Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие "Наурыз - жыл басы".

Внеклассное мероприятие "Наурыз - жыл басы".

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Наурыз-жыл басы!

Мақсаты:

1. Қазақ халқының ежелден қалыптасып, атадан-балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру;

2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой-қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту;

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: “Наурыз-құт береке”, “Наурыз-молшылық” плакаттары, суреттер.

Кезеңдері:

I.Ұйымдастыру.

II.Кіріспе

III.Негізгі бөлім

1) Наурыздың қысқаша тарихы

2) «Наурыз» туралы өлеңдер

3) «Күн мен түн»көрінісі.

4) «Қара жорға »биі

5) Салт-дәстүр (тұсаукесер)

6) Хор :«Егемен ел-Қазақстан»

7) Ұлдар биі

8) «Сөздің көркі-мақал»көрінісі

9) Ән:«Наурыз-Думан»

10) Бата

IV.Қорытынды

1)Наурыз-тілек


Кезеңдері

Өту барысы

1.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіздер ме,балалар!

  • Бүгінгі тәрбие сағатына дайынсыңдар ма?

2.

Кіріспе

  • Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін ең алдымен тақтадағы шеңберге назар аударып, сағаттың тілі бойынша екі әріпті артқа тастап, әріптерді біріктірсек, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы шығады:Наурыз-жыл басы.

3.

Негізгі бөлім.

  • Наурыздың қысқаша тарихымен таныстырып өту. Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын, бірақ тарихқа сүйенетін болсақ 1924жылдан бері елімізде Наурыз мерекесі тойлануда. Бұл күні күн мен түннің теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді “Ұлыстың Ұлы күні”деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің “Нау”-жаңа,“руз”-күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде Наурыз сөзі

1) жыл басына байланысты думанды, халықтық мейрам .

2) наурыз айы

3)наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

1-оқушы:

Сәнді көктем-Наурыз!

Наурыз тойы –жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсың күн мен ай

Құтты болсын Наурыз!



2-оқушы:

Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасың,

Халқымыз той-думаннан жалықпасын.

Жер жүзі бейбітшілік заман болып,

Ұрпақтар әрқашанда аман болсын!



3-оқушы:

Наурыз тойы-көңіл тойы,көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы

Биыл да былтыргыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт,байлық ,бақ көбейсін.



4-оқушы:

Наурыз тойы-құтты болсын ағаларға,

Наурыз тойы –құтты болсын аналарға,

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи ,

Наурыз тойы- құтты болсын баршамызға!



Күн мен Түн ” көрінісі:

Күн:Сәулесі мол күнмін.

Түн:Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі:Бірдей болып біздер,теңелеміз бүгін.

Түн:Ал ертең күн ұзақ.

Күн:Түн қысқарар бірақ

Екеуі:Ұйқы қаңбай қалып ,жүрмеңдер тек жылап.



5-оқушы:

Бүгін күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа көгереді.

Соңы тойлап ел енді,

Қуанышқа кеңеледі.



6-оқушы:

Мың бұрала халқымыз биге басып,

Келеді міне ортаға шалқып-тасып,

Қара жорға” сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.



Би :“Қара жорға”



Салт-дәстүр:Тұсаукесер.



7-оқушы:

Бала қаз тұрып жүре бастағанда, ауылдың әжелері мен қыз-келіншектері жиналып, той жасайды. Баланың аяғына байланған ала жіпті қайшымен кесіп жатып, өлең шумақтарын айтады.



8-оқушы:

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауынды кесейін

Қаз-қаз, балам, қаз, балам

Тақымыңды жаз, балам

Қадамына қарайық,

Басқаныңды санайық.

  • Ал ,балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Арқан тартыс”ойыны.

9-оқушы:

Күмбірлеп ән төгілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім қондырар ән

Шымырлап шыққан кезде шырқауменен

Естігеннің тұла бойы балбыраған,

Ел алдында өнерменен келгесін,

Екі шекті домбырамыз өрлесің

Халқымыздың қастерлеген қашанда,

Термешіміз айтып берсін термесін.



Ән “Әке туралы жыр”

10-оқушы:

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Шашу шашты ырыс-бақ дарысын деп .

Уа, халайық теріп ал несібенді,

Халқымның қабыл болсын ниеті деп.

(Шашу шашылады)

Қазақ баласы”музыкалық көрсетілім

1-ұл:Егістей жүрген ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас ,

Елжіреп алған ауруға

Екі дүниеде ем қоңбас

Ананың сүті ақ екен

Атадан бала кем болмас

Тебініп атқа міңседе

Тектігі теңтек кем болмас.



2-ұл: Қазанға түспей ас болмас

Қарекет қылған аш қалмас

Қазақтың қара баласы

Біріне-бірі қас болмас

Қазақтың қара баласы

Біріне-бірі қас болса

Күндердің –күні туғанда

Жат болудан жасқаңбас.



3-ұл: Өзіңе –өзің жаудайсың

Бітпейтін істі даулайсың

Көгінде жатқан жайлатып

Төсекте жатып аунайсын

Қалжынмен орақ орасын

Тіліңмен оны баулайсың

Атымтай сенің ненді алған

Қожанасырдан аумайсын.



4-ұл:Сары ала қамыс сары қамыс

Саясы кімге алданыш

Самырсын қанат сары бала

Самұрық көкке самғап ұш

Жақынның бәрі жарамсақ

Алыстың бәрі арбағыш

Балаға бағбан болса игі

Бабадан қалған ар-намыс.



5-ұл:Асуда асу бел қайда

Аса бір соққан жел қайда

Еңіреп туған ел үшін

Едіге сынды ер қайда?

Егістей малды мың қырған

Ежелгі қоныс жер қайда?

Еншесі бөлек ерұлан

Еңсесі биік ел қайда?



6-ұл:Атадан қалған көз қайда

Абыздан қалған сөз қайда

Алауыз болса арасы

Ағайын тасып тозбайма

Барға да жоққа бар қадір

Баяғы бекзат без қайда

Кенеуі кеткен тіршілік

Кеуденің шерін қозғайма.



7-ұл:Бақсының көзі балбалтас

Басына байыз қонбайма

Қара шал тіккен караша үй

Қараусыз бір күн қалмайма

Отқада түскен қызыл тіл

Шоққа да піскен қызыл тіл

Бекерден бекер құдай-ау

Заманнның зары толғайма.



8-ұл:Аспанның бәрі алағат

Алланың нұры ғаламат

Келген бір күнге салауат

Көрген бір күнге қанағат

Жаманнан туар жалмауыз

Жақсыға құмар жамағат

Қанымнан қалған қағанат



11-оқушы:

Сөздің көркі-мақал”деген ұғым бар, келесі кезекті көрініске берейік:



12-оқушы:

Ассаламағалейкум, қарсыласым“Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді”, сәлем беруге келдім.



13-оқушы:

Амансың ба, достым? “Қуыс үйден, құр шықпа”тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.



12-оқушы:

Сыйлап берген су сатып алған балдан артық” деген жайғассақ ,жайғасайық.



13-оқушы:

Сыйға сый,сыраға бал”демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.



12-оқушы:

Аз да бітер,көп те бітер,татулыққа не жетер”татулық пен ауыз бірлікке не жетсін!



13-оқушы:

Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар”деген ғой, о не дегеніңіз?



12-оқушы:

Бірлік түбі-тірлік”деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.



13-оқушы:

Биік төбеге шықсаң көзің ашылады,жақсымен сөйлессең көңілің ашылады”,көңіліміз марқайып қалды ғой.



12-оқушы:

Әңгіме, әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер”, қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.



13-оқушы:

Тау,тауға қосылмас,адам адамға қосылар”әлі кездесерміз ,сау бол!

Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен –ақ көз жеткізген боларсыздар.

14-оқушы :Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең ,меңше сүй –деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз

Ән:Наурыз-Думан.

15-оқушы :

Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер демекші Наурыз тойына Қыдыр ата келіпті(ата батасын береді)

Үлкені мен жасыңа

Береке берсін басыңа

Наурызға ”келген халайық

Жамбылдың жетсің жасыңа

Ырыс, дәулет мол болсын

Жылда осындай той болсын,

Ал қанекей жол болсын

Дәулетті бас берсін

Бақытты жас берсін

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлың оңға қонсың

Қызың қырға қонсың

Қыруар малың өріске толсын

Дәулетіңді асырсың

Дұшпаның басылсың

Ұлы өмірдің өзіңдей

Жайнай берсің жасымыз

Енді қайғы көрмесің

Ақ қыраулы басымыз

Барлық халық тең болсын

Бір-бірімен қауышқан

Дос –туысқан ел болсын !

Менің берген ұлы батам,

Ұлыс күнге сақталып жүрген жыр болсын!Аумин!


4.

Қорытынды

  • Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Жылы жақтан кұстар ұшып келеді. Наурыз қазақтар үшін жаңа жыл болып саналады,жаңа жыл жаңа табыс әкелсін деп жатады. Бәлкім сендердің де арман- тілектерін бар шығар. Қазір барлығымыз алдарыңызда берілген парақшаларға Наурыз-тілек жазамыз, ең бірінші әке-шешелеріңе, бауырларыңа, туысқандарыңа, сыныптастарыңа арнаған тілектеріңді жолдауға болады.

  • Жазып болсаңдар оларды хат-қоржынына салып кояйық .

Ой қосылсын ойына,

Бой қосылсын бойына .

Аман есен жетейік ,

Келесі Наурыз тойына.

  • Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!







Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров86
Номер материала ДВ-380787
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх