Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие на тему "Какие труды, такие и плоды".

Внеклассное мероприятие на тему "Какие труды, такие и плоды".

Скачать материал
библиотека
материалов

Өтетін орны: № 6 аудитория (арнайы пәндер кабинеті)

Қатысушылар: 1 және 2 курс студенттері

Өтетін күні: 22.11.2018 ж., сағат 16.00

Шараның мақсаты: 


• салауатты өмір салтын сақтау дағдысын қалыптастыру;
• сау және рационалды тамақтану үшін ең пайдалы өнімдерді таңдауға үйрету.
• студенттердің дұрыс тамақтану, көкөністерді және басқа пайдалы тамақтарды қажет ету туралы білімін жүйелеу және кеңейту;

студенттердің денсаулығына назарын аудару;
• ойлау мен когнитивтік қызметті, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• адамға арналған жазғы сыйлықтардың бірегейлігі мен маңыздылығын көрсетіп, көкөніс тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың білім деңгейін кеңейтіп, интеллектуалды деңгейін арттыру;
• студенттік ортанның бірігуіне ықпал ететін іс-әрекеттер арқылы коллективизм сезімін дамыту.

оқушылардың арнайы пәндерден алған білімдерін толықтырып, жетілдіру.

оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру, құрал- жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілеттерін дамыту.

оқушылардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.



Материалдық-техникалық жабдықтар: 
• PowerPoint бағдарламасымен жасалған мультимедиялық презентация
• түрлі түсті қағаздан жасалған жапырақтар
• аудиторияны безендіруге арналған жеміс-жидек суреттері бар карточкалар
• сурет салуға арналған ақ қағаздар, карандаштар ( фломастерлер) 
• А4 қағаз 
• 2 стакан, 10 алма,2 апельсин,1 литр су, қара жәшік.
• Қатысушыларды ынталандыруға арналған сувенирлер 



Әділ-қазылар:

Төраға: директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Солодовников А.Б.

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Калинина А.А.

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сисалиев К.М.

Аға шебер Романенко В.А.

Арнайы пәндер оқытушысы – Есенбеков О.В.











Шараның өту барысы



Студенттер алдын ала әр топтан 6 студенттен тұратын екі топқа бөлінді

Жүргізуші:

Сәлеметсіздерме, құрметті студенттер, оқытушылар және шара қонақтары!

Бүгін бізде «КАКИЕ ТРУДЫ, ТАКИЕ И ПЛОДЫ», «ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ, ТОЯДЫ ҚАРНЫҢ ТІЛЕНБЕЙ» атты өте қызықты, пайдалы және танымдық шара өтеді. Сіздер топта бірігіп ұйымшыл жұмыс жасауларыңыз керек.

Қатысушыларды ортаға шақырамыз (орындарына келіп жайғасады).

Конкурс 6 турдан тұрады.

Сонымен конкурсымызды бастаймыз!

Жүргізуші:
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.Мына күз мезгілінде сіздермен қауышқанымызға қуаныштымыз. Қазақстан жерінің кең байтақ, бай және табиғаты тамаша екені барлығына белгілі. Осы шараның мақсатыда табиғатты сақтауымыз және табиғаттан алынатын пайдалы жеміс-жидектертуралы болады.

Жүргізуші:
- Сендер мамандық туралы айтқанда не естеріңізге түседі?
(Студенттер әртүрлі жеміс-жидек түрлерін айтып сұраққа жауап береді.) 
Жүргізуші: Біз жемісті не үшін жейміз? 
Студенттер: Біздің денсаулығымыз жақсы болу үшін. 
Жүргізуші: Яғни біз осы шарамызды неге арнаймыз? 
Студенттер: Пайдалы жеміс-жидектерге. 

Сонымен, балалар бүгінгі шарамызда жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді.

Жүргізуші: Біздің шарамыз «ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ, ТОЯДЫ ҚАРНЫҢ ТІЛЕНБЕЙ» деп аталады және бірнеше кезеңдерден тұрады.

(Қатысушылар шара тақырыбы және кезеңдері туралы ақпаратты тыңдап слайдқа қарап отыр.)
Жүргізуші: Адам үшін өмірдегі ең бағалы заттарың бірі жемістер, олар адамға күш және белсенді болуына ықпал етеді. Жемістер құрамында дәрумендер өте көп. Дәруменді ең алғаш ғылымға енгізген 1880 жылы орыс докторы Н. И. Лунин. Бірақ 32 жылдан кейін ғана ол дәрумен деп аталды. Дәрумен атауын ұсынған поляк оқытушысы Казимир Фунт, латын тілінен аударғанда “вита”, “өмір” деген мағына береді.
Жүргізуші: Осы шара барысында жеміс-жидектер туралы көптеген пайдалы кеңестер және ақпараттар аламыз.

Жүргізуші: Біздің шарамыз «ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ, ТОЯДЫ ҚАРНЫҢ ТІЛЕНБЕЙ» деп аталады және бірнеше кезеңдерден тұрады.

(Қатысушылар шара тақырыбы және кезеңдері туралы ақпаратты тыңдап слайдқа қарайды.)


I. Таныстыру

Жүргізуші: Топ басшысы шығып дайындаған презентациясын қосып топты таныстырады: 1 топ – “Қиярлар”, 2 топ –“Қызанақтар” (ортаға шығып топты таныстырады). Әділ-қазылар өз бағаларын қояды.


II. Бәйге

Жүргізуші: Енді конкурсымыздың келесі кезеңі «Бәйге». Тақтада тұрған тақырып және тақырыпқа байланысты сұрақтар тұрады. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе ұпаймен бағаланады.

(студенттер кезекпен тұрып сұраққа жауап береді). 



III. Ол кім? Бұл не?

Жүргізуші: Келесі кезең «Ол кім? Бұл не?». Шарты: тақтаға ғалымдардың немесе әртүрлі жемістердің суреттері жасырын түрде шығады, соның ненің суреті екенін табу керек.

Әр дұрыс табылған сурет 1 ұпай.
Жүргізуші қатысушылардың тапсырманы барлығы бірігіп ұжымдаса орындалуын қадағалайды.



IV. Жеміс-көкөніс өсіруші

Жүргізуші: Конкурсымыздың келесі кезеңі «Жеміс – көкөніс өсіруші» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты сіздер ыдыста тұрған суды, арнайы көшеттерде тұрған жеміс тұқымдарына қасықпен құю. Қай топ қатысушысы көп су құяды, соның жемісі өседі, яғни жоғарғы ұпай соған беріледі. Әр топтан бір-бір қатысушыдан шығады.



V. Суретшілер

Жүргізуші: Сонымен конкурсымыздың ең соңғы кезеңі «Суретшілер» деп аталады. Бұл кезеңде сендерге берілген ақ қағазға жеміс-жидектердің суреттерін салу керек. Әр жеміс 1 ұпаймен бағаланады, тиісінше көп жеміс суретін салған топ жеңіске жетеді.

Әділ-қазылар шара қорытындысын есептеп болғанша, №32 топ студенті Марат Райымбекті керемет әнімен қарсы аламыз (ортаға шығып өлең айтады).


Әділ-қазыларға сөз беріліп, әділ-қазылар конкурс кезеңдеріне бағасын беріп қорытындылайды. Жеңімпаз топ анықталады.

Жүргізуші шараны қорытындылайды.

Жүргізуші: Сіздерге бүгінгі шарамыз ұнады ма? 
(Қатысушылар шара туралы өз ойларын айтады) 
Жүргізуші: Мамандық сіздерге ұнайды ма? Ақылды және білімді болу үшін не істеу керек?
Иә. Дұрыс тамақтану керек, жеміс-жидектерді көп жеу керек. 
(Жүргізуші қатысушылардың жауаптарын тыңдап, өз сөзімен қорытындылайды)
Жүргізуші: Сіздердің мамандық жайлы, дұрыс тамақтану жайлы айтқандарыңыз өте дұрыс. Дұрыс пайдалы жемістерді таңдау арқылы сіздер денсаулықтарыңызды күшейтесіздер. Әрдайым осы бүгінгі шарада көрсеткен ұйымшылдық, бірігіп жұмыс жасау қабілеттеріңізді жоймаңыздар дегім келеді.
Жүргізуші: Біздің «ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ, ТОЯДЫ ҚАРНЫҢ ТІЛЕНБЕЙ» атты шарамыз осымен аяқталады. Шарадан естелік ретінде суретке түсеміз. Қатысушыларға және де қонақтарға көп рахмет. Осылай қоғамдық шараларға, белсене қатысып жүріңіздер. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар.







































  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

«КАКИЕ ТРУДЫ, ТАКИЕ И ПЛОДЫ»

(конкурс между студентами I и II курсов

в рамках предметно-методической недели «Сохраним зеленую планету»)

Цели обучающие: Расширить представления учащихся об истинном предназначении человека;

Раскрывать значение понятий «Цель жизни», «смысл жизни», «призвание»

Развивающие: Развивать потребность в служении обществу

Воспитывающие: Воспитывать целеустремлённость и настойчивость в достижении поставленной цели

Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по подбору и оценке персонала (рекрутинг)»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.