышұлы 1941 жылдың басынан Қазақ КСР-і әскери комиссариатында аға нұсқаушы қызметін атқарып жүрген кезінде - еріктілердің бірі ретінде батальон командирі дәрежесінде 316 атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына - майданға аттанды.

1942 жылы И.Панфиловтан кейінгі сегізінші атқыштар дивизиясының командирі генерал И.Чистяковпен тізе қоса қан майданды бірге кешті.

Бауыржан Момышұлының қаһарман командир ретіндегі атақ-даңқы, әсіресе, фашистер КСРО астанасы — Москваны басып алу үшін барлық қарулы күштерінің негізгі тобын шұғыл шоғырландырып, Волоколам, Старая Русса — Холм бағыттарында жанталаса ұмтылған кезеңде 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың алғашқы айларында бүкіл елімізге әйгілі болды. Сол кездерден бастап барлық Кеңес баспасозі қазақ халқынан шыққан қайтпас, қайсар қолбасшы туралы тоқтаусыз жазатын еді.

Б. Момышұлы 1955 жылы әскер қатарынан толық босағаннан кейін жазушылық жолға түсіп, өзінің әскери мемуарлық шығармаларын жазуға кірісті. Жазушылықпен айналысып қана қоймай, Жазушылар Одағының қоғамдық өміріне етене араласып, әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырып, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовпен бірлесе отырып, үнді жазушылары мен Қазақстан жазушылар арасында шығармашылық көпір салып, сол қоғамдық ұйымды басқарды.

Жазушының 1941 жылы жазыла бастаған "Үшқан ұя" шығармасы 1946 жылы баспаға ұсынылды және 1960 жылдардың аяғында жазушы Т.Иманбековтің аудармасымен қазақ оқырмандарына толықтай таныс болды. Оның бұл шығармасы негізінен аяқталмаған. Кейбір зерттеу деректеріне сүйенсек, бұл шығарма үш кітаптан тұруға тиіс екен.

Куба саяхаты жазушының өміріндегі ең зерделі сапары болып есептелінеді. 1959 жылы Куба революциясы жеңіске жетіп, Америка континентіндегі алғашқы социалистік мемлекет ретінде қатыптасып жатқан тұста Б.Момышұлы Куба мемлекетінің басшысы Ф.Кастроның арнайы шақыртуымен бір айға жуық сол елді аралап қайтып, өзінің "Куба әсерлері" деген атпен сапарнамалық шығармасын жарыққа шығарды.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, Мұхамеджан КӘТІМХАН


hello_html_1198120d.jpg

















hello_html_5cbdce4b.jpg

hello_html_m42d3a370.jpg

hello_html_53d3ad0c.jpg

hello_html_7dd83004.gif







Жаралғандай жалыннан,

Жайсаң батыр Бауыржан.

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.


Бұзып-жарып қоршауды,

Жолсыз жерден жол салды.

Достар түгіл ерлігін

Қасы да естіп, тамсанды.











hello_html_3bb9d58e.jpg




hello_html_m34b4de90.jpghello_html_m3bfdab0a.jpg


hello_html_m3c3872d6.gif

100

Жыл









Қазақтың оза шапқан бұлан ері,

Ер Баукең Жуалының шынары еді.




... Ол өтірік көлгірсімеген, ол жалған білгірсімеген, жарық дүниеге тура, жарқырай қараған, шындықты ғана сүйген, шынын ғана сөйлеген, төңірегін өз шұғыласымен жарық қып отыратын жан еді.

Бауыржан өмір бойы түтіндетпей, бықсымай жанған, шынын айту керек, алыстарға айқын көрінген құдіретті жалын еді.


Әбділдә Тәжібаев.






... Бауыржан деген адам біреу-ақ болғаны енді ғана есімізге түскендей, қапы қалғандық мазалай береді. Жоқ, біз мұны білетінбіз. Әттең сол бірегей жанның өзіндік қыры барын жете бағалай алмаппыз, қадірлей алмаппыз. Бағалау, қадірлеу деген Бауыржандай қыры көп, сыры сала-сала адамды көзі тірісінде толық түсініп, сол қырларын сындырмай, сол қырларының қалтықсыз ашыла беруіне, гүлдене беруіне септік жасау еді ғой.



Ғабит Мүсірепов.




Ақ алмастай өткір сөз


***

Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе, менің үнімді, жете ме саған менің даусым. Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көп ұлтты ортамыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер!. – деген сөз. Ол – халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар! – деген сөз.


***

Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып, ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады…

Қазақ тілі ешуақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?!


***

Көкпар, бәйге, аударыспақ – батылдыққа, ептілікке, бұлшық етті шынықтыратын, құиарлықты аятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі ұлттық спорттық ойындар.



Бауыржан Момышұлы.


Общая информация

Номер материала: ДВ-307024

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.