Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Внеклассное мероприятие на тему "Математикалық кеш"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Внеклассное мероприятие на тему "Математикалық кеш"

библиотека
материалов

Математикалық кеш

Тақырыбы: Әлем нақты ғылымдар тілінде.
Мақсаты:
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық сауаттылығын арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету, танымдық іс-әрекетін жүйелеу;
• Математикаға деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін дамыту;
Барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Математика пәні мерекесінің ашылуы

ІІІ. Тренинг

IV. «Мақал-мәтелдер» сайысы

V. «Орамал тастау» ойыны

VI. «Полиглот» жұмбақтар шешу

VII. «Сөз мәйегі»

VIII. «Сандар сыры аялдамасы»

IX. «Еселік» ойыны

X. Біліктілік сайысы

ХІ. «Бәйге» сайысы

ХІІ. Қорытынды

(Оқушылар 4-5 топқа бөлінеді. Әр топта 5,6,7 сынып оқушылары және ата- ана болады.)

Математика пәні мерекесінің ашылу сценарийі

Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу әуені ойнайды. Би: «Үкілі ару»
1- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші.
Барлықтарыңызды математика
пәні мерекесінің ашылуымен құттықтаймыз. мерекеде бәрі бар –сайыстар, жарыстар, түрлі қойылымдар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді қатысушылар екенімізді көрсетейік!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке келген қонақтарға сәттілік тілеп, әдістемелік кабинет меңгерушісі Хамзина Жұпаркүл апайға құттықтау сөз береміз.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін негізгі пән математика пәнін ортаға шақырайық.
Пән болып киінген 1 оқушы шығып тақпақ оқиды.
«Математика» пәні
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгімерекеге математика пәнін сүйіп оқитын оқушылармен олардың ата-аналары, ұстаздары келіп отыр. Құрметпен ортаға шақырайық. Осы кісілердің құрметіне музыкалық сәлем. Ән:
1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, енді сіздердің назарларыңызға «Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар!
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда:
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді?
(Көрермендерге сұрақ)
2-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан)
2.
Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т)
4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10),
5. Алманың 1 кг 250 т, 4 кг алма? (1000т)
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады:
Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.
2-жүргізуші : Ән:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Үшбұрыш:
Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен түрамын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үш бұрын болып құрамым.
Төртбұрыш:
Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.
Тіктөртбұрыш
Математиканы білместерге
Құбыжық болып көрінем.
Бар бұрышым тік болса,
Тік төртбұрыш деп аталам.
Параллелограмм
Қарам-қарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,
деп аталам!
Ромб
Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге,
Тағады заттай қымбатты.
Трапеция
Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.
Музыкалық номер. ӘН:
1-жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.
(Ортаға оқушылар шығады)
1-оқушы: Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет.
2-оқушы: Ал менің апам – бау-бақшамен аәналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бир шарша метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді.
3-оқушы: Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді.
Менің анам – сатушы. Ол математиканы жақсы біледі. Ол тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың құнын төлейді.

4-оқушы. Менің анам – есепші, яғни бухгалтер. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет.
Ал, әкем – көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі.

5-оқушы: Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым!
1-жүргізуші: Математикаға арналған ән шашуды қабыл алыңыздар, құрметті көрермендер.
Музыкалық номер: Ән:.
2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешке жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар:
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйiр болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.
1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған математика пәні мерекесінде оқушыларға үлкен жеңістерді, ата-аналарға қуаныш, мұғалімдерге табыс тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты мерекемізді аяқтауға рұхсат етіңіздер.

ІІІ. Тренинг

Тренингтің мақсаты: Оқушылар мен ата-аналар қауымының қабілеті, ынта-жігерін, қызығушылығын, шығармашылығын, біліктілік дағдыларын арттыру.

Қатысушылар: Оқушылар және ата-аналар

Жұмыс түрі: топтық

Кіріспе сөз.

Шығыстың ұлы ойшылы М.Сағади айтқандай "Сен теорияда қанша мықты болғанымен, оны қолданбайынша, бәрібір надансың".


Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау.


1. Түстерді таңдау. (Әр топ қатысушылары өздеріне ұнаған түсті таңдайды.) .

Қызыл


Ақ

Көк

Шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дер кезінде орындайтын, тәуекешіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

Ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

Салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенінді қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.


2. Тренинг "Көрші".

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымыйып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымыйып.

Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді,

Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып

Бүгінгі тренинг барысы,

"Біз үлкен отбасы" - деп бір-бірімізбен амандасып алайық.

3. Біз қандай адамбыз? Эрик Фромның “Мен және қоршаған әлем” квадрат ойыны

Нұсқау: Төрт фигураның ішінен өзіңізге бір фигураны таңдаңыз.


4. Топтық жұмыс. (Әр топ отбасы туралы тақырыптарын қорғайды)

5. Сергіту сәті .Аңдар мен жәндіктер.

Әр адам өзіңе өте ұнайтын аңдар мен жәндіктердің атын жазады. Осыдан кейін нұсқаушының оқыған сөйлемін тыңдайды, оқылған сөйлем арасында пауза арасында өзі жазған сөйлемдерді қойып отырады, яғни өзінің кім екенін анықтау.

  1. Мені жұрт.......деп ойлайды.

  2. Бірақ мені ..........деп ойласа екен деп ойлаймын.

  3. Негізі мен................

6. Өтірік өлең шығару сурет бойынша.


IV. «Мақал-мәтелдер» сайысы

Суреттерге қарап мақал-мәтелдер құрастыру

V. «Орамал тастау» ойыны

Ойынға қатысушы өздері сұрақ қоя отырып орамал тастайды. Орамал алған оқушы сұрақ жауабын айтып, қайтадан ормалды келесі ойыншыға береді. Келесі сұрақты басқа балаға қойып,оның жауабын алады т.с.с ойынды жалғастырады.


VI. «Полиглот» жұмбақтар шешу

Бұл бөлімде жұмбақ жасырылады. Жауабын орысшаға және ағылшыншаға аударады.Бір тілде жауап берсе 5 ұпай, екі тілде жауап берсе 10 ұпай, үш тілде жауап берсе 15 ұпай алады.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, линейка, а ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап, книга, book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

  2. Аяғы біреу қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп (қалам, ручка, pen)

  3. Он бір түйе бес жылқы,

Екі сиыр , бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі

Таба алмасаң бос күлкі. (жиырма сегіз, двадцать восемь, twenty eight)

  1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін (қолғап, варежки, mitten)

VII. «Сөз мәйегі»

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөзадамның ең жоғарғы қасиеті» Ғ.Мұстафин

Тапсырма: Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару. (әр топқа 3 сөзден беру керек. Уақыт беріледі)

1-топ: Теорема, сәуле, түзу

2-топ: дәреже, пайыз, пропорция

3-топ: бөлшек, нүкте , кесінді

4-топ: шеңбер, бұрыш, шаршы

5-топ: диаграмма, теңдеу, формула

6-топ: көбейту, периметр, , қосу

VIII. «Сандар сыры аялдамасы»

(Әр топқа 1-ден 6-ға дейінгі сандардың сырын аштыру)

IX. «Еселік» ойыны

6 оқушы щеңбер жасай айнала тұрады. Бірден бастап санай береді 1,2,3,..4,5,... тек үшке бөлінетін сан кездескенде оны атамай «еселік» деп өту керек. Жаңылысқан бала ойыннан шығып қалады да, қалған балалар әрі қарай жалғастырады. Қателеспеген бала ойын соңында жеңіпаз атанады

X. Біліктілік сайысы (Пострмен жұмыс)

(Әр топқа геометриялық фигуралар беріледі. Барлық фигуралардан сурет салу)

Көрерменмен жұмыс.

  1. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? Жұп сандар

  2. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар? Натурал сандар

  3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? Алмұрт

  4. 7 ағалы-інілілердің бір бірден қарындастары бар.отбасында барлығы неше бала бар? 8 бала

  5. Бұрыш өлшейтін құрал? Транспортир

ХІ. «Бәйге» сайысы

Топ басшылары қатысады. Әр топ басшыларының арқасына бір сөз жасырылады. Топ мүшелері қимылмен түсіндіреді): Түзу, кесінді, бұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер

ХІІ. Қорытынды



Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров69
Номер материала ДБ-057289
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх