Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему "Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі!"

Внеклассное мероприятие на тему "Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі!"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»

Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұеды суреттер, шарлар, нақыл сөздер..

I. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армаандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.

1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші:

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

1-оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

2-оқушы:

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

3-оқушы:

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

4-оқушы:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

5-оқушы:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

6-оқушы:

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

7-оқушы:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан



8-оқушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула!Лаула!Желтоқсанның мұзда жанған алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы! 

2-жүргізуші:

Хор:  «Желтоқсан желі»

II. Көркемсөз. «Батыр ескерткішінің алдында»



1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

1-жүргізуші:

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш  еткен Желтоқсан оқиғасы.

 9-оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастап тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ел басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

10-оқушы:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

11-оқушы:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

12-оқушы:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

13-оқушы:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

 14-оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!



15-оқушы:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!.....

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!.....

2-жүргізуші:

Хор: «Қазақстаным менің»

Ән «Алға, қазақ жігіттері»

1-жүргізуші:

Күндік кешпей, мұз кешпей,

Ат артында міңгеспей,

Мұңдық болып мұңаймай.

Тәкапәр нағыз құдайдай

Қасқайып қарап тұратын

Ағасы өлсе іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.

16-оқушы:

(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

2-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтиымның

Қыздары көп, қарағым

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

17-оқушы:

(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

18-жүргізуші:

Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.

 19-оқушы:

(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.

2-жүргізуші:

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

20-оқушы:

(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

1-жүргізуші:   

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

III. Көрініс:      «Қайраттың тұтқындалуы».

2-жүргізуші:

Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.



Миллиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Савицкийді өлтірген сен бе ?

Қайрат:  - Жоқ, мен емес!



Миллиционер: - Сен өлтірген мойныңа ал!

Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!



Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Миллиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.

(Қайратты алып кетеді)

2-жүргізуші: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар. (жай музыка жүріп тұрады)

21-оқушы:    «Түрме жыры»

Тор темір жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,

Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім

Қу тағдыр татырды ғой  түрме дәмін,

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік,

Күніне ұстатады үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп

1-жүргізуші:

Көрініс:     «Қайратты тергеу сәті».

2-жүргізуші:

Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші:      Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат

Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында

                 таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың

Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?

2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің

қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:      Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат:  Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын.

Қайрат:   Хақ. о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім

бар.

(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден бұл құдвайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым,

Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Тергеуші: Сот процесі аяқталды.

1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

2-жүргізуші:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық.

V. Тәуелсіз ел туралы даналық сөздер, мақал-мәтелдер.

Би: «Қаражорға»

1-жүргізуші:

Қазақпын еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын қойнауы- құт, жері дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Астана»

(әсем қала Астана туралы слайдтар жүріп жатады)







VI. Қорытынды

2-жүргізуші:

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған

«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 08.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров182
Номер материала ДВ-043344
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх