Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему "Әліппе - білім бесігі" (1-класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Внеклассное мероприятие на тему "Әліппе - білім бесігі" (1-класс)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Әліппе-білім бесігі»

Мақсаты:1)білімнің бастауы болған «әліппеден» үйренгендерін

тиянақтау, өнерлерін тамашалау;

2)білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, сана-

сезімдерінің өскенін көрсету;

3)Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеу-

ге тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж.

Көрнекілігі: шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтары, жылжыма-

лы тақта.

Өтілу барысы:

Кіріспе сөз.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар ата-аналар! «Әліппе-білім бесігі» атты мерекелік мерейтойға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.бүгін алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші: Өлшеулі ар-намысы халқымыздың.

Қорғны адамдықпен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым.

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

2-жүргізуші:Өмір берер ертеңгі бағаларын,

Әліппемен қоштаспақ бүгін, балаларың.

Халқына ұрпақ берген, өмір берген.

Қош келдің ата-ана, бауырларым.

1-жүргізуші:Әріптердің иесі әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып, Әліппе оқулығын ортаға шақырайық.(Музыка әуенімен)

Әліппе: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!Құрмет көрсеткендеріңізге рахмет.Ер-жігіттің үш жұрты болады демекші.мен өзіммен бірге осы қуанышты бөлісуге туған-туысқандарымды шақырдым.

Менің өз жұртым-дауысты дыбыстар, нағашы жұртым-дауыссыз дыбыстар, қайын жұртым-айыру белгісі мен жіңішкелік белгісі.Сонымен қатар күні бүгінге дейін талай қиындық пен қызықты бірге бөліскен жан досым ұстазымды да қонаққа шақырдым.Ендеше сол қонақтарды қарсы алайық!

Мұғалім сөзі:

Өсіт міне бойларың,

Өсті міне ойларың,

Қуанышқа ортақпын.

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен.

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде.

Бал иісін таттырып алдайды екен-деп кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің Әліппемен қоштасу тойын тамашалауға қош келдіңіздер!Тойларыңыз тойға ұлассын!

2-жүргізуші: Біздің бүгінгі мерекелік концертіміз 2-бөлімнен құралмақ.1-бөлім «Не үйрендік, не білдік?» деп аталса, ал 2-бөлім «Музыкалық ән шашу».

Уақыт... Уақыт-жарыса өскен жел секілді.Бір күннің артынан, бір күн қалай туып жатқанын байқамай қаласың.

Уақыт-жөңкеле көшкен бұлт секілді, Бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.

Шынында да 4 ай 2тоқсан тез зымырап, өте шығыпты.Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Балалар бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?

1-оқушы:Наргиза

Ол менің есімде:

Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

2-оқушы: Әділ

Иә, иә.Есімізге енді түсті.Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік.Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден, сабаққа қатысудан қорқып, әндете жылығанбыз.

Кейін үйрене келе барлығымыз бір-бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емес пе?

3-оқушы:Назгүл

Әліппе деген-алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе-білім бесігі.

4-оқушы:Әбіл

Әліппем, менің, әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің.

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппем, менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам сан алғыс

Балалық пәк сеніммен.

5-оқушы:Балнұр

Шырқап әнге саламыз,

Біз мектепке барамыз.

Сәлем беріп ұстазға,

Оқып білм аламыз.

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

6-оқушы:Ұлан

Бар әріпті үйреткен-

Міне менің әліппем.

Жақсы оқимын сабақты,

Әріптерді танып мен.

Бар кітапқа бамс болған-

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

7-оқушы:Бексұлтан

Әліппе алып, әріп танып,

Тіл сындырдым.

Қолын жайып анам енді

Маған былый бата берді.

«Бола көрме осал!»-деді,

«Оқып үздік бес ал!»-деді.

Орындаймын мен талабын,

«3» емес-ау «5» аламын!

8-оқушы:Аманжол

Іші толған әріпке-

Мынау әйбәт Әліппе

Барлық ілім-білімнің

Әжесі осы Әліппе

Іші толған әріпке

Жақсы кітап Әліппе.

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз.

9-оқушы:Жанарыс

Әліппені бастадық,

Көп ойнауды тастадық.

Адам болу ниетімен

Білім жолын таңдадық.

Дыбыстарды буындап,

Буындардан сөз құрап,

Әңгімелеп ой жинап,

Тіл сындырдық біз біраз.

10-оқушы:Балауса

Әліппем менің әліппем,

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет.

Өзіңе көп рахмет.

Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

11-оқушы:Жангүлім

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген.

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

Таныстырып 42әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

Хор: «әліппе туралы ән»

Әліппе:Балалар, сіздер мені өте жақсы оқыдыңдар, өте ризамын.бұдан бұлай сендер менің жолымды әрмен қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысыңдар.ендеше «Ана тілі» оқулығын ортаға шақырайық.

(Музыка әуенімен)

Ана тілі:сәлеметсіңдер ме, балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне:

Ана тілі мен болам.

Ана тілің-арың бол,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Балалар, енді міне мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп нәрсе үйретемін.Сендердің келешекте жақсы азамат болатындарыңа сенемін.

1-жүргізуші:Әліппе бізге көп нәрсе үйреткен екен.Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз құрауға, сөйлем құрауға дағдыландық.Енді әліппеге ризашылығымызды білдірейік.

Бәрі бірге:Ризамыз саған, Әліппе!

Рахмет саған, Әліппе!

Әліппе:Мені әрмен қарай да жақсы оқиды деген ниетпен өз батамды беріп сіздермен қош айтысайын.

Бата:Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет!

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Өнер, білім көп тоқып.

Өсе берсін санамыз.

Әумин!

Жұмбақтар шешу.Мұғалім

1.Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.

Ол не? (Дыбыс және әріп)

2.Екі кісі кеп күресті,

Арқалары тіресті. (Х)

3.Қайсы әріп қасарысып,

Көнбейтін болуға бас әріп? (Ң)

4.Дыбыс емес, тек әріп,

Жіңіщкертер көршісін,

Балалар, бұл қай әріп? (Ь)

5.Дөп-дөңгелек жүзік пе?

Әлде шеңбер ме?

Мұны соққан ұста ма,

Әлде зергер ма? (О)

6.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

7.Қате жазсаң өшіремін,

Бар міндетім-осы менің.

«Әріптен сөз құрау»

Әжеде бар, ата жоқ,

Әтеште бар, көжекте жоқ. (Ә)

Мынау доға, қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (Л)

Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екенін білдің ғой.

Оныі аты біз жазған

Қайсы әріптен басталған? (І)

Ата-анаммен барып мен

Пілді көрдім парктен

Осы атауларға зер салшы,

Басталған қай әріптен? (П)

Пілде бар, шілде жоқ,

Допта бар, шарда жоқ. (П)

Ешкіде бар, қойда жоқ,

Кеседе бар, қасықта жоқ. (Е)

Әліппе

(Балалар сөздер құрайды.)

Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Орны ауысқан буындардан сөздер құрау

Дәптер,өшіргіш,оқулық,балалар,тәуелсіздік,парта,тақта,ата,музыка,мектеп,ала.

Ертегі айту(1-оқушы)

Математика пәнінен алған білімдерімізді ортаға салайық.

Өрнектерді ажырату,мәнін табу (жазып дайындап қоямын,жауаптарын маркермен жазады)

8+2 6-3 4+3 10-2 3-1 9+1 8+2 7-5 1+6 2+6 10-4

Жұмбақ есептерге жауап беру:

Қолымда болды 5 алма

Алмасқа бердім 4 алма

Қалды сонда неше алма? 1

Сен және мен,біз екеуміз қосылсақ қанша боламыз? 2

Бір қазақ қалаға бара жатыр еді,жолда 3танысы қарсы шықты.Қанша адам қалаға барды? 4

Көлден ұшып 7қаз

Қайтып қонды 2қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім тез шешеді?5

Он асықтың 3-ін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі?

Өз қолыңда қалады? 7

Табақта 6өрік

Қолыңда 4өрік

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік?

Аулада 5үйрек,

Қорада 3үйрек,

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? 6

Мұғалім сөзі. Балалар,өте жақсы.Әліппі, математика пәндерінен алған білімдеріңді ортаға салдыңдар.Ендеше,2-бөліміміз музыкалық ән шашуымызды жалғастырайық

1-жүрг. Біздің осындай білім алып,өнерлі болуымызға ата-аналарымыздың да еңбегі өте зор орындалатын тамаша әніміз өздеріңізге арналады.

Ән:

2-жүрг.Келесі кезекте сыныбымыздағы биші қыздардың биін тамашалаңыздар

Би:

1-жүрг.Сондай ақ мектептен біз дос бола білуді үйрендік?Келесі тамаша әніміз

Ән «Дос болайық бәріміз»

2-жүрг.Бізді достыққа адалдыққа үйреткен ұстазымыз. Келесі тамаша ән

«Мұғалім –ол біздің!»

1-жүрг: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз

2-жүрг.Қош әліппем ,биіктеткен асқарға

Қанат берген шарықтауға аспанға

Қоштассақта ұмытпаймыз өзіңді,

Тапсырамыз іні-қарындастарға

Құттықтау сөз Ата-аналар ,ұстаздар.

Аяқтау ,қорытындылау.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-170754

Похожие материалы