Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему «М.Мақатаев-қазақ поэзиясының Хантәңірі»

Внеклассное мероприятие на тему «М.Мақатаев-қазақ поэзиясының Хантәңірі»

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Тақырыбы:

Кештің мақсат:

Қазақ поэзиясыныңмұзбалағыатанғанақынныңөмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті менәндерінтаныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.

Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру.

hello_html_m4f2f1fc6.jpg

1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

hello_html_72c148f.jpg

2-жүргізуші:

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыртойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттері.

Би

1-жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевсөзіне жазылған әндерді орындау.

ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңдеоқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды.

2-жүргізуші:

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліт жатады)hello_html_68e5170c.jpg

1-жүргізуші:

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

2-жүргізуші:

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. № 115 мектеп т.б

1-жүргізуші:

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинміндемедімешкімге мен,

Қазақтыңқараөлеңі – құдіретім,

Ондабірсұмдық сыр бар естілмеген...

дегенақынөлеңініңсырларынсуреттеп, бояуменөрнектеген.

2-жүргізуші: Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевсөзіне жазылған әндерді орындау. Ендеше әнге кезек берейік. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылықсезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыданбасталған,

Әріденбасталып, мәңгігетасталған.

Осы мен өлмейтіншығарман,

Сәлғанамызғып ап, қайтадантұрармын,-

дегенөлеңжолдарыбіркөрегендікпен, сезімталдықпенжазылғандай. Мұқағалимұзбалақтыңортамыздаәлі де тіріекенінебүгінгікеш, оқылғанөлеңдері, оны сүйіпоқып, өзөмірініңбірбөлшегіндейкөретінжырсүйерелікуә.
2-жүргізуші:

ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңдеоқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.
»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.

2-жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сенболмасаң, не етер ем?
Мәңгіліккебақытсызбопөтер ем,
Өмірденбұлөксумененкетер ем.
ЖалғызОтан – мекенім, – дептайғатаңбабасқандайжазыпкеткенойлары, бүгінгі, болашақұрпақтыңбәрінеайтылғанақыл-өсиет. Бұлғақлияныәрбірқазақжүрегінеүкіетіптақса да артықетпейді. Отандысүюдің, оғанқұлайберілудің – асқақүлгісібұл.
1-жүргізуші:

Әділ қазылар байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап болғанша мектебіміздің күйшілері Мағауин Рауан мен Бағдатов Алматтың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»

2-жүргізуші:

Тілеубаева Қымбаттың орындауыда би

1-жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе – 
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, 
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.
2-жүргізуші:
Мұқағалиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз-ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден-бір той – Мұқағали тойы. 
1-жүргізуші: 
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге. 
2-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
1-жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!
2-жүргізуші:
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров71
Номер материала ДБ-033212
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх