Инфоурок Начальные классы КонспектыВнеклассное мероприятие на тему: "Әліппемен қоштасу"

Внеклассное мероприятие на тему: "Әліппемен қоштасу"

Скачать материал

Әліппемен қоштасу

 Мақсаты:

 Көрнекілігі: виньетка, құмыра мұғалімнің фотосымен, құмырадағы өсіп тұрған гүлдерде Томирис пен Гүлназдың фотолары жапсырылады, лента жазумен,  жапсырылған қоңыраулар, самоклейка (сары, қызыл, жасыл, көк). Қиылған жазулар. Жұлдыздар-мақал жазылған. 2 мадақтама. Киіз үй, қуыршақ, буклет зиялы адамдардың портреті. Қораптар (ана тілі, әліппе) жазылған. Домбыра, ламинат ақ бет

 Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп»-деп.

Жетпіс келед жүгіріп.

Ата:

Балам,балам, жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол тентегім.

Немере:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Мұғалім:

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

І-жүргізуші:

Қайырлы күн, уа, халайық!

ІІ-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

І-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл- ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті- Әліппе!

Ол сүйікті -Әліппе!

Мұғалім:

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Мұғалім:Әріптердің иесі әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып, демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз!

 Бар кітапқа бас болған,

 Әліппе ғылым данасы

 Әліппеден басталған,

 Даналықтың данасы (М. Мақатаев)

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме,құрметті оқушылар! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет. Ер жігіттің үш жұрты болады. Мен өзіммен бірге осы қуанышты бөлісуге туған туысқандарымды шақырдым. Өз жұртым дауысты дыбыстар. Нағашы жұртым-дауыссыз дыбыстар. Қайың жұртым- ъ-ь белгілер.

Әліппе: Мен бүгін қиындық пен қызықты бірге бөліскен жан досым, ұстазымды қонаққа шақырып едім. Сол кісі бар ма? (2 оқушы мұғалімді ортаға алып шығады).

 Мұғалім: Уақыт… Уақыт- жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып, жатқанын байқамай қаласың.

 Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.

 Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?

1- Әділет

Ол менің есімде:

 Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны

 Бір мереке думан боп осы маңда,

 Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

2-Тимур

 Иә, иә есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік.

 Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз.

 Кейін үйрене келе барлығымыз барлығымыз бір-бірімізге бауыр басып,

 бір отбасының балаларындай достасып кеттік емес пе?

1-оқушы:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

 Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Ән: «Әліппе»

Қане беріп қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық.

Әліппе:Айтпақшы, алматы қаласындағы мен шыққан «Алматы» баспасынан әлектрондық поштамызға жаңа ғана хат келді. Сол хатты  бірге оқиық.

 (Халима, Нұрай кезек-кезек оқиды).

Хаттама: «Амансыңдар ма, балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар». Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз.

Ана тілін ренжітпеңдер!».

Мұғалім:

  Абай-қазақ халқының ұлы ақыны. Балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.

Ана тілі:

Армысыңдар жас достар!

 Туған елдің тілімін

 Ақылы мен танымын,

 Түсіндірер бәріңе

 Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігі

Ана тілі:

Шарықтап қиялың,

 Зердеңе ой құямын.

 Бір-бір мектеп-Ыбырай,

 Абай, Ахмет зиялым

 Табыстырам бәрімен.

 Өлең-жыры, әнімен

 Өрісіңді кеңейтіп,

 Шежіре айтып әріден

 Қысқы ілім-білімнің

 Бәрі, бәрі, бәрі –мен

Әліппе:Балалар,сендер  менімен  еріп  қазір  «Қазақ  тілі  »  ауылына  барамыз,менімен  барасыңдар  ма?

Хормен:Иә,барамыз

 «Қазақ тілі» аулына барады.

Тапсырмалар  беріледі

 1. «Әріптер әлемі» сайысы: (қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).

 2.«Теңге алу» ойыны:

 (жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).

3. Мақалды жалғастыр:

 Оқу-білім бұлағы,

 Білім-өмір шырағы.

 Оқу-инемен құдық қазғандай.

4.«Кішкентай сиқыршы»:

Жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар бір сөз шығады.

 Әжеде бар, атада жоқ

 Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)

 2.Мынау-доға қарайық

 Ұқсайды оған қай әріп? (Л)

 3.Ірімшік жедің ғой,

 «Тәтті екен» дедің ғой.

 Оның аты біз жазған,

 Қайсы әріптен басталған? (І)

 4.Ата-анаңмен барып сен,

 «Пілді» көрдің «парктен»

 Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)

 5.Пілде бар, шілде жоқ.

 Допта бар, шарда жоқ. (П)

 6.Ешкіде бар, қойда жоқ

 Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)

Халима:                                       

Әліппені бітірдім,

 Жаза аламын атымды

 Әліппені бітірдім

 Бала болдым ақылды.

 Көп нәрсеге үйреттің,

 Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:

-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.

Мұғалім:

-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік.

Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»

«Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).

2.Бес бұтақты қайыңда,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер сайынға,

 Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).

 3.Тепсең-ақ секіріп,

 Ұстатпай қашады.

 Бір жерге бекініп,

 Тұра алмай сасады. (доп).

 4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)

 5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).

 6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)

 7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).

 8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)

 9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)

  «Сандар әлемі»

 Әлемде үлкен ел бар. Бұл едің тұрғындары-сандар. Олармен қатар тату-тәтті бұл елде цифрлар да өмір сүреді. Сандардың көпшілігі соншама, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлардың бар болғаны -10.

 Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік.  «Санамақ»

Би  орындалады

 Ана тілі: Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын.

Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін.

1-Оқушы

«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

«Ұстазым» әні.

Біздің  балаларымызды осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.

«Қазақ» биі.

1 Оқушы

Таныстырған 42 әріппен,

 Қош менің қасиетті әліппем!

 Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Әліппе: Қош болыңдар:

Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті әліппе!

Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан «Еңбегі сіңген білімгер» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз.

Әліппе: Рақмет, ризамын. Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен, мына кітаптарды табыс етемін

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Балалар:Иә

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Қорытынды:

Кітапханашы: ана  тілі  кітабын  қолға  ұстап  тұрып

 Кір шалмасың беттерін,

 Таза болсын оқулық пен дәптерің

 Оқығандарың есте болсын,

 Күнделіктерің «5»-ке толсын!

Әліппе

Әліппе,әліппе  ең  алғаш  әріпте

Ана  деп  қазір біз  жазуға  әзірміз,әзірміз.

Әліппе,әліппе  екінші  әріпте

Әке деп  қазір  біз   жазуға  әзірміз,әзірміз

Әліппе,әліппе  ең  соңғы әріпте

Отан   деп  қазір  біз  жазуға  әзірміз,әзірміз

class=WordSection2>

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на тему: "Әліппемен қоштасу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.08.2015 646
    • DOCX 60.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шындаулетова Макпал Бельгибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3130
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе