Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Внеклассное мероприятие на тему "Менің Отаным - Қазақстан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Внеклассное мероприятие на тему "Менің Отаным - Қазақстан"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсатыжас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана қаласына байланысты суреттер.
Түрі: саяхат сабақ.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Түрлі-түсті стикер таңдау арқылы топқа бөлу.

ІІ.Кіріспе:

-Саламатсыздар ма, балалар! Сіздермен тағы да жаңа оқу жылында қауышқаныма қуаныштымын. Бүгін үлкен мереке – Білім күні. Жылда жаңа оқу жылы осы мерекемен басталады. Бүгінгі күннен бастап сіздер төртінші сынып оқушыларысыздар.

Сіздерді биылғы басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп келдіңіздер деген ойдамын, енді міне жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастайтын уақыт келіп жетті. Келе жатқан оқу жылында  сәттілік, шыдамдылық, биік белестерді бағындыру ларыңды, ылғи 4 және 5 деген бағаларға оқуларыңды тілеймін.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру үшін қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқумен бастағым келеді.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

-Бұл өлең не туралы?

-Отан деген не?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?


«Ассоциация»(Қазахстан)

«Қазақстан» дегенде ойларыңа не келеді?

(Әр топ постерге өз ойларын жазады, қорғайды)

-Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер туралы ойларымызды ортаға салу, толықтыру. Бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Бірінші аялдамамыз - «Туған өлке»

Бұл аялдамада туған жеріміз, Елбасымыз, Елордамыз туралы әңгімелейміз.

Астана қаласының ең көрнекті жері — Бәйтеректен басталады. Оның биіктігі — 97 метр. Ең жоғарғы қабатына көтерілсек, біздің көз алдымызда шексіз дала көрінісі алақанда тұрғандай болып көрінеді және залдың ортасында малахит үстінде 7 килограммдық күміс қойғышта, 3 килограмм дық алтыннан құйылған біздің Президентіміздің қолының таңбасын көруге болады. Келген қонақтар қолдарын қойып, тілек тілейді.

Астана-Бәйтерек монументі кешенін салу идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Н.Назарбаев болатын. «Бәйтерек» бейнесі — өмір ағашы деген мағынаны білдіреді. Бұл тек архитектуралық ескерткіш ғана емес, еліміздің кешегі мен бүгінгінің және жарқын болашағының бірегей көрінісі.

Қазақстанды алақандағыдай көру, оның сәулеттік — ландшафтық тарихымен танысу үшін «Қазақстанның „Атамекен“ картасы» тарихи-этнографиялық кешеніне баруға болады. Табиғат пен адамның берген барлық сыйымен танылатын бүкіл Қазақстанның шағын бейнесі 1,7 га. алаңында көрсетілген. Картада 14 облыс пен республикалық дәрежедегі 2 қала — Астана мен Алматыда орналасқан. Саябақтың ең қызықты нысаны, қолдан жасалған таулары, көлдері және рәміздермен бөлінген ірі қалалары бар, республика макеті болды.
«Қазақстанның „Атамекен“ картасы» тарихи-этнографиялық кешені

2001 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның астанасында Президент бастамасы бойынша ашылды. Қалалардың елдер мен халықтардың тарихымен таныстырудың осындай ғажайып, қызғылықты әдісі қазір көптеген елдерде кең тараған: әлемде осындай 17 саябақ бар

Астана қаласының таң қалдырарлық, ерекше көрінісі- «Думан» ойын-сауық кешені. «Думан» ойын-сауық орталығының Мұхитаралы — ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көп мұхиттан 3 мың шақырымнан астам қашықтықта алыстаған жалғыз мұхит арал. Мұхитаралдың су қоры 3 миллион литрді құрайды. Мұхитарал түбінде шыныдан жасалған 70 метрлік дәліз бар және әр түрлі көлемді 11 аквариумды 2 үлкен көрме аймағынан тұрады. Мұнда жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100 астам түрінен тұратын 2 мыңнан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.Онда скат, ақ акула, теңіз жұлдыздары, шаянды, медузаны және басқа балық түрлерін көруге болады.


EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме. EXPO-2017 Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.    

ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.

Топтық жұмыс

І топ: Отан, туған жер туралы өлеңдер оқу.

ІІ топ: мақал-мәтелдер.

ІІІ топ: бір шумақ өлең құрастыру.

Екінші аялдама- «Ұлт мақтанышы»

Викторина:

1.Тудың авторы кім? (Шакен Ниязбеков)

2. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?

3. Тудағы күн бейнесі нені білдіреді?

4. Елтаңбаның авторларын ата. (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов).

5. Елтаңбаның басты идеясы қандай? (Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз, ортақ үйіміз)

6. Әнұранның авторлары кімдер?

Үшінші аялдама- «Достық»

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық дейді.

Достық туралы мақал-мәтелдер, оқыған әңгімелерін айту.


Төртінші аялдама- «Ата Заң»

-Біздің Ата Заңымыз қалай аталады?

-Ол қашан қабылданды?

- 30 тамыз мемлекеттік мереке болып есептеледі.  Конституция тек қана міндеттер мен талаптар жиынтығы емес, ол күллі халқымыздың болмыс-бітімін айқындайтын басты құжатымыз. Конституция біздің тірегіміз, қадірлеп қастерлейтін асыл мұратымыздың жиынтығы. Сол себепті елімізде қабылданып жатқан түрлі заңдардың қайнар көзі Конституцияда жатыр.  

Конституция 98 бапты өз бойына қамтитын 9 бөлімнен тұрады.

Конституцияның 7 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.

15-бап: - Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16-бап:- Әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бар.

17-бап: -Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

27-бап:-Балаларына қамқорлық жасау,тәрбиелеу ата-ананың парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

29-бап:-ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап: -Орта білім алуға міндетті.

36-бап:-ҚР қорғау әрбір азаматтың қастерлі борышы әрі парызы.

38-бап: -Табиғатты сақтау,табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, абыройын құрметтеуге міндетті.

Сергіту сәті: «Мектеп ережесін білесің бе?»

Егер төмендегі ережелер дұрыс деп есептесең қолыңды көтер, ал дұрыс емес болса қолыңды түсір.

1.Мұғалімнің сұрағына жауап бергің келсе қолыңды көтер.

2.Сыныпқа кірген адаммен орныңнан тұрып амандас.

3. Үлкендердің қойған сұрағына жауап бергің келсе, орныңнан айқайла.

4. Үзіліс кезінде демалу керек, сол себепті дәлізде жүгіріп, шулап ойна.

5. Үлкендерден бір нәрсені сұрап білу үшін, сөйлесіп тұрған жерінде сөзін бөлу қажет.

6. Әрқашан бір-бірімізге көмектесіп, қамқорлық жасауымыз керек.

7. Мектепте әркім өз-өзіне жауап береді, сондықтан ешкімге көмектесу қажет емес.


Бесінші аялдама- «Тарих бетінен»

Биыл еліміз тағы бір атаулы күн- «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу» мерекесін тойлағалы отыр.

Қазақстан хандығы 15 ғасырда құрылды. Хандық үш жүзден тұрды.

Ең басты мәселелер құрылтай жиналысында шешілді және оған елге сыйлы, беделді адамдар қатысты.

« Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті


Қазақстандағы мерекелер.

  1. 30 тамыз –

  2. 1 қыркүйек -

  3. 1 желтоқсан –

  4. 16-17  желтоқсан –

  5. 8 наурыз –

  6. 22 наурыз –

  7. 1 мамыр –

  8. 7 мамыр –

  9. 9 мамыр –

Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Бүгін сіздер көп нәрсе ұқтыңдар деген ойдамын.

Жер бетінде өмір сүріп жүрген әрбір адам, өз Отанын, халқын, жерін және тарихын мақтан тұтады. Біздер де жарқын болашағымызды тұрғызу үшін, халқымыздың бұрынғысын есте сақтап, қазіргісін біліп жүруіміз қажет.

 Қорытынды: - Сіздерді тағы да Білім күнімен құттықтай отырып, сабағымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:


Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров209
Номер материала ДВ-105415
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх