Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему " Имандылықты қарттардан үйренейік "

Внеклассное мероприятие на тему " Имандылықты қарттардан үйренейік "

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Имандылықты қарттардан үйренейік»

Мақсаты: ЖАС ҰРПАҚ бойында имандылықты қалыптастыра, әдептілікке, адалдыққа, шыншылдыққа баулу. Хадис шәріптерінен имандылық тармақтарымен таныстыру. Мейірімді, қайырымды, ізетті ұл-қыз өсіруге баулу. Қарт адамдарды сыйлауға, олардан өнеге алуға тәрбиелеу

Әдісі: топпен жұмыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Кіріспе бөлімі:

КХ: Құрметті балалар! Біз тәрбие сағатымызды «Имандылық» - деген сөздің мағынасын талдауынан бастайық.

Ой талқы:

  1. Иман деген сөздің мәнін қалай түсінеміз?

  2. «Имандылық», «иманжүзді» дегенді қалай ойлайсың?

  3. Өмірден мысал келтір. (Оқушылар әртүрлі пікір айтады).


Негізгі бөлім: Оқушы: «Иман» - деген сөз тек қана діни ұғымды біеріп қоймайды. Оның арабшадан қазақшаға аударғандағы мағынасы – адалдақ, ізгілік, ар-ождан, ұят деген кең ұғымдарды білдіреді. Ал адалдық – тазалық, туралы, әділдік, шындық деген ұғымдарды береді екен.

Талғат көшеде келе жатып, ақшасы бар қапшық тауып алады. Біраз жүрген соң, алдынан тез-тез басып келе жатқан үлкен кісіні көреді. Ол: - «Балам, жолда байқамадың ба, қапшығым түсіп қалапты, апаң екеуміздің зейнетақымыз еді. Қиын болды», - мұңая алысқа қарады. Талғат ойланып тұр. Әрі қарай не болар еді, Талғаттың орнында сендер не істер едіңдер?

КІТАПХАНАШЫ: Хадис шәріпте хақ тағала иманды жаратқанда, Иман: «Я,, ұят, нұрлы кескен, адалдық пен жомарттық сыйлаған екен. Сөйтіп Талғат қарт адамға қапшығын қайтарыпты. Қарт адам Талғатқа алғысын айтып, мектебіне барып, дәл осындай ар-ұятты, иманжүзді оқушы тәрбиелегені үшін рахмет айтыпты. Талғат нағыз, иманды ұл болды.»

Ой талқы: Сол кезде Талғаттың көңіл – күйі қандай болар еді?

КХ: Міне балалар имандылық дегеніміз-осы. Ендеше имандылық тармақтарына көңіл бөліңдер.

КХ: Ендеше, балалар, сендерге әке-шеше, ата-әжелеріңмен бірігіп имандылық тармақтары:

  1. Ар-ұят деген не?

  2. Ар – ожданды қалай түсінесіңдер?

  3. Адалдық ше?

  4. Ізгілікті қалай түсінесіңдер?

  5. Қайырымдылық деген не?

  6. Жақсылық дегенді қалай түсінісіңдер?

  7. Инабаттылық жайлы не білесің? Деген сұрақтарға дайындалып келіңдер деген едік. Ол өлең жолымен, ол ақылмен, ол мысалмен айтылуы мүмкін. Ендеше, сол тапсырманы тыңдайық.

КХ: Өте дұрыс. Ал, осы имандылық жайлы Хадис шәріпте не айтылады екен.

Соған құлақ түрейік. «Хадис шәріп не дейді»?

1 – оқушы: Ар-ұят – иман тармағының бірі. Ғаламдағы барша іс-әрекеттің үлгі

өнегшесі ар-ұятқа байланысты. Егер ұят пердесі түрілсе, адам-адамнан тиым көрмесче, адамдар тәрбиені жоғалтып, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ұят Алла хош көрмеген нәрселерден сақтайды.

Күнәлі істің әдептен аспауынан қалар ұят,

Күнәлі істің жолына тосқауыл болар ар-ұят.

2-оқушы: Адалдық – ақиқатшыл адал жан. Шындақта айтады, әділ болады. Шыншылдық пен адалдық алдымен адамдық – саулыққа шарапатын тиргізіп, істің оңды бітуіне себепші болады.

3-оқушы: Әдеп - Өзін орынсыз олақ-салақ сөздерден және қолайсың, қопал іс-әрекеттерден тыю, сондай-ақ өзіңді де, өзгені де тәлім-тәрбие шекарасынан шығармай, абырой аясынан табылу.

4-оқушы: Борыш – Ұстаз, ата-ана, іні-қарындас, жетім-жеріс, мүскін-мүсәпір, көрші-қолаң ақысын өтеу - әр адамның айнымас міндеті. Ата-анасы разы болған азаматқа мен де разымын. Ананың өз баласына ризалығы әкенің ақ батасынан да артық. Кемтерлерға, кембағалға өзі ауқатты болса шын, адал ықыласпен әр кезде көмек беріп отыру, кім-кімге де уәжіп, парыз. Бағбандай баптап, бағлан кезінен тәлім-тәрбие берген ұстазының ақысын алғаусыз өтеген жандар бұл дүниеде де, ақыратте де Алла тағаланың матхабатына бөлінеді.

Балғын буын, ұмытпа ұстаз ұлы бағбаның,

Өміріңе өнеге өшпес тәлім алғаның.

Көкірегіңе ұстаздық жағып кеткен шамымен,

Өлшеусіз бақыты мен дәулетіне ие болу деген сөз.

5-оқушы: Ождан – бұл адамзат баласының өнегелі ісінің, ақыл-ойының көрінісі. Ар – ождан пернесі кірлесе, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ождан рухани қайыршылықтан, топастықтан, мәңгүрттіктен қорғауы тиіс.

6-оқушы: Жомарттық – Жақсылығы мол, қолы ашық кісі, абыройы асып, мұратына жетер.

Атымтай бол, жомарт бол абыройың барыңда,

Ел-жұртыңмен есе бол, болмашыға тарылма.

7-оқушы: Кешірімділік – кінәлі адамның өзі кінәсін риясыз түсініп, сезініп, одан арылуы. Кешірімділік жамандыққа ерік бермей, жақсылыққа жетектейді.

Айыпкер мен күнәһар болса, қанша айыпты,

Кешкен жанның сауабы сол шамаға лайықты.

Жақса менен жаманның Алла берер бағасын,

Күнәһарды кешсең, алғыс аларсың.

КХ: Енді тәрбие сағатымыздың келесі бөлімін «даналар сөзі – адалдық көзі» деп аталып, имандылық тармақтары жайлы олар не дегеніне мән берсек. (Даналар сөзі деген қағаз қорапша алынады. Ішінен даналар сөзі жазылған парақтар алынып, оқушылар оқиды.)

hello_html_40f8f687.jpghello_html_m6184d65c.jpg

Махмұд Қашқари (ХІ)

1-оқушы:

Іс тындырсаң аптықта, өлшеп-пішіп асықпа!

Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе қанар.

Рахымшыл болсаң менмен болма

Басңа түссе қара түн,

Нар түйеше көтерген.

Тағдырыңа тап болса,

Қиындыққа қарсы тұр.

Жомарттық жүрек қуанышың шырқау шыңы

Қайырымдылық адам көркі, ал білім оның байлығы.

2-оқушы:

Ахмет Иүгнеки

Тәкаппарлық барлық елде жеккөрінішті қылық

Қолыңда бар болса, кемтарға жәрдем бер

Дәрежең өскен сайын ұстамдырақ бол.

Үлкен-кішіге сыпайы бол.

3-оқушы:

Есбол Қуанышбек

Исламның шариғатын сақтасақ,

Дінімізді басқа дінге сатпасақ.

Мұхаммедтің жүріп ұлы жолымен,

Жүрекпенен Құран Кәрім жаттасақ.

Алла есімін ардақтасақ, мақтасақ,

Шылым, арақ, шарап, сыра татпасақ,

Хақ тағала бәрімізге жақтасат.

КХ: Балалар, енді осы имандылық, әдептілік жайлы кім көп біледі екен, соны сынап көрейік. Осы біз «Нақыл сөздер», айтысы деп алайық. (2 оқушы шығып нақыл сөз айтыса бастайды, ұлдар бір жақ, қыздар бір жақ болады).

1-жігіт: Күтсең ата-анаңды, кешірер ата қатеңді.

Алғыс алған адам деп халқың алар батаңды

2-қыз: Атасыз ұлдың аузы үлкен

3-жігіт: Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,

Атадан ждаман ұл туса, елінің малын жейді.

4-қыз: Әкенің сөзі ой өсірер, ананың сүті бой өсірер

5-жігіт: Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге

6-қыз: Қонақ келсе құт, оны барыңмен күт,

Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес,

Шалқайғанға шалқай, ол шадиярдың ұлы емес.

7-жігіт: Ұятсыз адам иттен де жемен.

8-қыз: Жаман іске үйір болма, ол тұңғиық сияқты батырып жібереді.


9-жігіт: Тек жүрсең, тоқ жүресің.

10-қыз: Жақсы адамның ашуы – шәй орамал кепкенше,

11-жігіт: Жаман адам ашуы – жерге басың жеткенше

12-қыз: Ақылды болсаң, ақымақпен таласпа

Атақсыз өзеннің тасуы жаман.

13-жігіт: Ақылсыз адамның ашуы жаман.

14-қыз: Анасын сыйламаған басқаны сыйлап жарытпас.

15-жігіт: Өтірік айтып жұбатқанша, шындығын айтып жылат

16-қыз: Ашуланшақпен дос болсаң, аузыңды бақ. (Нәтижесі хабарланып мадақталады)

КХ: не ұқтыңдар? – деп сұрақ қояды. (Отырғандар әртүрлі жауап береді)

Түйін

КХ: Көрдіңдер ме?- өз ниетің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жақсы жылы сөз айтсаң, өзіңе қайтып келеді екен. Әрқашан бір-бірімізге жылы сөз айтайық, өзіміз де соны естиміз.

2-ші ойын (бірі ағасы, екіншісі інісі)

КХ: екі бала ортаға шығып, ағасы мен інісі болады. Інісі ағасына, ағасы інісіне қандай жылы, мәдениетті, құрмет, ақыл сөздерін айтуы мүмкін.

3-ші ойын «Әдептілік әлемі» деп аталады. Әр оқушы әдептілік жайлы айтуы шарт.

1-огқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

2-оқушы: Асықпай іш тамақты,

Жалама табақ-аяқты.

3-оқушы: Нанды үгітпе қадірле,

Қабығының бәрін же.

4-оқушы: Саусағыңды сармағын

Салдыр-салақ болмағын

5-оқушы: Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып.

6-оқушы: Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

7-оқушы: Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.


Қорытынды бөлім:

КХ: Осыны егер білсең сен,

Құрметпен сыйлар елін деп

Қай заманда болсын, ата-ананың басты арманы – баласының инабатты, ізетті, еңбек сүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуын қалайды. Мне осыған байланысты 3 сұраққа қойамын соған жауап беріңдер.

  1. Қазақ азаматының бейнесі қандай болуы керек деп ойлайсың?

  2. Қазақ қыздарының бейнесі қандай болуы қандай болуы керек деп ойлайсың?

  3. Ата – ана, қоғам алдындағы борышыңды қалай ұғынасың?

Біз инабатты ұл, иманжүзді қыз болайық дегім келеді.




















Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп









Тәрбие сағаты


Имандылықты қарттардан үйренейік








Кітапханашы: Нургалиева С









2012-2013 оқу жылы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДВ-261014
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх