Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Внеклассное мероприятие по ПДД
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Внеклассное мероприятие по ПДД

библиотека
материалов

«Жол ережесін білу-өмір талабы»

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

Мақсаты:1. Оқушыларға жол ережесін білу ,оны сақтауға, бағдаршамның, жол

белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

2. Жол ережесін есте сақтау қабілетін қалыптастыру, түсінігін

кеңейту,білімді іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

3.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілері, жолда жүру ережесіне арналған суреттер, жергілікті жердің сұлбасының шартты белгілері.

ЖЖЕ қатысты мультфильмдермен, сайыс кезеңдеріне қатысты слайд.

Құралдар:жол жүру белгілері, жиек жол, ала жол жасалынған төсеніш, бағдаршам.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Жүру барысы:

І. Кіріспе. ЖЖЕ қатысты кинодан үзінді.Тақырыбы «Жол әліппесі»

-Қалай ойлайсыңдар,сабағымыз не туралы болмақ?

(оқушы жауаптары)

Мұғалім:-Балалар, сендер мектеп табалдырығын аттағалы «Білім әліппесінің» есігін аштыңдар. «Әліппе» сендерге әріпті танытты, қазір соның арқасында сауатты жаза аламыз.Алған білімімізге қарай баға аламыз. Кейде сабаққа дайын болмаған кездері «екілік» бағасын да алып жатамыз. Ал, «жол әліппесі»-жолда жүру сабағында ондай баға алуға мүлде болмайды. Неге?

Себебі:көшеде қателікті кешірмейді. Жолда жүруден қателік жіберсең, өмірмен қоштасуың мүмкін.

Ендеше, жас достар, бүгінгі «Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік!» сыныптан тыс іс-шарамызды бастайық.

Музыка әуенімен ортаға топ мүшелері шығып, өздерін таныстырады.

І- топ «Жол серіктері»

Ұраны: Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз»

ІІ-топ «Бағдаршам»

Ұраны: Қызыл,сары,жасылмыз.

Сақтаймыз оны бәріміз

ІІІ топ «Жас жүргіншілер»

Ұраны:Жолда жүру ережесін сақтаймыз,

Әр қадамды уайымсыз аттаймыз.

Музыка.....

Адия: Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!


Шынайым: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсын сәлемменен!


Нүрәли: Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол-ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.


Нүртілеу: Тротуар- жүрер жолы жаяудың,желаяқтың,

Желаяқтың, жайбасардың,баяудың.

Машинаның жолы-көше ортасы,

Соны ұмытып кете көрме ,аяулым.


Нұрай: Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус ,трамвай,

Автобуспен жүреміз.


Нұрикамал: Көлік,көлік,көлік

Көліктерге мінеміз

Көшелермен жолдармен

Күнде тынбай жүреміз


Бекзат: Тап болмасын қасірет,

Күдер үзіп жалағннан.

Көшені тек кесіп өт

Бағдаршамы бар маңнан.


Арина:Құтты боп әр қадамың

Күлсін десең күнің әр-

Әліппесін жолдың

Ә,дегеннен біліп ал!


Думан: Егер бола қоймаса

Ешбір белгі бұрышта,

Ересекпен қолдаса,

Еріп өткен дұрыс та.


Камилла: Зердеңе сен құйып ал.

Зыр жүгірмей дәл бас та.

Зерек болсаң миы бар,

Зор көлікке жармаспа.


Шынайым: ( қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш,бұл белгілердің іші бос болу керек)

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді

Жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні

Сақтаған, қолдаған!

Үшбұрышты қызыл бояу- мен көрінсем абайла!


Ұлдана: Тыйым салу белгісі.( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)

Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.


Камилла: Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!


Адия: Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)


Баратын жеріңнің бағытын , тұратын,

Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.


Айтолқын:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау саламат жүреміз.

Бәрі: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

Музыка...

ІІ. Көрініс: (Осы кезде велосипед қоңырауы естіледі, велосипедпен бала келеді тежегішті басып, тоқтай қалады.Жол ортасында бір бала ролик теуіп жүреді. Екеуі достар, амандасады.)

  • Кел, екеуміз мына кең жолда жарысайық.

(Осы кезде ысқырып екеуін жол инспекторы тоқтатады)

Жасинспектор: - Сендер неге жол ережесін бұзасыңдар?

-Атың кім өзіңнің?

-Менің атым – Зуылбек. Велосипедпен ылғи зуылдап жүремін.Сосын балалар мені осылай атап кеткен.Ал, мынау менің досым. Оның аты- Үндемес. Оны сөйлету қиын.

Жасинспектор: - Балалар, жол бойында сендерге ойнауға, велосипед, ролик тебуге болмайды.

Зуылбек: (таң қалып) Болмайды? Тапқан екенсіңдер! Зуылбектің велосипедінің жүрмейтін жері жоқ, білдіңдер ме? Мен үшін көше де, саяжай, арық, аула, бақ, гүлзарлар да бәрі ашық. Әлгі ... сендерше айтқанда , қалай еді? «Зеленый свет», «Жасыл жарық».


Жасинспектор: (күліп) Зуылбек-ау, мысалы бұл да саған керек белгі. Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше, алдыңда « Шлагбаумы бар, темір жол бар»- деген сөз. Ұқтың ба?

Сендер жол ережесін білмейтін сияқтысыңдар. Бағдаршамға қараңдар, біз сендерге үйретеміз.

Музыка... Инспектор ысқырады.


Жас инспектор: Бар көшеде қырағы,

Ұлдана:Үш көзді дәу тұрады,

Гүлназ:Ашса кезек үш көзін,

Камилла: Айтты деп біл үш сөзін

Айдана:-Тоқта!

-Сақтан!

-Жол ашық!


Ұлдана:Жүрме жолға таласып.

Гүлназ:Қызыл көзін ашқанда,

Бәрі: (қимылмен) Сабыр сақта баспа алға

Камилла:Сары көзін ашқанда

Бәрі:Қарап қалма аспанға.

Айдана: Жасыл көзін ашқанда,

Бәрі:Жүре бергін, жасқанба!

Жас инспектор: -Зуылбек, сен үшін қайталаймын.

Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды – дайындал

Айналаңа қарап ал.

Жасыл жанды – тыңдағын

Жолың ашық, тұрмағын.


Жас инспектор:Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.

ІІІ. Негізгі бөлім. Сайыс.

Сайыс кезеңдермен таныстыру:

1.Сұрақ-жауап

2.Үй тапсырмасы

3. «Белгілер сөйлейді»

4. «Көшеден өт» ойыны

5. «Автомульти» сайысы

6. Аялда

7. Қорытынды

1.Сұрақ – жауап. Викториналық сұрақтар.

Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік. Ереже: кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді және сол сайыскер бағдаршам көздеріндей түсті дөңгелекшелерден ұпай жинайтын болады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

- Жолаушылар дегеніміз кімдер?

- Көше тәртібін не басқарады?

-Жолда жүру ережесі дегеніміз не?

- Бағдаршам дегеніміз не?

ағдаршам сигналдары қалай орналасқан?

-Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?

-«Жиекжол» (тротуар) деген не?

-Жиекжол жоқ жерде қалай өту керек?

-Жиекжолда қалай жүру керек?

- Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?

-Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?

-Көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?

-Көлік жолдың қай жағымен қозғалады?

-Көлік жүргізетін адам?

- Бағдаршамның қандай жарығы жанғанда жүруге рұқсат етіледі?

-Бағдаршамның жарығының түстері қалай орналасқан?

-Қала сыртындағы жол?

-Трамвайдың қай жағынан өту керек?

-Реттеуші көлік қозғалысын ненің көмегімен басқарады?

-Реттеуші мен бағдаршам қатар тұрғанда кімді тыңдау керек?

-Шана мен шаңғыны қай жерде тебуге болады?

-Жол белгілерінің неше тобы болады?

-Сурет деген не?

Жол белгілерінен басқа тағы қандай белгілерді білесіңдер? (оқулықтағы шартты белгілер, жергілікті жердің сұлбасының шартты белгілері)

-Сұлба дегеніміз не?

-Кім өзінің «Үйден мектепке келер жол» сұлбасымен таныстырады?

«Мектепке келер жол» сұлбасымен әр топтан бір адам шығып, жұмысын таныстырады.

2. Үй тапсырмасы

Мұғалім: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді ір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.

«Жол серіктері» тобы:

Нұртілеу: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

Зарина: Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын Джон Пик Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондонда алғаш рет бағдаршам орнатты.

Диас: Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

Сұлтан: Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

«Бағдаршам » тобы:

Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды.

Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл.

1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

«Бағдаршам» сөзі екі түбірден тұрады. «Бағдар»- грек сөзінен аударғанда «беруші», ал «шам»- ол баршамыза түсінікті сөз, жарық. Екеуін қосып оқысаңыз «жарық беруші» деген мағынаны білдіреді. Бағдаршам шынымен де өзінің үш түсті жарығын адал беріп жүр: Қызыл түсті жарық,сары түсті жарық, жасыл түсті жарық.

«Жас жүргіншілер» тобы:

Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.

Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған.

Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

3. « Белгілер» сөйлейді.

Мұғалім әр топқа 6 белгі таратады. 3 жолда жүру белгілері,3 жергілікті жердің сұлбасына қатысты белгілер.Топ мүшелері әр белгі туралы нақты ақпарат беріп, әр белгіні өзіне тиесілі ұяшығына орналастыру қажет.

4. «Көшеден өт» ойыны.

5.«Автомульти» сайысы.

Топ мүшелері м\ф кейіпкерлерінің көлік қозғалысын еске түсіруі керек.

-Леопольдтың ұнататын екі аяқты көлігі? (велосипед)

-Ертегідегі қазақ батырларының көлігі? (тұлпар)

-Мейірімді сиқыршы Золушка үшін асқабақты қандай көлік түріне айналдырды?(күйме)

-Мыстан-кемпірдің жеке көлігі? (үйшік)

-Кай неде сырғанады? (шана)

-Почташы Печкиннің сыйлыққа алған көлігі? (велосипед)

6. Топтық жұмыс.

1- тапсырма

І топ.Суретке қарап жол белгілерін орналастыру.

ІІ топ.Көліктерді топтастыру.Әр топтағы көліктер не үшін керек екенін айту.

1 – жеңіл көлік

2-қоғамдық

3-жүк көліктерінің топ.

Қай жерде ойнауға болады, қай жерде ойнауға болмайтынын белгілеу.ІІІ топ. Реттеушінің сигналдары бағдаршамның қандай түсімен сәйкес келетінін бояу.

2-тапсырма«Лабиринт» Жол ережесін бұзбай мектепке бару.

7.Қорытынды.

«Үздік жүргіншілерді» анықтау. Марапаттау.

Мұғалім:- Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Барлығы: Жол тәртібін білейік

Аман есен жүрейік!

Ән «Бағдаршам» 

Өткізген: Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Адиева Камшат Қуанғанқызы.






















































Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров107
Номер материала ДВ-496606
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх