Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему "Жан жылуы"

Внеклассное мероприятие на тему "Жан жылуы"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Манашы орта мектебі» ММ









hello_html_4a7c5867.jpg

Өткізген: әлеуметтік педагог

Суйеубаева Баян









Бейнеу - 2015 жыл

Мақсаты: қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.


Барысы:


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт жандар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар «Жан жылуы – өмір шуағы» атты мерекелік іс- шарамызға қош келдіңіздер!


2 - жүргізуші: «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.


Мектебіміздің директоры Болат ағайға сөз кезегін береміз.


1 - жүргізуші:

Өмір бірде мәз қылып күлдіреді,

Бірде өкінтіп көңіліңді бүлдіреді.

Өмір деген сонысымен қызықты,

Қуанышы мен қиындығы,бір жүреді.


Өмірімізде ешбір қайғы болмасын,

Қуаныштар таба берсін жалғасын.

Бақытты боп орындалсын армандар,

Бір Құдайым,бәрімізді қолдасын, - дей келе біздің қамқоршыларымыз ата-аналарымызға арналған әнге кезек береміз.


2 - жүргізуші:

Ән: «Ана - әке»

Орындайтын: 9 «В» сынып оқушысы Мырзагалиева Гүлжамал


1 - жүргізуші: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген даналық сөзі адамдарды кең пейілділік пен жомарттыққа шақырады. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

2 - жүргізуші: «Өзіңнен баста» деп аталатын жақсылық туралы бейнероликті тамашалайық.


1 - жүргізуші: Мейірімді істер мен сөздер өз - өзінен сізді рахатқа бөлейді. Біреумен бөлісу, сыйлау - шынымен ізгі істерден.

Әрине біздің заманымызда көбі мұндай "ерлікке" бара алмайды. Өз істерінен алшақтап, уақыт тауып, күнделікті шаруаларды қойып, бөтен, таныс емес адамдардың қамын ойлап, көмектесу - нағыз мейірімділік белгісі.


2 - жүргізуші: Есіңізде болсын, мұқтаж адамға ақшалай көмегіңізден сіздің жылы жүзіңіз, көңіліңіз, бөлген уақытыңыз мың есе артық.


1 - жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.


2 - жүргізуші:

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.


Ән: «Мама»

Орындайтын: 9 «Б» сынып оқушысы Жолдас Рамазан


1 - жүргізуші: Қайырымдылық жасау арқылы адам мейірімді, жанашыр, қамқор бола түседі.

2 - жүргізуші: Мектеп ұжымы жыл сайын қайырымдылық көмектерін ұйымдастыруға белсене ат салысып келеді. Ендеше слайдқа назар аударайық.


Бүгінгі мерекелік шарамызға келіп отырған ата - аналарға сөз кезегін береміз.


Көрініс: «Ана қадірі»


1 - жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.




2 - жүргізуші:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым, - деп жүретін перзенттер көп болғай.


Ән: «Перзент сыры»

Орындайтын: 9 «А» сынып оқушысы: Сахиева Ұлданай


1- жүргізуші:

Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,

Түсірмейді қолынан асық етіп.

Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?

Кейде нұқып тастайды жасық етіп.


Қызығы да өмірдің осы болар,

Сан қилы мінезімен тосып алар.

Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,

Бауырындай құшақтап қосып алар.


2- жүргізуші: «Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде» адамдар бір-біріне қамқор болсын деген тілекпен жыр шумақтарын арнайтын оқушыларды ортаға шақырамыз.


1- жүргізуші:

Ербелен жолдар, ең биiк құздар,

Кездесер талай жолында.

Алысқа самға, адасып қалма,

Қайнаған өмiр бағында.

Жасыма көңiл, арманға толы

Тағдырың сенiң қолында!

Қызарып шоқтай, қалмағын сөнiп,

Алаулап оттай жалында!


2- жүргізуші:

Рухын қайтып, кетпегiн ез боп,

Намысың болсын демеушi.

Шағылып тауың, шегiнбе кейiн,

Бiр Алла сенi жебеушi, - деп жастарға рух беретін әнге кезек береміз.

Ән: «Қазақ жастары»

Орындайтын: 8 «Ғ» сынып оқушысы Төлегенов Елдос

8 - сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.


1- жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана.


2- жүргізуші: Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан.


Ән: «Ана»

Орындайтын: 9 «Б» сынып оқушысы Қалтөреева Гүлнұр


Бейнеролик


Хор: «Жан жылуы»


1- жүргізуші:.

Батыр болу шарт емес текті, рухты,

Бай да болу шарт емес епті, мықты.

Жәй ғана бір жақсылық жасау үшін

Мейірімді болғаның жеткілікті.


2 - жүргізуші: Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз.


Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-046920
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх