Инфоурок / Другое / Конспекты / Внеклассное мероприятие по казахскому языку "Мақта қыз бен мысық"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Внеклассное мероприятие по казахскому языку "Мақта қыз бен мысық"

библиотека
материалов

Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық ертегісінің» қойылымы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.

Дамытушылық: Сауатты сөйлеу дағдысын жетілдіріп дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды еңбекке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.


Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Біз сіздерге Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап көрсеткіміз келеді. Бұл ертегі балаларды да, үлкендерді де достыққа, тату-тәтті өмір сүруге, бірлестікке шақырады және баулиды. Оған қазір көздеріңіз жетеді.

Залда «Ертегілер» өлеңінен үзінді орындалады. Орындайтын Веденяпина Елена.


Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз (Мысығын шақырады)

- Мияуым менің, қайдасың?

- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)

Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қызВенера

Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш - піш десем, келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой. Мысық «Мяу»! дейді

E:\сказки\IMG_9683.JPG

Мысық- Кирилл:

Менің атым мысық,

Екі көзім қысық.

Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Айтпаймын!

Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды!

Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Мұғалім: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

E:\сказки\IMG_9685.JPG

Сиыр - Олег:

Менің атым сиыр,

Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!

Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Мұғалім: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.


E:\сказки\IMG_9691.JPG

Ағаш - Аня:

Мен жасыл ағашпын,

Күтсеңдер гүл ашам,

Жолыңа нұр шашам,

Жапырағым азық,

Бұтағым қазық.

Саяма сағаларсың,

Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

Мұғалім: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

E:\сказки\IMG_9696.JPG

Қыздар: Надя мен Карина

Су - тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі,

Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Мұғалім: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

E:\сказки\IMG_9699.JPG

Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші - Витя: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.

Мұғалім: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.


E:\сказки\IMG_9704.JPG

Тауық - Алина:

Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын.

Күніне бір жұмыртқа табам,

Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.


Мұғалім: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.

Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

E:\сказки\IMG_9708.JPG

ТышқанАндрей

Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

Мысық: - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.

Мысық « Қошақаным» әнін айтып береді.

Мұғалім: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды

мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,

сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.

Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.

E:\сказки\IMG_9717.JPG

Мұғалім: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.


Барлығы бірге: Дос болайық бәріміз,

Ортақ болсын әніміз!


Балаларға ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-454249

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"