Инфоурок Начальные классы КонспектыВнеклассное мероприятие на тему "Прощание с Букварем" (1 класс)

Внеклассное мероприятие на тему "Прощание с Букварем" (1 класс)

Скачать материал

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі : «Рахмет саған, Әліппен!»


Мақсаты:

Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;

Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

Ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Өз өнерлерін ата – аналарға көрсете білу;

Эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу;

Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі : «Әліппе» , «Ана тілі», «Әріптер», Шарлар, слайд.

Іс-шара жоспары: 

  1. Мұғалімнің құттықтау сөзі

  2. Слайд – шоу «Мектептегі алғашқы күндер»

  3. Оқушылардың сәлем беруі. Ән : «Бала тілегі»

  4. Әліппенің келуі

  5. Оқушылардың тапсырмаларды орындау

  6. Оқушылардың тақпақтары.

  7. Әліппенің кетуі

  8. Ана тілінің келуі

  9. Слайд (ана тілі тапсырмасы : жұмбақ шешу)

  10. Оқушылардың биі : «Арива биі»

  11. Ата – аналардың ортаға шығуы

  12. Мектеп әкімшілігінің құттықтау сөздері

  13. Қорытыңды. «Шашу»


Мұғалімнің құттықтау сөзі: Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.) 


Мектебім – еңселі тірегімсің,

Мектебім – елімнің ертеңісің.

Өмірге шәкірттердің көзін ашқан,

Аяулы Ордабасы сен екенсің.


Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Рахмет саған,Әліппе! »мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 

Өсті міне бойларың 
Өсті,міне ойларың. 
Қуанышқа ортақпын 
Құтты болсын тойларың! 


- Армандасаңда, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Естерімізге түсірейікші мектепкегі алғашқы күндерімізді :

(Слайд шоу : Алғашқы коңырау, еңбегімз, жаңа 2015 жылымыз, сергіту)


Мұғалім :Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың

- Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса оқушыларымызды ортаға шақырайық! 
1-оқушы : Камир : Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
2-оқушы :Нұрзада : Армысыздар, ардақты әкелер мен аруаналар. 
3-оқушы:Ғалымжан : Кешегі сәби балаңыз, 
Жарады міне қараңыз. 
Ғылым, білім жолына 
Енді қайық саламыз.


Оқушылардың ән орындауы : « Бала тілегі »


Мұғалім : Жарты жылдай жолдас болдың,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап.
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың!

Мұғалім : Бүгінгі біздің 1«Б» сынып оқушылары шексіз қуанышты. Себебі, олар алғаш хат танытып, сауатын ашқан барлық ғылым анасы, болашағымыздың негізі – Әліппені бітіргелі отыр. Сүйікті Әліппеге алғыс айта отырып, алған білімдерін ортаға салмақшы.

Мұғалім :-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: 
Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар хормен: 
Болашаққа жол ашар, 
Ол -сүйікті Әліппе, 
Ол-сүйікті Әліппе! 
Мұғалім: 
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық! 
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе 
6 .
Әліппе ортаға шығады: 

-Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата-ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген. 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы ананың 
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортағасалайық! 

- Балалар маған сендерден көмек керек. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

- Балалар: Иә

Әліппе :Менің әріптерім шатасып, шашылып кетті, оларды тауып әріптерін басқа тағу керек және алфавит ретімен қою керек.

1.Ислам « А » 2. Амангельды « В » 3. Томирис « Б »

Анада бар, Бұл әріпке жұмсар күш, Бақа, бақа бақ-бақ,

Әкеде жоқ. Вагон орыс сөзі еді. Таңдайлары тақ-тақ.

Атада бар, Ваза деген гүл салғыш, Бәрі бірдей тақпақ,

Әжеде жоқ. Волга – Еділ өзені Жатқандай - ақ жаттап


4. Азамат « Ә » 5. Адильбек « Г »

Таныстырар әріппен Газда бар, ауада жоқ,

Мынау кітап әліппең Гүлде бар, жуада жоқ.

«Әліппе» деген аты оның Бұл қай әріп?

Басталған қай әріптен?


Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық

Тақтаға қарап тапсырманы орындайықшы :

Слайд :
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі 
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? 
-Шаңғы,шана тебеміз 
Слайд :

  • Сөздерді буынға бөлуді қалай меңгергеңімізді көрсетейік.

(Оқушылар, мектеп, оқулық, қалам, сызғыш, өшіргіш)

Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 
-Қане, әліппеге Қош айтайық! 

Оқушылардың тақпақтары :

  1. Ғалымжан : Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны Әліппе!

  1. Нұрзада : Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа!

  1. Қамер : Әліппем менің, Әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен!


Әліппе сөйлейді: 

Білімінің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы. 
Ғылымның қиын жалғасын, 
Басқа кітаптан табарсың! 
Әліппе сөйлейді: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен ендікетейін, қошсау болыңдар!
Балалар хормен : Рахмет саған, Әліппе! Рахмет саған, Әліппе!Рахмет саған, Әліппе!


Мұғалім: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім! – деп құрметті , қадірлі ана тілімізді қарсы алайық!


Ана тілі келеді :

Ана тілі сөйлейді: 
Туған елдің тілімін, 
Ақылы мен танымымын. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. 
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 

Жұмбақтар :
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар ( түрлі түсті қарындаш) 
Ана тілі :Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 

Мұғалім:

Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз. 


Балалар көңілді би билейді : «Арива» биі


Мұғалім - Ал, балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам кім?

Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, біздер аналарымызды ортаға шақырайық. (Музыка ойналады.Аналарортағашығады). 

Балалархормен: 
-Ата-анағамыңрахмет! 


Мұғалім :Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,енді сіздердің білімдеріңізді тексерейік. 


Тапсырма :мақал - мәтел айтылады, сіз жалғастыру керексіз

  1. Ананың көңілі балада,
    (Баланың көңілі далада.)

  2. Ананың сүті – бал, 

( Баланың тілі бал.)

Қай отбасы ең жақсы билейді : (Әр түрлі музыка қосылады.)  Ата-аналар балаларымен билейді.


Мұғалімнің құттықтау сөзі

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Сендерге менің атымнан сыныпқа осындай шағын сыйлығымды қабыл алыңдар !

Мұғалім : Ал, құрметті Әлемгүл Тәліпқызы ата- аналар комиттеті атынан перзенттерге деген ынта – ықыласыңыз бен тілегіңізді тілеуіңізді сұраймыз.

Ал, енді рұқсат етсіңіз мектеп өміріне белсенді араласып, « Рахмет саған, Әліппе! » кештін өткізуге көмек көрсетіп, әрдайым қолдау көрсетіп жүргеніңіз үшін Әлемгүл Тәліпқызын осындай алғыс хатпен марапаттаймын !

Құттықтау сөз мектебіміздің директорына : Антоненко Р. Ю. беріледі. 

Келесі сөз мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісіне : Галеева А. Т. беріледі.


Мұғалім :Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достастық
Әліппемен қоштастық
Өсті міне ойымыз
Құтты болсын тойымыз


Мұғалім: Ата – ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұлмереке, бұлтойдың,
Қорытындысынжасайық!!! (шашушашылады)










Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на тему "Прощание с Букварем" (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 375 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2016 507
    • DOCX 27.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыгулова Алия Рустемовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыгулова Алия Рустемовна
    Садыгулова Алия Рустемовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8104
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 32 регионов

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе