Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему"Қазақтың мақал-мәтелдері"

Внеклассное мероприятие на тему"Қазақтың мақал-мәтелдері"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АУЛА КЛУБЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГККП «ДВОРОВЫЙ КЛУБ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ

АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»




Ашық сабақ



Тақырыбы: «Қазақ мақал – мәтелдер»



Орындаған: Макенова Б.Н.

«Болашак» аула клубы









Қостанай қаласы



.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ мақал – мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:
1) Балалардың мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;
2) Балалардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіру;
3) ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, іздендіру, ой қорғау, ассосация, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақтың мақал - мәтелдері», «7777 мақал мен мәтелдер» кітаптары, үлестірмелі кеспелер, Абайдың нақыл сөздері.
Пән аралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану пәні


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Балаларымен сәлемдесу;
2) Балалардың сабаққа қатысын тексеру;
3) Балалардың зейіндерін сабаққа аудару.
Балаларды ІІ топқа бөлу:
І топ Алғырлар
ІІ топ Білгірлер

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Ой қозғау
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
- Балалар, мына берілген сөздер тобын не дейміз?
- Ендеше балалар, мақал мен мәтелдің не екенін еске түсірейікші

І – топ; ІІ - топ
Тұрақты тіркестер сияқты мақал - мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал - мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал - мәтелдер де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді

Мақал - тәрбиелік мәні бар, ақыл - нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Осылайша мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, бірінші бөлімде шарт немесе себеп - салдары, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.
Мәтел - ой - пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.
Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді
Мақал - мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтеді әрі ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
Мақал
Ұқсастығы
Мәтел

Тақтада бір топ суреттер ілінген. Сабақта жақсы бағаға ие болып, мақсатымызға жету үшін алдағы бір топ кедергілерден аман өту керек. Жолдағы кедергілер:
Терең ор, көл, өзен, ну орман, тау.

1) «Терең ор» кедергісінің тапсырмасы:
2) «Көл» кедергісінің тапсырмасы:

І топ ------------------------------------------ ІІ топ
Мәтелдерді теріп жазу ----------------- Мақалдарды теріп жазу

4) «Ну орман» кедергісінің тапсырмасы:

5) «Тау» кедергісінің тапсырмасы:


1) Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
2) Отан үшін отқа түс - күймейсің.
3) Еңкейгенге еңкей -
Басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға шалқай -
Төбең көкке жеткенше.
4) Отбасы толған жансың,
Бір - біріңе мейман жансың.
5) Үлкенді сыйласаң - қадірлі боласың,
Кішіні сыйласаң - құрметті боласың.
6) Ағасы бардың - жағасы бар,
Інісі бардың - тынысы бар.

VІ. Жаңа сабақты бекіту
«Шаттық шеңберін» құрып бір - бірімізге тілек тілейік.
1. мақал дегеніміз не?
2. Мәтел дегеніміз не?
3. Айырмашылығын атаңдар?

VІІ. Сабақты қорыту
Ұнатқан мақал – мәтелдерді жазып келу



































 








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров87
Номер материала ДВ-349017
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх